Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 1003 Жарлығы

       «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеев қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен Қазақстан Республикасының атынан Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге қол қойсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің    
2010 жылғы 17 маусымдағы
№ 1003 Жарлығымен  
МАҚҰЛДАНҒАН     

Жоба

Кеден одағыының кедендік аумағындағы еркін (арнайы,
ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың
кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі
КЕЛІСІМ

      Кеден одағына мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде,
      2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты,
      2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты,
      2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты,
      кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарын негізге ала отырып,
      халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын назарға ала отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Осы Келісімде пайдаланылатын негізгі терминдер

      1. Осы Келісімде мынадай негізгі терминдер және олардың анықтамалары пайдаланылады:
      1)еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ - кеден одағына мүше мемлекет аумағының кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген шектердегі бір бөлігі, мұнда кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асырудың ерекше (арнайы құқықтық) режимі қолданылады, сондай-ақ еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылуы мүмкін;
      2) порттық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ - халықаралық қатынас және шетелдік су кемелерінің кіруі үшін ашық теңіз порты, өзен порты аумағының бір бөлігінде немесе халықаралық әуе тасымалын орындайтын әуе кемелерін қабылдау және жөнелту үшін ашық әуежай аумағының бір бөлігінде
      және теңіз портының, өзен портының немесе әуежай аумақтарының жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған мүліктік кешендер орналасқан бөліктерін қоспағанда, осындай теңіз портына, өзен портына немесе әуежайға іргелес аумақта құрылатын еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ;
      3) логистикалық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ - кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль және (немесе) темір жол өткізу пункттеріне іргелес кеден одағына мүше мемлекет аумағының бір бөлігінде құрылатын еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ;
      4) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың резиденті (қатысушы) - осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тіркелген және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер.
      2. Осы Келісімнің 21-бабында пайдаланылатын терминдер, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтарды өндіріп алу принциптері туралы келісімде белгіленген мәндерде қолданылады.
      3. Осы Келісімде пайдаланылатын өзге терминдер 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленген мәндерде қолданылады (бұдан әрі - Кеден одағының Кеден кодексі).

2-бап
Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар құрудың мақсаты

      Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар (бұдан әрі - ЕЭА) кеден одағына мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу, инвестициялар тарту, жаңа технологияларға негізделген өндірістерді құру және дамыту, көлік инфрақұрылымын, туризмді және санаторийлық-курорттық салаларды дамыту мақсатында немесе ЕЭА құру кезінде анықталатын өзге де мақсаттарда құрылады.

3-бап
ЕЭА құру және олардың жұмыс істеу тәртібі, кеден одағының
кедендік аумағында ЕЭА-ның жұмыс істеу мерзімі

      1. ЕЭА құру және жұмыс істеу тәртібі, ЕЭА-ның жұмыс істеу мерзімі және кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында ЕЭА жұмыс істеу мерзімін ұзарту тәртібі осы кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.
      Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында ЕЭА құру мақсаттарына байланысты олардың түрлері белгіленуі мүмкін.
      Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында ЕЭА-ны басқару осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Кеден одағына мүше мемлекеттер Кеден одағының комиссиясына кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында ЕЭА құру туралы ақпараттың жіберілуін қамтамасыз етеді.

4-бап
ЕЭА-ның жұмыс істеуін тоқтату (тарату, жою)

      1. Егер ЕЭА құрылған мерзім ұзартылмаса, көрсетілген мерзім өткен соң ол өзінің жұмыс істеуін тоқтатады (таратылады, жойылады) (бұдан әрі - ЕЭА-ның жұмыс істеуін тоқтату).
      ЕЭА жұмыс істеуін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім шығарудың негіздері мен тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
      2. Кеден одағына мүше мемлекеттер осы Келісім күшіне енгеннен кейін кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында ЕЭА-ның жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпараттың Кеден одағының комиссиясына жіберілуін қамтамасыз етеді.

5-бап
ЕЭА аумағында жүзеге асырылатын қызмет түрлері

      ЕЭА аумағында кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік және өзге қызмет жүзеге асырылуы мүмкін.
      Кеден одағының комиссиясы ЕЭА аумағында тыйым салынған қызмет түрлерін белгілеуге құқылы. Бұл ретте ЕЭА аумағында тыйым салынған қызмет түрлерін белгілеу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы бәтуамен қабылдайды.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында осы мемлекеттердің аумақтарында құрылған (құрылатын) ЕЭА аумағында тыйым салынған қызмет түрлері белгіленуі мүмкін.

6-бап
ЕЭА резиденттерін (қатысушыларды) тіркеу және ЕЭА
резиденттерінің (қатысушылардың) тізілімін жүргізу

      1. ЕЭА резидентін (қатысушыны) (бұдан әрі - резидент) тіркеу тәртібі мен шарттары, оның ішінде заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген жеріне және (немесе) тұрған жеріне немесе резидент мәртебесін алуға үміткер дара кәсіпкердің тұрғылықты жерінің мекенжайына қойылатын талап, резидент мәртебесін алуға үміткер заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына қойылатын талап кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленеді.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында тұлғаны ЕЭА порттық немесе логистикалық резиденті ретінде тіркеу шарттарының бірі кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді беру болып табылатыны белгіленуі мүмкін.
      2. Заңды тұлға немесе дара кәсіпкер кеден одағына мүше мемлекеттің резиденттер тізіліміне тиісті жазу енгізілген күннен бастап резидент деп танылады.
      Нысаны кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін куәлік тұлғаны резидент ретінде тіркеуді куәландыратын құжат болып табылады. Кеден одағының комиссиясы тұлғаның резидент ретінде тіркелуін куәландыратын куәліктің бірыңғай нысанын белгілеуге құқылы.
      3. Резиденттердің тізілімін жүргізу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
      Кеден одағына мүше мемлекеттер резиденттердің тізіліміне енгізілген резиденттер туралы мәліметтердің Кеден одағының комиссиясына берілуін қамтамасыз етеді. Осындай мәліметтерді беру тәртібін Кеден одағының комиссиясы белгілейді.
      Кеден одағының комиссиясы ұсынылған мәліметтердің негізінде резиденттердің жалпы тізілімін жасайды және оның кезеңдік жарияланымын, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз етеді.

7-бап
Қызметті ЕЭА аумағында жүзеге асыратын тұлғалар

      1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес резиденттер, сондай-ақ резидент болып табылмайтын өзге де тұлғалар қызметті ЕЭА аумағында жүзеге асыра алады.
      2. Резидент ЕЭА аумағындағы қызметін ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (ЕЭА-дағы қызметтің шарттары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға) (бұдан әрі - ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісім) сәйкес жүзеге асырады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында ЕЭА аумағында резиденттің ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісімде көзделмеген қызметті ЕЭА аумағында жүзеге асыруы кезінде резиденттің кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асырудың ерекше (арнайы құқықтық) режимін осындай қызметті қолданбай жүзеге асыру мүмкінділігі белгіленуі мүмкін.

8-бап
ЕЭА аумағында кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асырудың
ерекше (арнайы құқықтық) режимі

      ЕЭА аумағында резиденттің кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленетін салық салудың ерекше режимін беруді, сондай-ақ ЕЭА аумағында кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асыру үшін кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында жалпыға бірдей белгіленген жағдайға қарағанда, өзге де неғұрлым қолайлы жағдай жасауды білдіретін кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асырудың ерекше (арнайы құқықтық) режимі қолданылады.

9-бап
ЕЭА аумағындағы еркін кеден аймағының кедендік рәсімі
туралы жалпы ережелер

      1. Еркін кеден аймағының кедендік рәсімі ЕЭА аумағында немесе оның аумағының бір бөлігінде қолданылуы мүмкін (бұдан әрі - еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА-ның аумағы).
      2. ЕЭА аумағы кеден одағының кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.
      3. Еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын және еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған ЕЭА аумағына әкелінген тауарлар кеден баждарын, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаты үшін кеден одағының кедендік аумағынан тыс тұрған ретінде қаралады.
      4. ЕЭА порттық және логистикалық шектері кеден одағының кедендік шекарасы болып табылады.
      5. Еркін кеден аймағының кедендік рәсімдерінің күші:
      1) порттық және логистикалық ЕЭА-ға әкелінетін халықаралық тасымалдың көлік құралдарына және осы көлік құралдарымен тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты порттық және логистикалық ЕЭА-дан шығарылатын көлік құралдарына, сондай-ақ кеден одағының кедендік аумағы арқылы тауарларды ішкі тасымалдауды жүзеге асыруға арналған порттық және логистикалық ЕЭА-ға әкелінетін немесе порттық және логистикалық ЕЭА-дан шығарылатын көлік құралдарына;
      2) теңіз порты, өзен порты, әуежай әкімшілігі, резидент болып табылмайтын және теңіз, өзен портында, әуежайда кеме қатынасының қауіпсіздігін, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін, теңіз, өзен портының, әуежайдың инфрақұрылым объектілерін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін функцияларды немесе теңіз, өзен портында, әуежайда қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де функцияларды жүзеге асыратын тұлғалар кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігіне порттық ЕЭА-ға әкелінетін немесе порттық ЕЭА-дан шығарылатын кеден одағының тауарларына;
      3) осы ЕЭА жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты логистикалық ЕЭА әкімшілігі кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігіне логистикалық ЕЭА-ға әкелінетін немесе логистикалық ЕЭА-дан шығарылатын кеден одағының тауарларына;
      4) порттық немесе логистикалық ЕЭА-ға әкелінетін және шығарылатын тауарларға қолданылатын, кедендік рәсіммен осындай әкелуге дейін одан тысқары орналастырылған тауарларға;
      5) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының Калининград және Магадан облыстарында құрылған ерекше экономикалық аймақтардың аумақтарындағы немесе осындай аумақтарға әкелінетін кеден одағының тауарларына қолданылмайды.
      6. ЕЭА аумағында еркін кеден аймағының кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылмаған кеден одағының тауарлары, және өзге де кедендік рәсімдерге орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.
      7. Еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады.
      Еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағындағы кедендік бақылаудағы кеден одағының кедендік заңнамасына сәйкес кеден органдары жүзеге асырады.
      Еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағы кедендік бақылауды жүргізу мақсатында көркейтілуі тиіс.
      Осындай аумақтың периметрін қоршау, бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру бойынша талаптарды коса алғанда, кедендік бақылауды жүргізу мақсатында еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағын көркейтуге қойылатын талаптар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес анықталады.
      Осындай аумаққа адамдардың кіру тәртібін белгілеуді коса алғанда, еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағында бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

10-бап
Еркін кеден аймағының кедендік рәсімінің мазмұны

      1. Еркін кеден аймағы - тауарлар ЕЭА аумағының немесе оның бір бөлігінің шегінде кедендік баждарды, салықтарды төлемей, сондай-ақ шетелдік тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кеден одағының тауарларына қатысты тыйым салулар мен шектеулерді қолданбай орналастырылатын және пайдаланылатын кедендік рәсім.
      2. Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған кеден одағының тауарлары кеден одағының тауарлары мәртебесін сақтайды.
      Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған кеден одағының тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар, сондай-ақ еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған кеден одағының тауарларынан және еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылмаған кеден одағының тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар кеден одағының тауарлары мәртебесін алады.
      Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетел тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар мен еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар және кеден одағының (бұдан әрі - еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар) осы тармақтың төртінші және алтыншы бөліктерінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, шетел тауарларының мәртебесін алады.
      Егер еркін кеден аймағының кедендік рәсімі мұндай тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан тысқары шығарумен аяқталатын болса, еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау осы Келісімнің 19-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындауды осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелерін ескере отырып, осы Келісімнің 19-бабына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген резиденттер жүзеге асырады.
      Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындауды мемлекеттік тіркеуі Калининград облысында жүзеге асырылған және 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Калининград облысындағы ерекше экономикалық аймақ туралы» Ресей Федерациясының 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 13-ФЗ заңының (бұдан әрі - Ресей Федерациясының № 13-ФЗ Федералдық заңы) негізінде қызметті жүзеге асырған тұлғалар осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелерін ескере отырып, 2016 жылғы 1 сәуірге дейін осы Келісімнің 19-бабына сәйкес жүзеге асырады.
      3. 2010 жылғы 1 мамырға дейін тіркелген резиденттер, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуі Калининград облысында жүзеге асырылған және 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қызметті Ресей Федерациясының № 13-ФЗ Федералдық заңының негізінде жүзеге асырған тұлғалар үшін Кеден одағының комиссиясы осы Келісімнің 19-бабында айқындалған жеткілікті қайта өңдеу өлшемдерін орындауға қарамастан, шетел тауарлары мәртебесін алатын еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар тізбесін белгілеуге құқылы. Көрсетілген тауарлар тізбесі егер мұндай тауарлар кеден одағының кеден аумағынан тысқары әкетілмеген жағдайда қолданылады.
      4. 2010 жылға дейін тіркелген жекелеген резиденттерге, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуі Калининград облысында жүзеге асырылған және 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қызметті Ресей Федерациясының № 13-ФЗ Федералдық заңының негізінде жүзеге асырған жекелеген тұлғаларға қатысты Кеден одағының комиссиясы егер мұндай тауарларды кеден одағының кедендік аумағында шығару кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика салаларына елеулі экономикалық залал келтіретіндей немесе мұндай залалды келтіру қаупін туғызатындай мұндай өспелі көлемде және шарттарда жүзеге асырылған жағдайда, кеден одағының тауарлары болып танылуы мүмкін еркін кеден одағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлар саны бойынша шектеу белгілеуге құқылы. Көрсетілген шектеулерді белгілеу туралы шешім кеден одағының Комиссиясы айқындаған тәртіппен ымырамен және егер мұндай тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан тысқары әкетілмеген жағдайда қолданылады.
      5. Порттық немесе логистикалық ЕЭА әкелінетін (әкетілетін) кеден одағының тауарларын қоспағанда, еркін кеден одағының кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) кеден одағының тауарлары тауарларды кеден органы кеден одағының кедендік рәсіміне орналастыру үшін берілген кедендік декларациясын тіркеген сәтінен бастап кедендік бақылауда болады.
      Порттық немесе логистикалық ЕЭА әкелінетін (әкетілген) кеден одағының тауарлары оларды порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелген сәттен бастап кедендік бақылауда болады.
      6. Еркін кеден одағының кедендік рәсіміне орналастырылған кеден одағының тауарлары авария немесе еңсерілмейтін күш әрекеті салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтау және (немесе) пайдаланудың қалыпты жағдайы кезінде табиғи шығасылар нәтижесінде олардың жойылу(өтемсіз жоғалуы) фактісін кеден органы мойындағаннан кейін кедендік бақылауда түр деп есептелмейді.

11-бап
Тауарларды еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне
орналастыру шарттары

      1. Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне резиденттердің ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісімге сәйкес кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асыру мақсатында еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын, ЕЭА аумағында орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарлар, сондай-ақ осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген тауарлар орналастырылады.
      Еркін кеден одағының кедендік рәсіміне порттық немесе логистикалық ЕЭА резиденттері болып табылмайтын және порттық немесе логистикалық ЕЭА резидентімен тауарларды жинау (сақтау) тиеу (түсіру) бойынша және тауарларды сақтаумен, сақталуын қамтамасыз етумен байланысты басқа жүк операциялары бойынша қызметтер көрсетуге, сондай-ақ Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша сыныптамалық кодының өзгеруіне байланысты тауарлардың сипаттамаларын өзгертпейтін осындай қызметтерді корсету кезінде тауарлармен жасалатын операциялар жағдайында партияларды ұсақтауды, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, буып-түюді, қайта буып-түюді, таңбалауды коса алғанда, тауарларды тасымалдауға дайындау бойынша шарт жасасқан тұлғалардың порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына орналастыруға арналған тауарлар орналастырылады.
      Кеден одағының кедендік рәсіміне «Калининград облысындағы ерекше экономикалық аймақ туралы және Ресей Федерациясының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Ресей Федерациясының 2006 жылғы 10 қаңтардағы № 16-ФЗ сәйкес (бұдан әрі - Ресей Федерациясының № 16-ФЗ Федералдық заңы) құрылған Ерекше экономикалық аймақтың аумағына, мемлекеттік тіркеуі Ресей Федерациясының Федералдық заңында көрсетілген мақсаттарға сәйкес орналастыру мен пайдалану үшін Калининград облысында жүзеге асырылған заңды тұлғалар Ресей Федерациясының Калининград облысының аумағына (бұдан әрі - Калининград облысындағы ЕЭА) әкелінетін шетел тауарлары орналастырылады.
      2. Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне кеден одағының аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар және кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар орналастырылмайды.
      Кеден одағының комиссиясы еркін кеден одағының кедендік рәсіміне орналастыруға жатпайтын басқа тауарлардың тізбесін белгілеуі мүмкін. Бұл ретте еркін кеден одағының кедендік рәсіміне орналастыруға жатпайтын басқа тауарлардың тізбесін белгілеу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы ымырамен шығарады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында осы мемлекеттердің аумақтарында құрылған (құрылатын) ЕЭА-да еркін кеден одағының кедендік рәсіміне орналастыруға жатпайтын баска тауарлардың тізбесі белгіленуі мүмкін.
      3. Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне осы Келісімнің 9-бабы 5-тармағының 4) тармақшасында белгіленген жағдайды қоспағанда, бұрын басқа кеден рәсіміне орналастырылған тауарлар орналастырылуы мүмкін.
      4. Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлар осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, кеден одағының кедендік заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік декларациялауға жатады.
      5. Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру кезінде кедендік декларациялауға порттық ЕЭА аумағында орналасқан теңіз порты, өзен портының, әуежай инфрақұрылымының объектілерін немесе логистикалық ЕЭА инфрақұрылымының объектілерін салу, қайта жаңғырту мақсатында резиденттер порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына шетел тауарларын әкелген кезде талап етілмейді.
      Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінетін және кедендік декларациялауға жататын еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылатын шетел тауарлары белгіленуі мүмкін.
      6. Порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелген кезде кедендік декларациялауға жатпайтын тауарларға қатысты тауарлардың кеден одағының кедендік аумағына келуімен байланысты кедендік операциялар ғана жасалады. Бұл ретте осы Келісімнің 9-бабы 5-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген тауарларды қоспағанда, мұндай тауарлар оларды порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелген сәттен бастап еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылды деп есептеледі.
      7. Порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінген және кедендік декларациялауға жататын тауарларға арналған кедендік декларация оларды порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелген күннен бастап он терт жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
      8. Резидент, сондай-ақ осы баптың 10 және 11-тармақтарында көрсетілген тұлғалар еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналасатын тауарлардың декларанты бола алады.
      Резидент өзі резиденті болып табылатын ЕЭА аумағында, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген шарттың негізінде порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағында орналасатын тауарлардың декларанты бола алады.
      9. Еркін кеден аймағының кедендік рәсімі аяқталған кезде тауарлары осы баптың 10 - 12-тармақтарында және осы Келісімнің 15-бабының 3, 4 және 6-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналасқан резидент қана тауарлардың декларанты бола алады.
      10. Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген порттық және логистикалық ЕЭА аумағына әкелінген немесе порттық және логистикалық ЕЭА аумағынан кеден одағы кедендік аумағының қалған бөлігіне немесе оның шегінен тысқары шығарылған тауарлардың декларанты резидент немесе кеден одағы Кеден кодексінің 186-бабы 1) тармақшасында және 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген өзге де тұлғалар болуы мүмкін.
      11. Осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген Калининград облысындағы ЕЭА аумағына әкелінген тауарлардың декларанты Ресей Федерациясының Калининград облысында мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлға бола алады.
      Калининград облысындағы ЕЭА-да еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталған кезде тауарлардың декларанты кедендік аймақтың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды кедендік декларациялау кезде декларант болған заңды тұлға немесе кеден одағы Кеден кодексінің 186-бабы 1) тармақшасында және 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген өзге де тұлғалар болуы мүмкін.
      12. «Магадан облысындағы ерекше экономикалық аймақ туралы» Ресей Федерациясының 1999 жылғы 31 мамырдағы № 104-Ф3 Федералдық заңына сәйкес Магадан облысында құрылған Ерекше экономикалық (бұдан әрі - Магадан облысындағы ЕЭА) аймақтағы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталған кезде тауарлардың декларанты кедендік аймақтың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды кедендік декларациялау кезде декларант болған заңды тұлға немесе кеден одағы Кеден кодексінің 186-бабы 1) тармақшасында және 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген өзге де тұлғалар болуы мүмкін.
      13. Тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырған кезде кедендік баждар, салықтар төлеуді қамтамасыз ету талан етілмейді.

12-бап
Тауарлардың еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінде
болу мерзімі

      Тауарлар еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінде тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі орналастырған тұлға резидент мәртебесін жоғалтқанда немесе еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылған ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін қолдануды аяқтау туралы шешім қабылданғанды қоспағанда ЕЭА-ның жұмыс істеуі мерзімі шеңберінде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінде болуы мүмкін.

13-бап
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған
тауарлармен жасалатын операциялар

      1. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты, егер мұндай операцияларды жасау ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісімнің талаптарына сәйкес келсе, кез келген операцияларды жасауға рұқсат беріледі, оның ішінде:
      1) тауарларды қоймаға жинау (сақтау, жинақтау, бөлшектеу);
      2) тауарларды тиеу (түсіру) бойынша операциялар және сақтауға байланысты өзге де жүк операциялары;
      3) тауарларды сақтау үшін қажетті операциялар, сондай-ақ партияларды бөлшектеуді, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға дайындау бойынша жай операциялар, тауар сапасын жақсарту бойынша операциялар;
      4) осы тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқықтарын беру бойынша мәмілелер жасауды көздейтін операциялар;
      5) оларды жүргізу нәтижесінде тауарлар өзіндік жеке сипаттамаларын жоғалтатын тауарларды қайта өңдеу (өңдеу) бойынша және (немесе) тауарларды дайындау (жинақтауды, бөлшектеуді, монтаждауды, шақтауды қоса алғанда) бойынша, сондай ақ, тауарларды жөндеу бойынша операциялар;
      6) тауарларды тұтыну.
      2. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылмаған тауарларға қатысты кеден одағы Кеден кодексінің 155-бабына сәйкес сынамалар мен үлгілерді іріктеу бойынша операцияларды жүргізуге рұқсат беріледі.
      3. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес оларды ЕЭА-ның бір аумағынан еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА-ның екінші аумағына ауыстыруға осы Келісімнің 15-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда рұқсат беріледі.
      4. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды, тіптен егер бұл тауарлар осы Келісімнің 14-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік органға берілетін есептілікте мұндай тауарларды тұтыну фактісі міндетті көрсетіле отырып, тауарды дайындау (алу) үдерісінде толық немесе ішінара тұтынылатын болса да, оларды дайындауға (алуға) жәрдем көрсететін және оны жеңілдететін тауарлар ретінде пайдалануға рұқсат беріледі.
      5. Кеден одағының комиссиясы еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлармен жасалатын операциялардың тізбесін белгілеуге құқылы. Бұл ретте еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлармен жасалатын операциялар тізбесін белгілеу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы ымырамен қабылдайды.
      6. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында бұл мемлекеттердің аумағында құрылған (құрылатын) ЕЭА-да еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлармен жасалатын тыйым салынатын операциялар тізбесі белгіленуі мүмкін.

14-бап
ЕЭА-да еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын оның
аумағындағы кедендік операцияларды жасаудың ерекшеліктері

      1. Еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағында орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік операциялар осы бапта белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, кеден одағының Кедендік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Порттық және логистикалық ЕЭА-ны қоспағанда еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағына тауарларды әкелу мұндай келу туралы кеден одағына хабарлай отырып, жүзеге асырылады, ал еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағынан тауарларды әкету кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Порттық және логистикалық ЕЭА аумағына тауарларды әкелу кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
      ЕЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарлама беру, ЕЭА аумағынан тауарларды әкелуге рұқсат беру тәртібі мен ЕЭА аумағынан тауарларды әкетуге рұқсат беру тәртібі, сондай-ақ мұндай құжаттардың нысандары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
      3. Кеден органдары кеден одағының Кедендік кодексінде белгіленген тәртіппен еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағына әкелінетін тауарларды сәйкестендіруді жүзеге асыруға құқылы.
      4. Резидент еркін кедендік аумағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың және еркін кедендік аумағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есебін жүргізеді және аумағында ЕЭА құрылатын кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органына мұндай тауарлар туралы есептілікті ұсынады.
      Еркін кедендік аумағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлармен болған кез келген өзгерістер есеп құжаттарында көрсетілуі тиіс.
      Мемлекеттік тіркелуі Ресей Федерациясының Калининград облысында жүзеге асырылған заңды тұлғалар Ресей Федерациясының кеден органының талабы бойынша еркін кедендік аумағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың және еркін кедендік аумағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есебін жүргізеді және кеден органына мұндай тауарлар туралы есептілік ұсынады.
      Еркін кедендік аумағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың және еркін кедендік аумағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есебін жүргізу тәртібі, сондай-ақ кеден органына есеп ұсыну тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      5. Кеден аумағының кедендік аумағынан тысқары әкетілетін тауарларға қолданылатын кедендік рәсімге орналастырылған тауарлардың порттық ЕЭА-дан кетуі кезінде порттық ЕЭА резиденті кеден органына түсіру орны (порт, әуежай) кеден одағының кедендік аумағынан тысқары орын болып табылатынын растайтын көліктік тасымал органын ұсынады.
      Егер, онымен тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан тысқары әкетілетін көлік құралдары кеден одағының кедендік аумағында орналасқан теңіз портында, өзен портында немесе әуежайда ең аз дегенде бір аралық аялдама жасайтын болса, порттық ЕЭА резиденті соңғы теңіз портынан, өзен портынан, әуежайдан тауарлар кеткеннен кейін үш күннен кешіктірмей порттық ЕЭА-дан тауарларды әкетуге рұқсат берген кеден органына кеден одағының кедендік аумағы шегінен тыс мұндай тауарлардың нақты кетуін растайтын құжаттар ұсынуға міндетті.

15-бап
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау

      1. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолданылуы:
      1) осындай тауарларды және (немесе) осы Келісімнің 17-бабын ескере отырып, кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, Кеден одағының кеден кодексімен белгіленген еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды кедендік рәсімдерге орналастырумен;
      2) 5-тармақпен белгіленген жағдайларда;
      3) осы баптың 7-10 тармақтарында белгіленген жағдайларда аяқталады.
      2. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолданылуы:
      1) ЕЭА жұмыс істеуін тоқтатқан немесе еркін кедендік аймақтың  кедендік рәсімі қолданылған ЕЭА аумағындағы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда;
      2) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен тауарды орналастырған тұлғаның резидент мәртебесін жоғалтқан жағдайда;
      3) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылған ЕЭА аумағындағы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкету үшін;
      4) резидент еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылған ЕЭА аумағындағы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын берген кезде аяқталуы тиіс.
      3. Осы тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырған резидент еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын өзге резидентке берген кезде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі орналастырылған тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығы берілген резиденттің осындай тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
      4. ЕЭА жұмыс істеуін тоқтатқан немесе еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылған ЕЭА аумағындағы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда оның аумағында тұрған еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ЕЭА жұмыс істеуін тоқтатқан күннен бастап төрт ай ішінде Кеден одағының кеден кодексінде белгіленген кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттер жасалмаса, Кодекстің 21-тарауына сәйкес кеден органдары тауарларды ұстайды.
      5. ЕЭА жұмыс істеуін тоқтатқан немесе еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылған ЕЭА аумағындағы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған, пайдалануға берілген және резиденттің ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісімін іске асыру үшін пайдаланылатын жабдық, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және ЕЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектісін құруға пайдаланған тауарлар кедендік бажды, салықтарды төлеусіз, тыйым салу мен шектеулерді қолданусыз және кеден одағына қатысушы мемлекеттер заңнамасымен айқындалған тәртіпте ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырусыз кедендік бақылауда тұрмаған кеден одағының тауары болып танылады.
      Кеден одағының комиссиясы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды кедендік бажды, салықтарды төлеусіз, тыйым салу мен шектеулерді қолданусыз және кеден одағына қатысушы мемлекеттер заңнамасымен айқындалған тәртіпте ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырусыз кедендік бақылауда тұрмаған кеден одағының тауарлары деп танудың жалпы тәртібін белгілеуге құқылы.
      6. Тұлға резидент мәртебесін жоғалтқан жағдайда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тұлғаның резидент мәртебесін жоғалтқан күннен бастап төрт ай ішінде Кеден одағының кедендік кодексімен белгіленген кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
      Егер резидент мәртебесіне ие болған тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасамаса, Кодекстің 21-тарауына сәйкес кеден органдары тауарларды ұстайды.
      7. Тұлға ЕЭА порттық немесе логистикалық резидент мәртебесін жоғалтқан жағдайда, осы Келісімнің 11-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген шарттарды сондай резиденттен жасаған тұлғалармен еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар тұлғаның резидент мәртебесін жоғалтқан күннен бастап төрт ай ішінде осы Келісімнің 11-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген және осындай осы резидентпен жасалатын, Кеден одағының кедендік кодексімен белгіленген кедендік рәсімдермен орналастырылған шарттары негізінде ЕЭА порттық немесе логистикалық өзге резидентіне берілуі мүмкін.
      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттер жасалмаса, Кеден одағының кеден кодекстің 21-тарауына сәйкес кеден органдары тауарларды ұстайды.
      8. Тұлға ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісімнің қолдану және осы келісім шарттарын орындау мерзімі өтуіне байланысты резидент мәртебесін жоғалтқан жағдайда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған, пайдалануға берілген және резиденттің ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісімін іске асыру үшін пайдаланылатын жабдық, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және ЕЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектісін құруға пайдаланған тауарлар кедендік бажды, салықтарды төлеусіз, тыйым салу мен шектеулерді қолданусыз және кеден одағына қатысушы мемлекеттер заңнамасымен айқындалған тәртіпте ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырусыз кедендік бақылауда тұрмаған кеден одағының тауары болып танылады.
      Кеден одағының комиссиясы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды кедендік бажды, салықтарды төлеусіз, тыйым салу мен шектеулерді қолданусыз және кеден одағына қатысушы мемлекеттер заңнамасымен айқындалған тәртіпте ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырусыз кедендік бақылауда тұрмаған кеден одағының тауарлары деп танудың жалпы тәртібін белгілеуге құқылы.
      9. Еркін кедендік аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға осы Келісімнің 13-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында белгіленген операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтар, егер көрсетілген қалдықтар оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйде қайта өңделсе, кеден одағының Кеден кодексі белгілеген кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайды. Бұл ретте еркін кедендік аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз қалдықтар санына сәйкес келетін және кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес анықталатын бөлігінде кедендік бақылауда тұрған жоқ деп есептеледі. Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімі осындай тауарларға қатысты оларды өзге кедендік рәсімдерге орналастырусыз аяқталады.
      10. Еркін кедендік аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардан пайда болған және осы Келісімнің 13-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшасында белгіленген операцияларды жасау нәтижесінде біржола жоғалтатын өндірістік шығындар Кодексте белгіленген кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайды. Бұл ретте еркін кедендік аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, өндірістік шығындар санына сәйкес келетін және кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес анықталатын бөлігінде кедендік бақылауда тұрған жоқ деп есептеледі. Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімі осындай тауарларға қатысты оларды өзге кедендік рәсімдерге орналастырусыз аяқталады.

16-бап
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастыратын
(орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу
баждарын, салық төлеу бойынша міндеттің туындауы мен
тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осы тармақтың екінші және үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген кеден органының кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
      Декларантта порттық немесе логистикалық ЕЭА-да еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына оларды әкелген кезінен бастап туындайды.
      Шарт жасаған порттық-логистикалық ЕЭА резидентте кеден одағының мүшесі болып табылмайтын және оған қатысты кедендік декларациялау қарастырылмаған мемлекеттің аумағынан порттық немесе логистикалық ЕЭА-ның аумағына әкелінетін шетелдік тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осы Келісімнің 11-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген порттық немесе логистикалық ЕЭА аумағына осындай тауарларды әкелген кезінен бастап туындайды.
      2. Декларантта кеден одағының еркін кедендік аймағының кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларына қатысты кедендік әкелімдік баждарын төлеу бойынша міндет:
      1) осы Келісімге сәйкес еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен осындай тауарларға қатысты аяқтау;
      2) Кеден одағының Кеден кодексінің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі:
      1) Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарларды, осындай тауарларды Кеден одағының Кеден кодексімен белгіленген кедендік рәсімімен орналастырғанға дейін ЕЭА аумағынан әкеткен кезде - ЕЭА аумағынан әкеткен күні, егер бұл күн анықталмаса, - еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен ЕЭА аумағынан әкету фактісін анықтаған күні;
      2) еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған және (немесе) еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарларды, осындай тауарларды Кеден одағының Кеден кодексімен белгіленген кедендік рәсімімен орналастырғанға дейін өзге тұлғаға берген кезде - тауарларды берген күні, егер бұл күн анықталмаса, - осындай беру фактісін анықтаған күні;
      3) авария немесе еңсерілмес күш әсерінің салдарынан жоғалуды не тасымалдаудың (тасымал) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен дайындалған (алынған) тауарларды жоғалтқан кезде - тауарлардың жоғалған күні, егер бұл күн анықталмаса, - осындай жоғалу фактісін анықтаған күні.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген кедендік баждар, салықтар еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, осындай тауарларды еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастыру үшін немесе егер еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру кедендік декларациялаусыз жүзеге асырылған болса, порттық-логистикалық ЕЭА-ға әкелу күніне ұсынылған кедендік декларацияны кеден органының тіркеу күніне есептелген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді есептеместен, әкелу кедендік баждардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.

17-бап
Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімі аяқталған кезде
орналастыру кедендік баждарды, салықтарды есептеу ерекшеліктері

      1. Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімі аяқталған кезде кедендік баждарды, салықтарды есептеу осы бапта белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып, еркін кедендік аймағының кедендік рәсімі аяқталған кезде тауарлар орналастырылатын кедендік рәсімі үшін белгіленген кедендік баждарды, салықтарды есептеу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      2. Тасымалдаудың (тасымал), сақтаудың және (немесе) орындаудың (пайдалану) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарындағы өзгерістерден басқа, өзгермейтін жағдайда кеден одағының кедендік аумағы шегінде еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылатын және әкетілетін шетелдік тауарларға қатысты еркін кедендік аймағының кедендік рәсімі аяқталған кезде, осындай тауарлар кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылды.
      3. Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарларына қатысты еркін кедендік аймағының кедендік рәсімі кеден одағының тауарларынан дайындалған (алынған), оның ішінде еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылмаған осындай тауарлар немесе тауарлар экспортының кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады, егер осындай тауарлар кеден одағының кедендік аумағының шегінде әкетілген болса.
      Кеден одағының тауарларына қатысты еркін кедендік аймағының кедендік рәсімі аяқтау және экспорттың кедендік рәсімімен осындай тауарларды орналастыру кезінде әкетілетін кедендік баждар төлемге жатады.
      Әкетілетін кедендік баждарды есептеу кезінде кедендік баждың ставкасы, тауар құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) физикалық сипаттамасы, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген тауарлар саны мен валюта курсы экспорттың кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні айқындалады.
      4. Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған және Келісімнің 13-бабының 1-тармағының 5) тармақшасымен белгіленген операцияларға тартылмаған шетелдік тауарларға қатысты және осындай тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырудың еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен аяқтау кезінде егер тарифтік преференциялар, кедендік баждар, салықтар төлемі жөнінде жеңілдіктер белгіленбеген болса, әкелімді кедендік баждар, салықтар төленеді.
      Әкелінетін кедендік баждарды есептеу кезінде кедендік баждың ставкасы, тауардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) физикалық сипаттамасы, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген тауарлар саны мен валюта курсы осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні айқындалады.
      ЕЭА аумағында қызметін жүзеге асыру туралы келісімді іске асыру үшін пайдалануға берілген және резидент пайдаланатын еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған жабдықтарға, сондай-ақ порттық-логистикалық ЕЭА-ның еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты әкелінетін кедендік баждарды есептеу кезінде кедендік баждың ставкасы, тауардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) физикалық сипаттамасы, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген тауарлар саны мен валюта курсы, егер осындай тауарларды осы күні кеден одағының кедендік аумағына әкелген болса, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні айқындалады.
      5. Тасымалдаудың (тасымал), сақтаудың және (немесе) орындаудың (пайдалану) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарындағы өзгерістерден басқа, өзгермейтін жағдайда кеден одағының кедендік аумағы шегінде еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылатын және әкетілетін тауарларға қатысты еркін кедендік аймағының кедендік рәсімі аяқталған кезде, осындай тауарлар кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылды.
      6. Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты еркін кедендік аймағының кедендік рәсімі егер тауарлар еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарлар, егер кеден одағының тауарлары болып танылса және кеден одағының кедендік аумағы шегінде әкетілген жағдайда, тауарлар экспортын кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
      Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік рәсім аяқталған кезде, еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) және кеден одағының тауарлары деп танылған тауарларды орналастыру, экспорттың кедендік рәсімімен әкетілген кедендік баждар төлеуге жатады.
      Әкетілетін кедендік баждарды есептеу кезінде кедендік баждың ставкасы, тауар құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) физикалық сипаттамасы, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген тауарлар саны мен валюта курсы экспорттың кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні айқындалады.
      7. Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты егер тауарлар кеден одағының тауарлары болып танылмаған және кеден одағының аумағы шегінде әкетілетін еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) жағдайда еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарлардың кері экспортын кедендік рәсіммен орналастырумен аяқталады.
      8. Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты еркін кедендік аймағының кедендік рәсімі:
      тек осындай тауарлардан оның ішінде егер осындай тауарлар кеден одағының кедендік аймағы шегінде әкелмеген жағдайда, еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылмаған кеден одағының тауарларын пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарлардың;
      егер осындай тауарлар кеден одағының тауарлары болып танылса және кеден одағының кедендік аймағы шегінде әкелмеген жағдайда, еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған осындай тауарлардан және шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың;
      егер дайындалған (алынған) тауарлар кеден одағының тауары болып танылса және кеден одағының кеден аумағы шегінде әкетілмеген жағдайда, еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылмаған кеден одағының тауарлары ішінен, еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар, осындай тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың кері импорты кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
      Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты еркін кедендік аймағының кедендік рәсімі егер тауарлар еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарлар, егер кеден одағының тауарлары болып танылса және кеден одағының кедендік аумағы шегінде әкетілген жағдайда, тауарлардың кері экспорты кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
      9. Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік аймағының кедендік рәсімі егер еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарлар, кеден одағының тауары болып танылмаса және кеден одағының кедендік аумағын шегінде әкетілмеген жағдайда, еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарлар кеден одағының Кеден кодексінің 202-бабының 1-тармағының 1), 4), 5), 7), 8), 12) - 14) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсіммен аяқталады.
      Әкелінетін кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды сәйкестендіру шарты кезінде Келісімнің 20-бабына сәйкес жүзеге асырылатын еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларды пайдалана отырып, айқындалған еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты және кедендік аймағының кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күніне тауарды дайындау (any) кезінде пайдаланылған, порттық және логистикалық ЕЭА-да еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар күніне дайындалған (алынған) тауарларда кедендік баждың ставкасы, тауар құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) физикалық сипаттамасы қолданылады.
      Әкелінетін кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде Келісімнің 20-бабына сәйкес жүзеге асырылатын еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік декларацияны кедендік органмен тіркеген күні болмаған кезде еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарларда, еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды сәйкестендіру кеден одағының Кеден кодексінің 202-бабының 1-тармағының 1), 4), 5), 7), 8), 12) 14) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарларға қатысты айқындалған кедендік баждың ставкасы, тауар құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) физикалық сипаттамасы қолданылады.

18-бап
Тауардың кедендік құны

      Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, сондай-ақ еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ішінен дайындалған (алынған) тауарларға қатысты еркін кедендік аймағының кедендік рәсімі аяқталған кезде осындай тауарлардың құны Кеден одағының шешімімен, сондай-ақ осы Келісімімен бекітілген ерекшеліктерді есепке ала отырып, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы орналастырылатын тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге сәйкес айқындалады.

19-бап
Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған
шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған)
тауардың мәртебесін айқындау

      1. Кедендік мақсаттар үшін еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауардың мәртебесін айқындау тауарлардың жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жасалады, олар:
      1) Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) тауардың жіктелген кодының кез келген бірінші төрт белгісінің деңгейіндегі өзгерісі;
      2) тауарды кеден одағының тауары деп тануға жеткілікті өндірістік және технологиялық операциялардың қажетті шарттарын орындауы;
      3) пайдаланылатын материалдар құнының пайыздық үлесі немесе қосылған құны түпкілікті өнімнің бағасындағы белгіленген үлеске жеткендегі, тауар құнының өзгерісі (адвалорлық үлес ережесі) түрінде көрінуі мүмкін.
      2. Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауар, егер тауарды дайындау (алу) бойынша операциялар жүзеге асу нәтижесінде мына шарттардың бірі орындалса:
      осы тармақтың екінші және үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың жіктелген кодының кез келген бірінші төрт белгісінің деңгейінде өзгеріс болса;
      еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар құнының пайыздық үлесі түпкілікті өнімнің бағасындағы белгіленген үлестен аспаса немесе қосылған құн осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайдан басқа, түпкілікті өнім бағасында белгіленген үлеске жетсе;
      тауарларға қатысты осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайдан басқа, еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарды кеден одағының тауары деп тануға жеткілікті өндірістік және технологиялық операциялар орындалса кеден одағының тауары деп танылады.
      Еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауар, егер тауарға қатысты өзге шарттарды орындауына байланысты жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне жауап бермейтін операциялар ғана жүзеге асырылса, кеден одағының тауары деп танылмайды.
      Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша кез келген бірінші төрт белгісі деңгейіндегі тауардың жіктеуіш кодының өзгеруі, егер тауарларға қатысты еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды, кеден одағының тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі белгіленсе, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері ретінде қолданылады.
      3. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды, кеден одағының тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды тану үшін шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесін, сондай-ақ жүзеге асырылуы еркін кеден аймағының кедендік рәсімін аяқтау кезіндегі кеден мақсаттары үшін еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауардың мәртебесін айқындау кезінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне жауап бермейтін операциялар тізбесін Кеден одағының комиссиясы айқындайды. Кеден одағы комиссиясының көрсетілген шешімі ымырамен қабылданады.
      4. Кеден одағының комиссиясы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері ретінде адвалорлық үлес ережесін пайдалану тәртібін айқындайды. Кеден одағы комиссиясының көрсетілген шешімі ымырамен қабылданады.
      Адвалорлық үлес ережесі кеден одағы тауарларын жөндеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері ретінде пайдаланылмайды.
      5. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін аяқтау кезінде кедендік мақсаттар үшін еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауардың мәртебесін айқындау осы бапта белгіленген тәртіпте кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын кеден одағына мүше мемлекет жүзеге асырады.
      6. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін аяқтау кезінде кедендік мақсаттар үшін еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауардың мәртебесін айқындайтын құжат ретінде кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарды, кеден одағының тауарын тану туралы келісімді немесе кеден одағының тауары болып табылмайтын еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетел тауарларын пайдалана отырып, дайындалған (алынған) тауарды тану туралы қорытынды береді.
      Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарды кеден одағының тауары деп тану және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарды кеден одағының тауары емес деп тану туралы қорытындылар толтыру нысанын, тәртібін, сондай-ақ, оларды беру және қолдану тәртібін Кеден одағының комиссиясы айқындайды.
      Кеден одағының комиссиясы көрсетілген қорытындылардың электрондық түріне қойылатын талаптарды белгілеуі мүмкін.
      7. Шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған), еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауардың мәртебесін растайтын құжат жоқ болған, жойылған немесе жарамсыз деп танылған кезде, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталған кезде мұндай тауар оны кеден одағының кедендік аумағынан шығару мақсатына арналған кеден одағының тауары ретінде, ал өзге мақсаттарда - шетелдік тауар ретінде қарастырылады.

20-бап
Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған
шетелдік тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік
рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана
отырып дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру

      1. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған, шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған), тауарларда сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер пайдаланылуы мүмкін:
      1) резиденттің немесе кеден органдары лауазымды тұлғаларының еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларға мөрлерді, мөртаңбаларды, сандық және басқа да таңбалауды қоюы;
      2) шетелдік тауарлар масштабында егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, бейнелеу;
      3) шетелдік тауарлардың және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған, шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін салыстыру;
      4) тауарларда бар маркалауды, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;
      5) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар сипатының және осы Келісімнің 13-бабы, 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген жасалатын операциялардың негізінде, оның ішінде Келісімнің 13-бабы, 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген операциялар жасаудың технологиялық процесінде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған, шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ олардың өндіріс технологиясы туралы немесе Келісімнің 13-бабы, 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген операцияларды жасау уақытында кедендік бақылауды жүзеге асыру жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер.
      2. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүргізу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалатын.

21-бап
Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама
салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі
туралы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы хаттаманы қолдану
ерекшеліктері

      1. Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы хаттаманың 2-бабының нормалары еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) кеден одағының тауарларына қатысты болмайды
      2. Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы хаттаманың 1-бабында белгіленген тәртіппен қосымша күн салығының нөлдік ставкасын қолданудың негізділігін растау үшін, тауарларды кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына өткізген және кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырған жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштің орнына салық органына оған сәйкес мұндай тауарлар еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған кеден одағы растаған кедендік декларацияның көшірмесі беріледі.

22-бап
Резиденттің мәртебесі туралы өтпелі ережелер

      Осы Келісімнің күшінен енген күніне резиденттер болып табылатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Осы Келісім күшіне енгенге дейін қолданылған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес олардың резидент мәртебесін алған күнінен бастап резиденттер тізіліміне енгізілді деп танылады.

23-бап
Тауарлар мәртебесі туралы өтпелі ережелер

      1. Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында құрылған ЕЭА-дағы және осы Келісім күшіне енгенге дейін еркін кедендік аймақтың кедендік режиміне орналастырылған тауарлар еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырған болып саналады.
      2. Осы Келісімнің күшіне енген күніне кеден мақсаттары үшін Беларусь Республикасында отандық тауарлардың, Қазақстан Республикасында қазақстандық тауарлардың және Ресей Федерациясында ресейлік тауарлардың мәртебесі болған осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар кеден одағының тауарлары болып танылады.
      3. Осы Келісімнің 19-бабында көзделген Кеден одағы комиссиясының шешімі күшіне енгенге дейін шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған), еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды кеден одағының тауарлары деп тану мақсатында кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері қолданылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлімінде көрсетілген шығу тегі кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылатын Беларусь Республикасы үшін СТ-1 нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификатпен, Қазақстан Республикасы үшін СТ - KZ нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификатпен, Ресей федерациясы үшін СТ-1 нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификатпен, Калининград облысындағы Ерекше экономикалық аймақ аумағында жеткілікті қайта өңдеуге түскен тауардың шығу тегі сертификатымен және Магадан облысындағы Ерекше экономикалық аймақ аумағында жеткілікті қайта өңдеуге түскен тауардың шығу тегі сертификатымен расталған тауарлар кеден одағының тауарлары болып табылады.

24-бап
Ресей Федерациясының Калининград және Магадан облыстарында
құрылған ерекше экономикалық аймақтарына қатысты
өтпелі ережелер

      1. Ресей Федерациясы үшін Калининград облысындағы ЕЭА-ға қатысты осы Келісімнің күшіне енген күнінен бастап осы Келісімінің мынадай ережелері қолданылады:
      1 - 8-баптар;
      осы баптың 7-тармағының бірінші, үшінші - бесінші бөліктерін қоспағанда 9-бап;
      10, 11 баптар;
      13-баптың 1, 2, 4 (инвестициялық декларацияға сәйкес инвестициялық жобаны іске асыру үшін резиденттер Калининград облысындағы ЕЭА аумағына әкелетін тауарларға қатысты), 5 және 6 тармақтары;
      14-баптың 4-тармағы;
      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 2-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасын (Калининград облысындағы ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған және Ресей Федерациясының Калининград облысы мен кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер арасында халықаралық тауарлар, жолаушылар мен багаж тасымалдауды және Ресей Федерациясының Калининград облысы мен Ресей федерациясының қалған бөлігі арасында тауарлар, жолаушылар мен багаж тасымалдауды орындайтын көлік құралдары бөлігінде), 3-6 тармақтарын қоспағанда 15-бап;
      17 - 23-баптар;
      осы бап;
      25 - 28-баптар.
      Калининград облысындағы ЕЭА-ның жұмыс істеу және осы Келісімнің қолданылуы қатысты болмайтын бөлігінде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін қолдану тәртібі Ресей Федерациясының № 16-Ф3 Федералдық заңына сәйкес айқындалады.
      2. Ресей Федерациясы үшін Магадан облысындағы ЕЭА-ға қатысты осы Келісімнің күшіне енген күнінен бастап осы Келісімінің мынадай ережелері қолданылады:
      1 - 8-баптар;
      осы баптың 7-тармағының бірінші бөлігін қоспағанда, 9-бап;
      10, 11-баптар;
      13-баптың 1, 2 және 4 - 6-тармақтары;
      14-баптың 4-тармағы;
      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 2-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасын, (Магадан облысындағы ЕЭА қатысушыларының өз өндірістік мұқтаждықтары үшін Магадан облысы аумағының қалған бөлігіне шығарған тауарлары бөлігінде), сондай-ақ 4) тармақшасын, 3-6 тармақтарын қоспағанда 15-бап;
      17 - 23-баптар;
      осы бап;
      25 - 28-баптар.
      Магадан облысындағы ЕЭА-ның жұмыс істеу және осы Келісімнің қолданылуы қатысты болмайтын бөлігінде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін қолдану тәртібі «Магадан облысындағы ерекше экономикалық аймақ туралы» Ресей Федерациясының 1999 жылғы 31 мамырдағы № 140-ФЗ Федералдық заңына сәйкес айқындалады.
      3. Ресей Федерациясы Калининград облысындағы ЕЭА аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған және Ресей Федерациясының Калининград облысы мен кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер арасында халықаралық тауарлар, жолаушылар мен багаж тасымалдауды және Ресей Федерациясының Калининград облысы мен Ресей Федерациясының қалған бөлігі арасында тауарлар, жолаушылар мен багаж тасымалдауды орындайтын көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалану үшін тауарлардың орнын ауыстыру тәртібін және оларды шығаруға байланысты кедендік операциялар жасау тәртібін реттейтін халықаралық Келісімде белгіленген бажсыз әкелім нормаларының шегінде жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде шығарылатын тауарларды қоспағанда, Калининград облысындағы ЕЭА-да еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлар және шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған), Калининград облысындағы ЕЭА-да еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар Ресей Федерациясының Калининград облысындағы ЕЭА-да еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлар және шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған), Калининград облысы аумағынан кеден одағының қалған кедендік бөлігіне еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі аяқталмайынша шығарылмайтынына кепілдік береді.

25-бап
Өзгерістер енгізу

      Осы Келісімге осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

26-бап
Дауларды шешу

      1. Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы арасындағы осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар ең алдымен, келіссөздер және консультациялар өткізу жолымен шешіледі.
      2. Егер даудың бір тарабы даудың екінші тарабына оларды жүргізу
туралы ресми жазбаша өтініш жіберген күннен бастап алты ай ішінде дау
тараптары дауды консультациялар және келіссөздер жолымен реттемесе, онда дау тараптарының арасында оны шешуге қатысты басқа уағдаластық болмаған кезде, дау тараптарының кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың сотына қарау үшін жібере алады.
      3. Кеден одағының Комиссиясы кеден одағына мүше мемлекеттерге дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың сотына қарау үшін бергенге дейін реттеуге жәрдем көрсетеді.

27-бап
Қорытынды ережелер

      Осы Келісім ратификациялануға және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шарттың күшіне енген күнінен бастап уақытша қолданылады.
      Осы Келісім депозитарий дипломатиялық арналар арқылы кеден одағына мүше мемлекеттердің осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісімнің 5-бабы екінші бөлімінің, 11-бабының 2-тармағы екінші бөлімінің, 13-бабының 5-тармағының ережелері осы баптың 1-бөліміне сәйкес, бірақ депозитарийдің Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің шарттық-құқықтық базасын құрайтын бірінші халықаралық шарттар пакетіне енгізілген келісімдер бойынша ратификациялық грамотаны алған күнінен ерте емес мерзімде күшіне енеді.

      2010 жылғы «__» ___________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі болып табылатын Кеден одағының комиссиясында сақталады және ол кеден одағына мүше әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.

      Беларусь              Қазақстан                 Ресей
  Республикасы үшін      Республикасы үшін       Федерациясы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады