Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Орнықты органикалық ластағыштардың қалдықтарын жою" жобасын дайындауға арналған грант бөлу туралы келісім-хатқа қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 399 Жарлығы

Қазақстан Республикасының     
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс    

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Орнықты органикалық ластағыштардың қалдықтарын жою» жобасын дайындауға арналған грант бөлу туралы келісім-хат мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Жамбылұлы Қаппаровқа Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Орнықты органикалық ластағыштардың қалдықтарын жою» жобасын дайындауға арналған грант бөлу туралы келісім-хатқа қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2012 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 399 Жарлығымен   
МАҚҰЛДАНҒАН      

2011 жылғы 21 ақпан

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      Б.Б. Жәмішев мырзаға
      Жеңіс көшесі, 11
      Астана 010000
      Қазақстан Республикасы

      Қазақстан Республикасы: «Орнықты органикалық ластағыштардың қалдықтарын жою» жобасын дайындауға арналған грантқа
      № TF098891 жобаны дайындауға арналған Жаһандық экологиялық қордың сенімгерлік қорының Грантына қатысты

      Құрметті Жәмішев мырза:

      Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - Алушы) қаржылық жәрдем көрсету туралы сұрау салуына Жаһандық экологиялық қордың (бұдан әрі - ЖЭҚ) атқарушы агенттігі болып табылатын Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі - Дүниежүзілік банк) Алушыға Қосымшада белгіленген жобаны (бұдан әрі - Жоба) қаржыландыруға жәрдемдесу мақсатында Қосымшаны қамтитын осы Келісім-хатта (бұдан әрі - Келісім) көзделген не аталған шарттарда екі жүз мың АҚШ долларынан (200 000 $) аспайтын мөлшерде грант (бұдан әрі - Грант) бөлуді ұсынғанын хабарлауға қуаныштымын. Осы Грант жоғарыда аталған сенімгерлік қордың қаражатынан қаржыландырылады, осыған байланысты Дүниежүзілік банк тұрақты жарналар алады. Стандартты шарттардың (осы Келісімге Қосымшаға сәйкес) 3.02-бөліміне сәйкес Алушы Грант қаражатын олар болған кезде ала алады.
      Алушы осы Келісімді қолтаңбасымен растай отырып, ол осы Келісімді жасауға және осы Келісімде көзделген не аталған шарттарға сәйкес Жобаны жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы мәлімдейді. Грантты беру ЖЭҚ атқарушы агенттігі ретінде де, Грант қаражатынан қаржыландырылатын іс-шаралардың салдарлары болып табылатын қандай да бір Жобаны қаржыландыруға жәрдем көрсету жөніндегі дербес орган ретінде де Дүниежүзілік банк тарапынан қандай да бір міндеттеменің туындауына әкелмейді және көздемейді.
      Алушының жоғарыда айтылғанмен келісуін осы Келісімнің қоса берілген данасында Алушының мүддесін білдіретін уәкілетті лауазымды тұлғасының қолтаңбасымен және күнін көрсетумен, сондай-ақ көрсетілген дананы Дүниежүзілік банкке қайтарумен растауды сұраймыз. Дүниежүзілік банк осы қол қойылған көшірмені (дананы) алғаннан кейін осы Келісім Дүниежүзілік банк осы Келісімге Қосымшаның 4.01-бөлімінде көзделген дәлелдерді алғандығы туралы ескерту хатты жіберген күннен бастап күшіне енеді. Алайда Дүниежүзілік банк осы Келісімнің қол қойылған данасын Дүниежүзілік банк осы Келісімге қол қойылған күннен кейін тоқсан (90) күн ішінде алмаса, егер тек Дүниежүзілік банк осы мақсат үшін неғұрлым кеш мерзім белгілеген болмаса, осы Келісімнің мұндай ұсынысы кері қайтарылған деп есептеледі.

Құрметпен,
Жаһандық экологиялық қордың
атқарушы агенттігі ретінде әрекет ететін
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
________________________________
Мото Кониши
Орталық Азияның
өңірлік директоры

КЕЛІСІЛГЕН:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
_______________________
Уәкілетті өкіл
Т.А.Ә.:________________
Лауазымы:_____________
Күні:__________________

Қосымшалар:
      (1) Дүниежүзілік банк ұсынатын гранттар бойынша 2010 жылғы 31 шілдедегі стандартты шарттар;
      (2) 2006 жылғы 1 мамырдағы Жобалар бойынша төлемдер туралы Дүниежүзілік банк Басшылығының сүйемелдеуімен 2011 жылғы 21 ақпандағы төлемдер туралы хат.

ЖОБА № ТF098891 Жобаны дайындауға арналған ЖЭҚ Гранты

І бап
Стандартты шарттар: Анықтамалар

      1.01. Стандартты шарттар. Дүниежүзілік банк әртүрлі қорлардан бөлетін Гранттар бойынша 2010 жылғы 31 шілдедегі Стандартты шарттар (бұдан әрі — Стандартты шарттар) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      1.02. Анықтамалар. Осы Келісімде бас әріптермен белгіленген терминдер осы Келісімнің мақсаттары үшін «Жоба» термині Стандартты шарттарда пайдаланған кезде осы Қосымшаның 2.01-бөлімінде көзделген Іс-шараларды білдіретін шартпен егер контекст олардың басқа мәнін талап етпесе. Стандартты шарттарда немесе осы Келісімде оларға жазылған мәндерге ие болады:
      (a) «ЖБТ» осы Келісімнің 4.01(b) бөліміне сәйкес Қоршағанортаминінің жанында құрылатын. Жобаны ағымдағы басқару үшін жауапты болатын және өзіне Жобаның үйлестірушісін, қаржылық басқару жөніндегі маманды және сатып алу жөніндегі маманды қосатын Жобаны басқару тобын білдіреді.
      (b) «Қоршағанортамині» алушының Қоршаған ортаны қорғау министрлігін білдіреді және кез келген құқық мұрагерін немесе құқық мұрагерлерін қосады.

ІІ бап
Жобаның орындалуы

      2.01. Жобаның мақсаттары және сипаты. Гранттың мақсаты Стокгольм конвенциясы бойынша Алушының міндеттемелеріне сәйкес құрамында полихлордефенил (бұдан әрі - ПХД) бар материалдардың жинақталған запастарынан, сондай-ақ құрамында ООЛ бар қалдықтар мен пестицидтерден қоршаған орта және адамдар денсаулығы үшін қатерлерді төмендетуге көзделген, оған Грант берілетін Орнықты органикалық ластағыштарды (бұдан әрі - ООЛ) жою жөніндегі жобаны дайындау болып табылады, ол мынадай бөліктерден тұрады:
      (а) құрамында ООЛ бар запастарды, пестицидтер мен ПХД-жабдықты жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздеме жүргізу;
      (b) техникалық ерекшеліктерді және Жобаны іске асыру үшін тиісті институционалдық құрылымды және Жобаны басқару жөніндегі құрылымды қоса алғанда, құрамында ООЛ бар пестицидтерді сақтауға және кәдеге жаратуға инвестициялар бойынша іске асыру жоспарын әзірлеу;
      (с) бастапқы шарттарды белгілеу, экологиялық әсері бойынша зерттеу және жеңілдету шараларының алдын ала жоспары;
      (d) Жобаны мониторингілеу, бағалау және басқару тетіктерін әзірлеу.
      2.02. Жобаның жалпы орындалуы. Алушы Жобаның мақсаттарынан туындайтын өз міндеттемелері туралы мәлімдейді. Осы мақсатта Алушы Жобаны: (а) Стандартты шарттардың II тармағының; (b) 2011 жылғы қаңтардағы өзгертулермен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі займдарының, сондай-ақ Халықаралық Даму Агенттігінің кредиттері мен гранттарының қаражатынан қаржыландырылатын Жобалардағы алаяқтықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын aлу және оған қарсы күресу жөніндегі  2006 жылғы 15 қазандағы басшылығының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басшылық) ережелеріне сәйкес ЖБТ арқылы жүзеге асырады.
      2.03. Институционалдық және басқа да тетіктер. Алушы ЖБТ қызметшілері мен консультанттарын жалдау және жұмыстан босату жөніндегі барлық ұсыныстарын Дүниежүзілік банкке қарау және соңғысының бекітуі үшін жолдайды.
      2.04. Жобаның мониторингі, есептілік және бағалау.
      (а) Алушы Стандартты шарттардың 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес және осы бөлімнің (b) тармағында көзделген көрсеткіштердің негізінде Жоба прогрессінің мониторингін және бағалауды жүргізеді және Жоба бойынша есептер дайындайды. Жоба бойынша әрбір есеп бір күнтізбелік жартыжылдық кезеңін қамтиды және Дүниежүзілік банкке есеп дайындалған кезеңнің аяқталуы бойынша бір айдан кеш емес жолданады.
      (b) Жоғарыдағы (а) тармағында аталған тиімділік көрсеткіштері мынадай параметрлерден тұрады:
      - іске асыру жоспарын қоса алғанда. Жобаны дайындауға қойылатын ұлттық талаптарға сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме бойынша есеп әзірленді: мониторинг нәтижелері жөніндегі көрсеткіштер және әдістер айқындалды;
      - ұлттық талаптарға және Дүниежүзілік банктің Қорғау саясатының талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалау жүргізілді.
      (c) Алушы Стандартты шарттардың 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес аяқтау туралы есеп дайындайды. Аяқталу туралы есеп жабу күнінен бастап алты айдан кеш емес Дүниежүзілік банкке жолданады.
      2.05. Қаржылық басқару.
      (а) Алушы Стандарты шарттардың 2.07-бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
      (b) Алушы Жоба бойынша аралық аудит жүргізілмейтін қаржылық жартыжылдық есептерді әрбір күнтізбелік жартыжылдықтың аяқталуы бойынша қырық бес (45) күннен кеш емес Дүниежүзілік банк үшін  қанағаттанарлық нысан және мазмұн бойынша дайындаулы және оларды Дүниежүзілік банкке ұсынуды қамтамасыз етеді.
      (с) Алушы Дүниежүзілік банктің сұрау салуы бойынша Стандартты шарттардың 2.07(b) бөлімінің ережелеріне сәйкес өзінің қаржылық есептілігінің аудитін қамтамасыз етеді. Мұндай қаржылық есептілік аудиті Грант шотынан қаржы алу жүзеге асырылған барлық кезеңді қамтиды. Мұндай кезеңге аудит жүргізілген қаржылық есептілік Дүниежүзілік банктің сұрау салу күнінен кейін алты айдан кеш емес Дүниежүзілік банкке жолданады.
      2.06. Сатып алулар.
      (a) Жалпы. Жоба бойынша қажетті және Грант қаражатынан қаржыландырылатын барлық қызметтер:
      (і) консультанттардың қызметтерін сатып алған жағдайда Дүниежүзілік банк 2004 жылы мамырда жариялаған және 2006 жылы қазанда, 2010 жылғы мамырда және 2011 жылы қаңтарда қайта қара «Дүниежүзілік банктің Қарыз алушы консультаттарын іріктеу және жалдау жөніндегі басшылығы» деген І және IV бөлімде (Консультанттар жөніндегі басшылық); және
      (іі) Алушы Консультанттар жөніндегі басшылықтың 1.24-тармағына сәйкес Жоба бойынша дайындайтын және кезеңді жаңартатын сатып алу жоспарында (бұдан әрі - Сатып алу жоспары) оны әзірлеген жағдайларда осы бөлімнің ережелерінде көзделген не аталған талаптарға сәйкес сатып алынады.
      (b) Анықтамалар. Осы бөлімінің келесі тармақтарында пайдаланылған, бас әріптермен жазылған, Дүниежүзілік банктің айқындалған сатып алу әдістерін немесе айқындалған келісімшарттарды бағалау әдістерін сипаттауға арналған терминдер Консультанттар жөніндегі басшылықта сипатталған тиісті әдіске жатады.
      (c) Консультанттар қызметтерін сатып алудың айқындалған әдістері:
      (і) төменде (іі) тармақшада көзделген жағдайларды қоспағанда. Консультанттардың қызметтері сапасы мен құнына негізделген іріктеу нәтижесінде берілетін келісімшарттарға сәйкес сатып алынады.
      (іі) Сатып алу жоспарында көрсетілген тапсырмалар бойынша консультанттардың қызметтерін сатып алу үшін мынадай әдістер пайдалануы мүмкін: (А) сапаға негізделген іріктеу; (В) бекітілген бюджет шеңберіндегі іріктеу; (С) ең төмен құны бойынша іріктеу; (D) консультанттардың біліктілігіне негізделген іріктеу; (Е) бір көзден іріктеу; (F) жеке консультанттарды іріктеуі; және (G) жеке консультанттарды іріктеуге арналған бір көз рәсімдері.
      (d) Дүниежүзілік банктің сатып алулар жөніндегі шешімдерді бағалауы. Сатып алу жоспары Дүниежүзілік банктің алдын ала бағалауына жататын келісімішарттардың тізбесін белгілейді. Басқа да барлық келісімшарттар Дүниежүзілік банктің іс біткен соң бағалауына жатады.

III бап
Грант қаражатын алу

      3.01. Қолданылатын шығыстар. Алушы Грант қаржысын: (а) Стандартты шарттардың; (b) осы бөлімнің; және (с) Дүниежүзілік банк келесі кестеде көрсетілген қолданылатын шығыстарды қаржыландыру үшін Алушыны хабарлама бере отырып енгізе алатын қосымша нұсқаулықтардың (Дүниежүзілік банк кезеңді жаңартатын және мұндай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қатысты қолданылуы мүмкін 2006 жылғы мамырдағы «Дүниежүзілік банктің төлемдер жөніндегі нұсқаулығын» қоса алғанда) ережелеріне сәйкес ала алады. Кестеде Грант қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін қолданылатын шығыстардың санаттары (бұдан әрі - Санат), Грант сомаларын әрбір Санат бойынша бөлу және әрбір Санат бойынша қолданылатын шығыстарды қаржыландыруға арналған шығыстар үлесі белгіленеді:

Caнат

Бөлінген Грант сомасы (AҚШ доллapларында)

Қаржыландырылатын шығыстар үлесі

(1) Жоба бойынша консультанттардың қызметтері және оқыту

200 000

100%

ЖИЫНЫ:

200 000


      Осы кестеге сәйкес «Оқыту» тауар жеткізушілермен немесе қызмет көрсетушілермен келісімшарттарға қосылмаған оқыту сапарларымен, оқыту курстарымен, семинарлармен және басқа да оқыту іс-шараларымен байланысты Жоба бойынша шығыстарды, соның ішінде оқыту материалдарының құнын, үй-жайлар мен жабдықты жалға алуды, оқушылар мен оқытушылардың жол жүру және тұру шығыстарын білдіреді.
      3.02. Қаражат алу шарттары. Осы Келісімнің 3.01-бөлімінің ережелеріне қарамастан төлемдерді жүзеге асыру үшін қаражат алу Алушы осы Келісімге қол қойғаннан кейін ғана жүргізіледі.
      3.03. Қаражат алу кезеңі. Стандартты шарттардың 3.06 (c) бөлімінде көрсетілген жабылу күні 2012 жылғы 31 қазан болып табылады.

IV бап
Күшіне енуі

      4.01. Осы Келісім Дүниежүзілік банк төменде белгіленген шарттардың сақталуы туралы Дүниежүзілік банк үшін қанағаттанарлық дәлелдерді алғаннан кейін күшіне енеді.
      (а) Осы Келісімді Алушы атынан орындау және жасасу тиісті түрде барлық қажетті үкіметтік шаралармен қолданысқа енгізіледі; және
      (b) Алушы Дүниежүзілік банк үшін қанағаттанарлық ресурстары мен техникалық тапсырмасы бар құрамда МБК құрды.
      4.02. 5.01(a) бөліміне сәйкес ұсынылатын дәлелдердің бірі ретінде Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік банкке жарамды Комиссия үшін қанағаттанарлық қорытындысы немесе қорытындылары не Дүниежүзілік банктің, Дүниежүзілік банкке жарамды Комиссияның сұрау салуы бойынша қатысушы елдің құзыретті лауазымды тұлғасының Дүниежүзілік банк үшін қанағаттанарлық куәлігі Дүниежүзілік банкке мынадай мәселелерді көрсете отырып жолданады:
      Алушы атынан осы Келісім тиісті түрде қолданысқа енгізілгені, оның атынан орындалған және жасалған және өзінің шарттарына сәйкес заңды күші бар.
      4.03. Алушы және Дүниежүзілік банк өзге туралы келіскен жағдайларды қоспағанда, осы Келісім Дүниежүзілік банк Алушыға 4.01-бөлімге сәйкес талап етілетін дәлелдерді онымен қабылданғаны туралы хабарлама жолдаған күннен (бұдан әрі - Күшіне ену күні) бастап күшіне енеді. Егер Күшіне ену күнінен дейін осы Келісім қолданылған жағдайда Дүниежүзілік банкке Алушының Грант шотынан қаражат алу құқығын тоқтата тұруға мүмкіндік беретін оқиға орын алса. Дүниежүзілік банк осы бөлімде көрсетілген хабарламаны жолдауды мұндай оқиға (оқиғалар) өткенге дейін кейінге қалдыра алады.

V бап
Аушының Өкілі; Мекенжайлар

      5.01. Алушының Өкілі. Стандартты шарттардың 7.02-бөлімінде аталған Алушының Өкілі Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып табылады.
      5.02. Алушының мекенжайы. Стандартты шарттардың 7.01-бөлімінде аталған Алушының мекенжайы мыналар болып табылады:

      Қаржы министрлігі
      Жеңіс даңғылы, 11
      Астана қаласы, 010000
      Қазақстан Республикасы

      Телекс:             Факс:
      265126(FILIN)       7-7172-717785.

      5.05. Дүниежүзілік банктің мекенжайы. Стандартты шарттардың 7.01-бөлімінде аталған Дүниежүзілік банктің мекенжайы мыналар болып табылады:

      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
      Н 1818. N.W. көшесі
      Вашингтон, ОК 20433
      Америка Құрама Штаттары

      Кабель:             Телекс:             Факс:
      INTBAFRAD           248423 (MCI)        1-202-477-6391
      Вашингтон OK        64145 (MCI)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады