Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2007 жылғы есепті бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 8 шілдедегі N 630 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2007 жылғы есеп бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылғы 25 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2007 жылғы есеп пен сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын және мәлімет үшін оның Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2008 жылғы 8 шілдедегі
N 630 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы
мен пайдаланылуы туралы 2007 жылғы
ЕСЕП

Астана, 2008 жыл

Мазмұны

1-бөлім . Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оны пайдалану туралы 2007 жылғы есеп
2-бөлім . Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы 2007 жылғы есеп
3-бөлім . Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі 2007 жылғы өзге де деректер

1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
түсімдері және оны пайдалану туралы 2007 жылғы есеп

р/сN Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы Сомасы
(мың теңге)

1.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорыны ң есепті кезе ңн ің басындағы қаражаты

1 853 398 392*

2.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына
түсімдер:

1 139 270 342

  оның ішінде:


  мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда)

1 037 094 009

  оның ішінде:


  корпоративтік табыс салығы

693 042 316

  үстеме пайдаға салынатын салық

116 739 184

  бонустар

10 965 412

  роялтилер

171 238 124

  өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі

44 496 821

  экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы

610 925

  өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі

1 227

  мұнай секторы кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын түсімдерді қоспағанда)

848 186

  оның ішінде:


  орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы кәсіпорындарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімақылар, санкциялар

847 913

  республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы кәсіпорындарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімақылар, санкциялар, өндіріп алулар

273

  республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер

90

  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер

5 407 073

  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер

95 920 984

Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер

0

3.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының пайдаланылуы:

259 317 396

  оның ішінде:


  кепілдік берілген трансферттер

258 000 000

  нысаналы трансферттер

0

  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару мен жыл сайынғы сыртқы аудитті өткізуге байланысты шығыстарды жабу

1 317 396

4.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті кезеңнің аяғындағы қаражаты:

2 733 351 338**

      * 2007 жылдың басындағы сальдо 1457225 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 51 мың теңге айырма мен "Эрнст Янг" ЖШС-ның сыртқы аудиторы жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын есепке алмай көрсетілген;
      ** 2007 жылдың аяғындағы сальдо 2463379 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 51 мың теңге айырма мен "Эрнст Янг" ЖШС-ның сыртқы аудиторы жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын есепке алмай көрсетілген;
      2007 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 1853398392 мың теңгені (1851941116 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есепке алу тәсілімен) құрады, 2007 жылғы 31 желтоқсанға 2733351338 мың теңгені (2730887908 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есепке алу тәсілімен) құрады.
      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер енгізуге байланысты ("Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 29 маусымдағы N 269 Заңы ), оларға сәйкес мұнай операцияларын жүзеге асыратын барлық кәсіпорындардан тікелей салықтардың түсімі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алуға жатады, 2007 жылғы 1 шілдеден бастап мұнай секторы кәсіпорындарының саны артты (55 кәсіпорыннан 157 кәсіпорынға дейін).
      2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 1139270342 мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан тікелей салықтардың түсімі есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) - 1037094009 мың теңге, оның 346150165 мың теңгесі (2833577 мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау/қайта
айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетел валютасындағы түсімдер, мұнай секторы кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын түсімдерді қоспағанда) - 848186 мың теңге, республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер - 90 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер - 5407073 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер - 95920984 мың теңге.

Мұнай секторы кәсіпорындарынан 2007 жылы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
түскен түсімдердің құрылымы

Салық төлемдерінің түрі Сомасы
(мың теңге)
Жалпы көлемде үлесі,
(%)
1 2 3

Корпоративтік табыс салығы, оның ішінде:

693 042 316

66,77

КТС 101105*

611 235 162

58,89

КТС 101106*

13 911 682

1,34

КТС 101107*

67 895 472

6,54

Үстеме пайдаға салынатын салық

116 739 184

11,25

Бонустар

10 965 412

1,05

Роялтилер

171 238 124

16,50

Өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі

44 496 821

4,29

Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы

610 925

0,06

Өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі

1 227

0

Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы кәсіпорындарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімақылар, санкциялар, өндіріп алулар

847 913

0,08

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы кәсіпорындарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімақылар, санкциялар, өндіріп алулар

273

0

Барлығы:

1 037 942 195

100,00

Ескертпе:
      * КТС 101105 - заңды тұлғалар - мұнай секторы кәсіпорындарынан алынатын корпоративтік табыс салығы;
      КТС 101106 - мұнай секторы кәсіпорындары резидент-заңды тұлғалардан төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы;
      КТС 101107 - мұнай секторы кәсіпорындары резидент емес-заңды тұлғалардан төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерде негізгі бөлігін (66,77%) заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, одан соң үлесі түсімдердің жалпы сомасының 16,5 %-ін құрайтын роялти алады. Үстеме пайдаға салынатын салық түсімдердің жалпы сомасының 11,25 %-ін құрайды және өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі түсімдердің жалпы сомасының 4,29 %-ін құрады.
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007 - 2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 301715681 мың теңгенің 258000000 мың теңгесі аударылды, ол жоспардың 85,5 %-ін құрайды.

2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің қызметі туралы 2007 жылғы есеп

      "КПМГ Аудит" ЖШС жүргізген Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік шынайы деп танылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін көрсетеді.

                                                           1-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің теңгерімі (мың теңге)

Баптың атауы 2007 жылы 2006 жылы
1 2 3

Активтер:



Ақша және оның баламалары

272 866 927

106 593 302

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін қаржы құралдары

2 458 210 937

1 758 014 313

Туынды қаржы құралдары

948 566

4 144 085

Дебиторлық берешек

2 566 498

3 038 507

Активтердің барлығы

2 734 592 928

1 871 790 207

Міндеттемелер мен таза активтер



Туынды қаржы құралдары

1 057 676

2 761 288

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

2 647 344

17 087 803

Міндеттемелердің барлы ғ ы

3 705 020

19 849 091

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер

2 730 887 908

1 851 941 116

      2007 жылғы 31 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кредиторлық берешегінің және есептелген шығыстарының жалпы сомасы 2647344 мың теңгені құрады, одан:
      инвестициялық операциялар бойынша шетелдік валютадағы кредиторлық берешек - 183965 мың теңге;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына көрсетілген қызметтер үшін теңгемен кредиторлық берешек - 2463379 мың теңге, оның ішінде:
      активтерді басқарғаны үшін комиссия - 2313169 мың теңге, оның ішінде:
      2145345 мың теңге - сыртқы басқарушылардың қызметтері;
      167824 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиясы;
      басқа есептелген шығыстар - 150210 мың теңге, оның ішінде:
      134391 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы кастодианы "ABN AMRO Mellon Global Securities Servises" қызметтері үшін;
      14820 мың теңге - аудиторлық қызметтер үшін;
      999 мың теңге - "МакГуайерВудс Қазақстан" ЖШС заң кеңесшісінің қызметтері үшін.
      2007 жылғы 31 желтоқсанға инвестициялық операциялар бойынша шетелдік валютадағы дебиторлық берешекті білдіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры дебиторлық берешегінің жалпы сомасы 2566498 мың теңгені құрады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша 2007 жылы есептелген кірістер мен шығыстар бойынша негізгі көрсеткіштер мынаны құрады:

      1) басқару нәтижелері бойынша кірістер - 206000818 мың теңге;

      2) басқарудан шығыстар - 2323550 мың теңге;

      3) теңгемен қайта бағалау (қайта есептеу) жөніндегі айырма - (110079834) мың теңге.
      Осылайша, шығыстарды шегергенге дейін таза активтердің нетто-өсімі 95920984 мың теңгені құрады, шығыстарды шегергеннен кейін таза активтердің нетто-өсімі 93597434 мың теңгені құрады, таза кіріс - 203677268 мың теңгені құрады.
      "ABN AMRO Mellon Global Securities Servises" кастодиан банкінің деректері бойынша 2007 жылғы 1 қаңтар - 2007 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде функционалды (базалық) валюта - АҚШ долларымен есептелген инвестициялық кіріс (жұмсалған және жұмсалмаған) пайда болды, ол 1685273 мың АҚШ долларын құрады. Мәмілелер жасасуға арналған шығындарды ескере отырып түзетілген инвестициялық кіріс "ABN AMRO Mellon Global Securities Servises" кастодиан банкінің деректері бойынша 2007 жылғы 1 қаңтар - 2007 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде 1680953 мың АҚШ долларын құрады.

                                                           2-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің кірістері мен шығыстары туралы есеп
(мың теңге)

Баптарды ң атауы 2007 жылы 2006 жылы
1 2 3

Кірістер



Сыйақы түріндегі кірістер

73 553 658

41 106 540

Дивидендтер түріндегі кірістер

12 152 166

6 512 527

Форвардтық валюталық келісім-шарттарды қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан түсетін кіріс

28 886 584

17 738 988

Форвардтық валюталық келісім-шарттардан түсетін таза кірістер (шығындар)

1 417 922

(12 910 636)

Шетелдік валюталарды қайта бағалаудан түсетін таза кірістер (шығындар)

89 990 488

61 619 693

Кірістердің жиыны

206 000 818

114 067 112

Шығыстар



Активтерді басқарғаны үшін комиссиялар

2 097 832

1 083 937

Кастодиандық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

193 757

170 354

Аудиторлық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

14 820

13 000

Кәсіби қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

999

_

Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық дерек қорды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі шығыстар

16 142

20 136

Шығыстарды ң жиыны

2 323 550

1 287 427

Таза кіріс (шығын)

203 677 268

112 779 685

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқаруға байланысты жалпы сомасы 1317396 мың теңге мынадай шығыстар төленді:
      541699 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін сыртқы басқарушыларға комиссиялық сыйақы, оның 146726 мың теңгесі - 2007 жылғы қызметтер үшін және 394973 мың теңгесі өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      576888 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне комиссиялық сыйақы, оның 506368 мың теңгесі - 2007 жылғы қызметтер үшін және 70520 мың теңгесі өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      156667 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы кастодианы "ABN AMRO Mellon Global Securities Servises" Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қызмет көрсеткені үшін төлем, оның 62327 мың теңгесі - 2007 жылғы қызметтер үшін және 94340 мың теңгесі өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      26000 мың теңге - "КПМГ Жанат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өткен жылдардағы аудиторлық қызметтері үшін төлем;
      7112 мың теңге - "Barra International LTD" компаниясының бағдарламалық өнімін пайдаланғаны үшін төлем;
      7802 мың теңге - "Yield Book" компаниясының қызметтері үшін төлем;
      1228 мың теңге - "Morgan Stanley Capital International" компаниясының ақпараттық қызметтері үшін төлем.

                                                           3-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің ақша қозғалысы туралы есеп
(мың теңге)

Бапты ң атауы 2007 жылы 2006 жылы
1 2 3

Операциялық қызметтен болатын ақша қаражатыны ң қоз ғ алысы



Таза пайда (шығын)

203 677 268

112 779 685

Түзетулер (пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша есептелетін қаржы құралдарынан болатын іске асырылмаған шығын (пайда)

(67 263 469)

(47 389 495)

Операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі операциялық қызметтен болатын ақша қаражатыны ң қозғалысы

136 413 799

65 390 190

Операциялық активтердің азаюы (ұлғаюы):



Туынды қаржы құралдарынан басқа, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша есептелетін қаржы құралдары

(743 012 989)

(697 605 381)

Туынды қаржы құралдары

3 195 519

(1 979 146)

Дебиторлық берешек

472 009

(2 701 558)

Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы (азаюы):



Туынды қаржы құралдары

(1 703 612)

1 339 477

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

(14 440 459)

13 698 673

Ақша қаражатын операциялық қызметте таза пайдалану

(619 075 733)

(621 857 745)

Қаржылық қызметтен болатын ақша қаражатының қозғалысы



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер және басқа да түсімдер

1 043 349 358

699 270 702

Республикалық бюджетке аударымдар және басқа да аударымдар

(258 000 000)

0

Қаржылық қызметтен ақша қаражатының таза түсуі (әкетілуі)

785 349 358

699 270 702

Ақша қаражатының және оның баламаларының таза ұлғаюы/(азаюы)

166 273 625

77 412 957

Жыл басындағы ақша және оның баламалары

106 593 302

29 180 345

Жыл соңындағы ақша және оның баламалары

272 866 927

106 593 302

                                                           4-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза
активтеріндегі өзгерістер туралы есеп

                                                        (мың теңге)


Түсімдер

Алулар

Таза пайда
(шығын)

Валютаны қайта бағалау бойынша резерв

Барлығы

1

2

3

4

5

6

2006 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо

1 036
335 850

(7 509
108)

103 115
778

(53 020
273)

1 078
922 247

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер және басқа да түсімдер

699 270 702




699 270
702

Республикалық бюджетке аударымдар және басқа аударымдар






Валютаны қайта бағалаудың активтердің бастапқы сальдосына әсері




(54 603
451)

(54 603
451)

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) әсері




15 571
933

15 571
933

Таза пайда (шығын)



112 779
685


112 779
685

2006 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо

1 735
606 552
(7 509
108)
215 895
463
(92 051
791)
1 851
941 116

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер және басқа да түсімдер

1 043
349 358




1 043
349 358

Республикалық бюджетке аударымдар және басқа да аударымдар


(258
000 000)



(258
000 000)

Валютаны қайта бағалаудың активтердің бастапқы сальдосына әсері




(97 700
831)

(97 700
831)

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) әсері




(12 379
003)

(12 379
003)

Таза пайда (шығын)



203 677
268


203 677
268

2007 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо

2 778
955 910
(265 509
108)
419 572
731
(202 131
625)
2 730
887 908

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері 2007 жылдың аяғында 2730887908 мың теңгені құрады (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), жылдық өсім 47%-ті құрады. Негізінен активтердің ұлғаюына мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) бойынша түсімдер көлемінің артуы есебінен қол жеткізілді.

3-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқару жөніндегі 2007 жылғы өзге де деректер

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жеткілікті өтімділік деңгейінің сақталуын қамтамасыз ету, тәуекел деңгейінің біркелкілігі жағдайында ұзақ мерзімді перспективада кірістіліктің жоғары деңгейінің ұстап тұру, инвестициялық кірістер алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарына орналастырылады. Осыған байланысты, әлемдік экономика конъюнктурасының өзгеруі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметіне елеулі әсер етеді.
      Халықаралық капитал нарықтары 2007 жылы жоғары тұрақсыздығымен көрінді. Сонымен қатар, халықаралық қор нарықтарына, сол сияқты халықаралық борыштық нарықтарға (тіркелген кірісі бар бағалы қағаздарға) да инвестициялардың кірістілігі қолайлы қалыптасты.
      Инфляцияның өсу қаупі және Ұлыбритания орталық банкі мен Еуропа Орталық Банкінің (ЕОБ) проценттік ставкаларын көтеруі өтеуге қарағанда кірістіліктің өсуін және тиісінше 2007 жылдың бірінші жартысындағы тіркелген кірісі бар бағалы қағаздардың халықаралық нарықтарында бағаның төмендеуін айқындайтын негізгі факторлардың арасында болды. Халықаралық қор нарықтарының екінші жарты жылдықта құлдырауы және инвесторлардың қауіпті активтерден неғұрлым консервативтік активтерге кету ниеті 2007 жылдың қалған кезеңінің ішінде тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар бағасының өсуіне әкеп соқтырды.
      Әлемдік валюта нарығында 2006 жылы басым болған үрдістер 2007 жылы да орын алды. Америка долларының бағамы негізгі әлемдік валюталарға қарағанда төмендеуін жалғастырды.
      2006 жылы кірістілік 8,67% мөлшерін құраса, әлемдік қаржы нарықтарындағы күйзеліске қарамастан, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару нәтижелері бойынша 2007 жылы 9,92% мөлшерінде кірістілік алынды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін бөлу құрылымы мынадай түрге ие болды. 2007 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры валюта қоржынының жалпы нарықтық құны 20985967395 АҚШ долларына, оның ішінде тұрақтандыру қоржыны - 3236774411 АҚШ долларына (15,42%) және жинақтау қоржыны - 17749192984 АҚШ долларына (84,58%) тең болды.
      Бағалы қағаздар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қоржынының құрамына кіретін басқа қаржы құралдарының нарықтық құны Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кастодиан банкі "ABN AMRO Mellon Global Securities Servises" деректеріне негізделеді.

Қор құрылғаннан бергі кірістілігі, АҚШ долларымен

Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
мандат түрі бойынша бөлу құрылымы, %-пен

Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз     

Тұрақтандыру қоржынының активтерін бөлу серпіні

Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз

Жинақтау қоржынының активтерін бөлу серпіні

Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз

      Инвестициялық кіріс Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылған кезеңнен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсан аралығында 3353 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістілігі құрылған кезеңінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсан аралығында 47,8 %-ті құрады, бұл жылдық көрсеткіште 6,11 %-ті құрады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтері мынадай санаттар (инвестициялық қоржын түрлері) бойынша жіктелген:
      тұрақтандыру қоржыны;
      жинақтау қоржыны;
      тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар қоржыны;
      акциялар қоржыны;
      активтерді тактикалық орналастыру қоржыны.
      Инвестициялық стратегияға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің әрбір сыныбы оның негізінде активтердің кірістілігі бағаланатын эталондық қоржынға (индекске) қатысты басқарылады. Эталондық қоржындар (индекстер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асырудың ережесімен айқындалады.
      Есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі толығымен оның дербес басқаруындағы тұрақтандыру қоржынының активтерін ақша нарығы құралдарына әрі АҚШ-тың Қазынашылығы мен агенттіктерінің мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырды.
      Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 6,67 %-ті құрады, осы кезеңдегі эталондық қоржынның кірістілігі (Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index) 5,61 %-ті құрады. Тұрақтандыру қоржынының 2007 жылғы үстеме кірістілігі 1,06 %-ке тең.
      Жинақтау қоржынының кірістілігі 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 9,94 %-ті құрады. Эталондық қоржынның кірістілігі осы кезең ішінде 10,05 %-ті құрады. Жинақтау қоржынының 2007 жылғы үстеме кірістілігі (-)0,11 %-ке тең.
      Сонымен қатар жинақтау қоржынының активтерін басқару нәтижелері барлық мандат түрлері бойынша оң, сол сияқты теріс нәтижелерді де көрсетті. Осылайша, 2007 жылы "Активтерді жаһандық тактикалық бөлу" және "Жаһандық облигациялар" мандат түрлері бойынша активтерді басқару нәтижесінде тиісінше (-)2,53% және (-)0,46 %-ті құраған теріс үстеме кірістілікті көрсетсе, 2,03 %-ті құраған оң үстеме кірістілікке "Жаһандық акциялар" мандат түрі бойынша активтерді басқару нәтижесіне қол жеткізілді.

Мандат түрлері бойынша жинақтау қоржынының кірістілігі

Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз

Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі

Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнінде
2007 жылы өткізілген іс-шаралар туралы қосымша ақпарат

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес мұнай операцияларын жүзеге асыратын барлық кәсіпорындардан тікелей салықтардың түсімі, сондай-ақ басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын түсімдерді қоспағанда), оның ішінде мұнай келісім-шарттарының талаптарын бұзғаны үшін түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын түсімдерді қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алуға жатады. Осылайша, мұнай секторы кәсіпорындарының саны 55-тен 157-ге дейін арттырылды, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің сомасы тиісінше өткен жыл түсімдерінің сомасынан 365828246 мың теңгеге асып түсті.
      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізумен тұрақтандыру қоржынының нарықтық құнынан қойылатын талаптар өзгертілді және Ұлттық қордың активтерін қоржындар арасында беру шарты нақтыланды.
      2007 жылы мынадай нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, қабылданды:
      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 29 маусымдағы N 269 Заңы ;
      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 7-VI Заңы ;
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 66 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 48 қаулысы ;
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 49 қаулысы ;
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қаржылық және өзге есептілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 қазандағы N 126 қаулысы;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау ережесі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру жөнінде жүйелі түрде жұмыс жүргізу щеңберінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылды:
      2007 жылғы 11 қаңтарда Қаржы министрлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қызметінің 2006 жылғы қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өткізілді. Қазақпарат, Kazakhstan Today ақпараттық агенттіктері өткізілген конференция туралы түсініктемелерді осы агенттіктердің ресми Web-сайттарында орналастырды;
      2007 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрайымы "Хабар" телеарнасында "Ұлттық қор - келесі ұрпақтың ақшасы" атты тақырыпқа арналған "Бетпе-бет" бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде бағдарлама жүргізушісі мен телекөрермендердің сұрақтарына жауап берді;
      2007 жылғы 12 қаңтарда "Казахстанская правда" газетінде "Не пропадет казна без нефти" атты тақырыпқа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының сұхбаты жарияланды;
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 7 маусымда өткізілген алғашқы Интернет-конференциясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры жөнінде азаматтарды толғандыратын сұрақтарға да жауап берілді;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын 2006 жылда қалыптастыру және пайдалану және сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері туралы есеп "Егемен Қазақстан" газетінде 2007 жылғы 23 маусымда N 175, "Казахстанская правда" газетінде 2007 жылғы 21 маусымда N 93 жарияланды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Web-сайтында орналастырылды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметі туралы қажетті ақпарат, есептер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Web-сайтына ( www.minfin.kz ) орналастырылды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады