Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 449 Жарлығы

 Қазақстан Республикасының Президенті 
мен Үкіметінің актілер жинағында   
жариялануы тиіс          

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 254-құжат; 2007 ж., N 11, 119-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      19-тармақтағы "шартты-мерзімінен бұрын босатылған," және ", сондай-ақ жазасын өтеген адамның" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "19-1. Шартты-мерзімнен бұрын босатылған адамдардың кешірім жасау туралы өтініштері Қазақстан Республикасының Президентіне тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары арқылы жіберіледі.
      19-2. Сот тағайындаған жазаны өтеген адамдарға кешірім жасау туралы өтініштерді Қазақстан Республикасы Президентінің атына олар өз бетінше жібереді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "26. Кешірім жасау туралы өтінішке қоса берілген және түзеу мекемелері, ішкі істер органдары арқылы жіберілген материалдарды тиісінше осы мекемелердің әкімшілігі (қолбасшылығы), тиісті ішкі істер органдарының басшылығы куәландырады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Шәкіров                 - Қазақстан Республикасындағы Адам
Асқар Оразалыұлы          құқықтары жөніндегі уәкіл;

      мына жолдар:
"Байқадамов             - Қазақстан Республикасындағы Адам
Болат Кенжекешұлы         құқықтары жөніндегі уәкіл",

"Самақова               - Қазақстан Республикасы Президентінің
Айткүл Байғазықызы        кеңесшісі - Қазақстан Республикасы
                          Президентінің жанындағы Отбасы істері
                          және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық
                          комиссияның төрайымы"

      тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Байқадамов             - Қазақстан Республикасы Президентінің
Болат Кенжекешұлы         жанындағы Отбасы істері және гендерлік
                          саясат жөніндегі ұлттық комиссия
                          Хатшылығының меңгерушісі",

"Самақова               - Қазақстан Республикасы Парламенті
Айткүл Байғазықызы        Мәжілісінің депутаты";

      көрсетілген Комиссия құрамынан С.П.Нұғыманов шығарылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303  өкіміне  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 44-құжат; N 39, 396-құжат; 2003 ж., N 18, 180-құжат; 2004 ж., N 4, 50-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 44, 578-құжат; 2006 ж., N 7, 51-құжат; 2007 ж., N 5, 62-құжат; N 26, 299-құжат):
      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Шәкіров                 - Қазақстан Республикасындағы Адам
Асқар Оразұлы             құқықтары жөніндегі уәкіл;

      көрсетілген Комиссия құрамынан Б.К.Байқадамов шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады