Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 2, 20-құжат):
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін пайдалы қазбалардың қорлар түрі мен көлемінің тізбесіне сәйкес кең таралған пайда" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілген метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кен таралған пайдалы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Ертіс", "Оңтүстік" және "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 320 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 144-құжат);
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін пайдалы қазбалар түрлерінің және қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілген метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Каспий, "Тобыл" және "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі N 407 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 33, 360-құжат):
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін пайдалы қазбалардың түрлерінің және қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілген метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев