Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 24 қазандағы N 427 Жарлығы

Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында жариялануға тиіс   

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 11, 120-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Шөкеев                         - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы                 Министрінің орынбасары,

Оразбақов                      - Қазақстан Республикасының
Ғалым Ізбасарұлы                 Индустрия және сауда министрі,

Сұлтанов                       - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы                Экономика және бюджеттік жоспарлау
                                 министрі,

Бозымбаев                      - "Самұрық" мемлекеттік активтерді
Қанат Алдабергенұлы              басқару жөніндегі қазақстандық
                                 холдингі" акционерлік қоғамының
                                 басқарма төрағасы";

      көрсетілген комиссияның құрамынан А.Е.Мусин, С.М.Мыңбаев шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады