Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 09.04.2014 № 791 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.»"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі N 1560 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 17, 199-құжат; 2006 ж., N 18, 166-құжат; 2007 ж., N 13, 145-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Бозымбаев - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Қанат Алдабергенұлы жөніндегі қазақстандық холдингі"
акционерлік қоғамы басқармасының
төрағасы (келісім бойынша),
Қожасбай - Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының
Ерлан Сәдуақасұлы президенті (келісім бойынша),
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі,
Сапарбаев - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Бердібек Машбекұлы халықты әлеуметтік қорғау министрі,
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы Министрінің орынбасары;
"Перуашев - "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері мен
Азат Тұрлыбекұлы жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы"
заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының
төрағасы (келісім бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Перуашев - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім
бойынша)";
көрсетілген Кеңес құрамынан Г.Ж.Қарағұсова, А.Е.Мусин, С.М.Мыңбаев шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті