Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 23 сәуірдегі № 1185 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 1177 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      Сот жүйесінің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына мынадай  өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспеде:
      «29-бабының 3-тармағына» деген сөздер «29-бабының 4-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «38-бабына» деген сөздер «38 және 38-1-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «және 48-бабының 2-тармағына» деген сөздер алып тасталсын;
      1-тармақтың 2) тармақшасы «бекітілсін» деген сөзбен толықтырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы ережеде:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың іскерлік, кәсіптік және моральдық қасиеттерін зерделеу және оның судья өкілеттіктерін жүзеге асыру перспективаларын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.»;
      2-1-тармақта:
      «енуіне» деген сөзден кейін «, Сот жюриінің қорытындысына» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Судья қызметінен, құқық қорғау органдарынан немесе өзге де мемлекеттік қызметтен теріс қылықтары мен қызметтік міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жұмыстан босатылған адамдар тағылымдамадан өтуге жіберілмейді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тағылымдамадан өту мерзімін облыстық соттың және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі - облыстық сот) төрағасы тоғыз айдан бір жылға дейінгі шекте белгілейді.
      Заңгерлік мамандығы бойынша бес жылдан артық жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ құқықтың белгілі бір саласында ғылыми дәрежелері мен атақтары бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі оның еңбек өтіліне, заң мамандығы бойынша атқарып отырған қызметіне және судья қызметіне орналасу үшін оның кәсіби даярлығының деңгейін айқындайтын негіздердің басқа да деректеріне байланысты алты айдан тоғыз айға дейін шекте белгіленеді.»;
      5-тармақ алып тасталсын;
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар;»;
      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Судья қызметіне орналасуға конкурсқа қатысу үшін тағылымдамадан өтуге тілек білдірген адам облыстық соттың төрағасына тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтініш береді.»;
      9-тармақтағы «аудандық» деген сөз «облыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Егер адам тағылымдамадан өтуге жіберілсе, тағылымдамадан өту жүзеге асырылатын аудандық сотты не аудандық соттарды, сондай-ақ тағылымдамадан өту үшін жалпы үйлестіру мен бақылау жүктелетін облыстық сот судьясын - тағылымдама үйлестірушісін облыстық соттың төрағасы өкіммен белгілейді.
      Облыстық сот төрағасының өкімі облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы сот кеңсесінің басшысы мен машықтанушы-кандидаттың арасында тағылымдамадан өту туралы келісім жасау үшін негіз болып табылады.
      Тағылымдамадан өту туралы келісімде:
      1) тараптардың атауы;
      2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      3) тағылымдамадан өту орны;
      4) тағылымдамадан өту талаптары, тәртібі мен мерзімдері қамтылуға тиіс.
      Тағылымдамадан өту туралы үлгі келісімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
      Облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы соттардың кеңселері машықтанушы-кандидат туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.»;
      12-тармақтың бірінші сөйлемі «Тағылымдама» деген сөзден кейін «облыстық соттың судьясы - тағылымдама үйлестірушісімен келісім бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      1314-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Машықтанушы-кандидат аудандық сотқа келгеннен кейін соттың төрағасы судьялардың арасынан аудандық сот судьясын - тағылымдама жетекшісін тағайындайды.
      Тағылымдама жетекшісі:
      1) жұмыстың қажетті көлемін айқындайды;
      2) машықтанушы-кандидатқа кәсіби білім деңгейін арттыруда және практикалық дағды алуда көмек көрсетеді;
      3) тағылымдамадан өту жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.
      14. Тағылымдамадан өту қорытындылары бойынша машықтанушы-кандидат тағылымдамадан өтуі туралы жазбаша есеп жасайды,  онда оның жеке жоспарды орындағаны, сондай-ақ тағылымдама жетекшісі айқындаған тапсырмаларды орындағаны туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
      Бір мезгілде аудандық соттың судьясы - тағылымдама жетекшісі машықтанушы-кандидатка пікір жазады, оны аудандық соттың төрағасы бекітеді. Пікірде оның тағылымдама барысында алған практикалық дағдылары мен білімі, машықтанушы-кандидаттың дайындық дәрежесі, іскерлік және моральдық қасиеттері туралы мәлімет қамтылуға тиіс.
      Аудандық соттың судьясы - тағылымдама жетекшісі машықтанушы-кандидатқа пікірді, тағылымдамадан етудің жеке жоспарын, оны орындағаны туралы белгілермен бірге және машықтанушының тағылымдамадан өту қорытындылары туралы жазбаша есебін облыстық сот судьясы - тағылымдама үйлестірушісінің қарауына ұсынады. Оларды қарау  нәтижелері бойынша облыстық сот судьясы - тағылымдама үйлестірушісі материалдарды облыстық соттың жалпы отырысының қарауына енгізеді.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Облыстық соттың жалпы отырысы судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өтуінің қорытындыларын қарайды және Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне тиісті қорытынды ұсынады. Облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы бес жыл бойы жарамды болады.»;
      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      «16-1. Облыстық соттың жалпы отырысы тағылымдама қорытындыларын қарау нәтижелері бойынша мынадай жағдайларда:
      машықтанушы-кандидат теріс қылық жасағанда;
      тағылымдамадан өту жоспары орындалмағанда;
      машықтанушы-кандидаттың моральдық-этикалық бейнесін теріс жағынан сипаттайтын мәліметтер болғанда теріс қорытынды береді.
      Машықтанушы-кандидаттың дәлелді себептер бойынша уақытша болмауы тағылымдамадан өту жоспарының орындалмауына әкеп соққан жағдайда, облыстық соттың жалпы отырысы тағылымдама мерзімін ол болмаған тиісті кезеңге ұзарту туралы шешім қабылдайды. Машықтанушы-кандидат теріс қорытынды алған жағдайда жалпы негіздерде тағылымдамадан қайта өтуге, теріс қорытындыны алған күнінен кемінде бір жыл өткеннен кейін жіберіледі.
      Тағылымдама қорытындыларын қараудың теріс қорытындысы судья қызметіне теріс қорытынды алған кандидаттардың есебін жүргізу үшін облыстық соттарға жіберілуге жатады.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сот жюриі туралы ережеде:
      5-тармақтағы «Жоғарғы Соттың» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақтағы «және алқаларының» деген сөздер «және сот алқаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      1) тармақшаның мәтіні бойынша «тоқтатылуы» деген сөздерден кейін «не тоқтатыла тұруы» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша алып тасталсын;
      екінші бөліктегі «Жоғарғы Соттың» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақта:
      «Жоғарғы Соттың» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «бұзғаны үшін екі және одан да көп тәртіптік жазалары бар» деген  сөздер «ұдайы бұзуға жол берген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      25-тармақ «төрағасы не» деген сөздерден кейін «соттың» деген сөзбен толықтырылсын;
      3334-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Сот жюриінің қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі  өкілетті орган жүзеге асырады.
      34. Сот жюриінің жұмыс органы Сот жюриінің хатшылығы болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметшілерінің құрамынан қалыптастырылады.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялардың республикалық  және облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары туралы ережеде:
      1 және 2-тармақтардағы «істер және біліктілік іс жүргізу материалдарын» деген сөздер «істерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы «алқа» деген сөз «сот алқалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      2) тармақшадағы «алқа төрағаларына» деген сөздер «сот алқалары төрағаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы «алқа төрағаларының» деген сөздер «сот алқалары төрағаларының» деген сөздермен ауыстырылып, «мәселені» деген сөзден кейін «қарайды.» деген сөзбен толықтырылсын;
      5) тармақша алып тасталсын;
      11-тармақтың 4) тармақшасы «қарайды.» деген сөзбен толықтырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Тәртіптік-біліктілік алқасының жұмысшы органы Тәртіптік-біліктілік алқасының хатшылығы болып табылады, ол Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі  өкілетті органның, облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы соттар кеңселерінің мемлекеттік қызметшілерінің құрамынан қалыптастырылады.»;
      22-тармақта:
      «судьясына» деген сөз «сот алқалары төрағаларына, судьяларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «алқа» деген сөз «сот алқалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      34-тармақтағы «жергілікті соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орталық уәкілетті мемлекеттік орган және жергілікті соттар әкімшілері» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      35-тармақтағы «, біліктілік іс жүргізу жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын;
      37-тармақтағы «не біліктілік іс жүргізу материалдары қаралған» деген сөздер алып тасталсын;
      39-тармақтағы «37» деген цифрлар «38» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      40-тармақтың 5) тармақшасындағы «1)» деген цифр «1-1)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      43-тармақта:
      бірінші бөліктегі «жергілікті соттар әкімшілері» деген сөздер «облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы соттардың кеңселері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасының қызметін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз етеді.».
      2. «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларына біліктілік сыныптарын беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 23 наурыздағы № 1185 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 12, 143-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Облыстық, соттардың жалпы отырыстарының осы Жарлық қолданысқа енгізілгенге дейін шығарылған оң қорытындылары олар шығарылғаннан кейін бес жыл ішінде жарамды болып белгіленсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады