"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 141 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат; 2005 ж., № 20, 236-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 43, 385-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеде:

      8-тармақта:

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) мемлекеттік органдардан және мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінен республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларынан бекітілген жұмыс жоспарына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты өзі белгілеген мерзімде алады;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының тиісті мамандарын (олармен келісе отырып), сондай-ақ республикалық бюджеттен олардың көрсететін қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады;":

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсетеді;";

      мынадай мазмұндағы 23-1), 23-2), 23-3), 23-4) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "23-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді;

      23-2) мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыру ұйымдастырады және мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесін бекітеді;

      23-3) Үйлестіру кеңесін қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды;

      23-4) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесін әзірлейді және бекітеді;";

      21-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-4. Есеп комитетінің Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсанына кемінде бір рет Есеп комитетінің жұмысы туралы есеп, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы жинақталған ақпарат береді.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады