Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 555 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілдедегі  Заңына  сәйкес  қаулы етемін:

      1. Әлемдік мәдениет пен халықтар арасындағы достыққа деген құрмет сезімін қалыптастыратын терең публицистикалық шығармалары үшін, сондай-ақ дүниежүзілік музыкалық өнерді дамытуға қосқан аса көрнекті үлесі, жалпыадамзаттық руханият, бейбітшілік, гуманизм құндылықтарына негізделген белсенді әртістік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2008 жылғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы халық әртісі Айман Қожабекқызы Мұсақожаеваға берілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының                     Н.Назарбаев
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады