Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын жетілдіру жөніндегі кейбір мәселелер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1472 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 354 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2012.07.12 № 354 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 7 мамырдағы N 1085 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:
      мәтіндегі "басқару органдары" деген сөздердің алдынан "әскери" деген сөзбен толықтырылсын;

      2) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жедел-стратегиялық - Қарулы Күштер түрлерінің құрамына кіретін бас қолбасшылардың, Қарулы Күштер әскер тектерінің қолбасшылары мен Қарулы Күштер Тылы бастығының басқармалары";

      бесінші абзац ", арнайы әскерлердің бас басқармалары" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшаның екінші абзацындағы "басқару органдары,", "әскери оқу орындары," деген сөздер алынып тасталсын;

      5) тармақшадағы "жауынгерлік" деген сөзден кейін ", арнайы" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының басқармасы" мемлекеттік мекемесін таратсын;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады