"Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 шілдедегі N 355 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.02.2019 № 838 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 40, 417-құжат; 2006 ж, № 23, 229-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2009 ж., № 3-4, 7-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 37, 309-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 48, 646-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде:

      3-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ұлттық мүдделерді қорғаудың негізгі бағыттарын айқындау, ұлттық қауіпсіздікке төнетін ішкі және сыртқы қатерлерді анықтау, талдау, бағалау және болжамдау, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін таңдау;

      2) елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;";

      4-тармақта:

      1), 1-1), 2), 3-1) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қатысты әлемдегі және өңірлердегі ахуалдың дамуына кешенді талдауды жүзеге асыру, ұлттық қауіпсіздікке төнетін ішкі және сыртқы қатерлердің туындайтын көздерін айқындау және болжамдау, олардың алдын алу және бейтараптандыру жөнінде шаралар қолдану;

      1-1) елдің дамуындағы аса маңызды бағыттар бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мазмұнын қарау және бағалау;";

      "2) қоғамдық, әскери, саяси, экономикалық, ақпараттық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қарау;";

      "3-1) Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының), Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Әділет министрліктерінің, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің, Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі және Кедендік бақылау комитеттерінің бірінші басшылары лауазымына тағайындауға ұсынылатын кандидатураларды талқылау;";

      "7) ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заң жобаларын талдау, олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдар табыс ету;";

      8-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Лауазымы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып табылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Ведомствоаралық комиссиялар, жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарына материалдар дайындайды, Қауіпсіздік Кеңесінің немесе Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының тапсыруы бойынша талдау және зерттеу жұмысын орындайды, қоғамдық, әскери, саяси, экономикалық, ақпараттық, экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді және өз қызметінің нәтижелері туралы Қауіпсіздік Кеңесін хабардар етеді.";

      21-тармақта:

      4-1) тармақшада:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясына) - тиісінше сот төрелігін жүзеге асырумен, қылмыстық қудалау, анықтау, алдын ала тергеу және жедел-іздестіру қызметі функцияларын жүзеге асырумен байланысты емес мәселелер бойынша;";

      бесінші абзац алып тасталсын;

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарға;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады