Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасы) қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі 803 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасы) жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасы) қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 803 Жарлығымен 
МАҚҰЛДАНҒАН    

Жоба

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық
Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы)

      2014 жылғы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ("Қарыз алушы") мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ("Банк") арасындағы келісім. Осы арқылы Қарыз алушы мен Банк төмендегілер туралы уағдаласты:

I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР

      1.01. Жалпы Шарттар (осы Келісімге Қосымшада анықталғандар) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын, бас әріптен басталатын терминдер Жалпы Шарттарда немесе осы Келісімге Қосымшада оларға бекітіп берілген мағыналарына ие болады.

II БАП - ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға сипаттамасы осы Келісімге 1-толықтыруда келтірілген жобаны ("Жоба") қаржыландыруға жәрдем көрсету мақсатында осы Келісімде жазылған немесе онда сілтеме жасалған мерзімге және шарттарда осы Келісімнің ("Қарыз") 2.07-бөлімінің ережелеріне сәйкес валюта айырбастау арқылы кезең-кезеңімен айырбастауға болатын отыз алты миллион (36 000 000 АҚШ доллары) АҚШ долларына тең соманы беруге келіседі.
      2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-толықтырудың IV бөліміне сәйкес алуға құқылы.
      2.03. Қарыз алушы төлеуге тиіс біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бірін (0,25%) құрайды. Қарыз алушы біржолғы комиссияны осы Келісім күшіне енген күннен кейін 60 күннен кешіктірмей төлейді.
      2.04. Қарыз алушы әрбір пайыздық кезең үшін төлеуі тиіс пайыздар Қарыз валютасы үшін референттік мөлшерлемеге өзгермелі спрэдті қосқанға тең мөлшерлеме бойынша есептелетін болады; Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігін конверсиялау кезінде осындай сома бойынша конверсиялау кезеңі уақытында Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері Жалпы Шарттардың IV бабының ережелеріне сәйкес айқындалуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер Қарыздың алынған өтелмеген қалдығы бөліктерінің кез келгені уақтылы төленбей қалса және отыз (30) күн ішінде төленбесе, онда Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері мұндай жағдайда Жалпы Шарттардың 3.02(е) бөлімінің ережелеріне сәйкес есептеледі.
      2.05. Әр жылдың 15 наурызы және 15 қыркүйегі төлем күндері болып табылады.
      2.06. Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімге 3-толықтыруда келтірілген өтеу кестесіне сәйкес өтеледі.
      2.07. (а) Қарыз алушы кез келген уақытта борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету үшін Қарыз шарттарының мынадай конверсияларының кез келгенін жүргізуді сұрата алады: (і) мақұлданған валютаға алынған да, алынбаған да Қарыз Валютасының барлық немесе Қарыздың негізгі сомасының кез келген бөлігін өзгерту; (іі) мыналарды: (А) өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген мөлшерлемеге немесе керісінше Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне; немесе (В) референттік мөлшерлемеге және өзгермелі спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген референттік мөлшерлеме мен өзгермелі спрэд негізінде өзгермелі мөлшерлемеге немесе керісінше Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне немесе (С) өзгермелі спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеге Қарыздың алынған және өтелмеген барлық негізгі сомасына қолданылатын пайыздық мөлшерлеме базисін өзгерту; және (ііі) өзгермелі мөлшерлеме немесе референттік мөлшерлеме үшін пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегін немесе пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегін белгілеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне қолданылатын өзгермелі мөлшерлеменің немесе референттік мөлшерлеменің шектерін айқындау.
      (b) Осы бөлімнің (а) тармағына сәйкес сұратылған, Банк қабылдаған кез келген өзгеріс Жалпы Шарттарда айқындалғандай, "Конверсия" болып саналады және Жалпы Шарттардың IV бабы мен Конверсия жөніндегі нұсқама ережелеріне сәйкес күшіне енеді.

III БАП - ЖОБА

      3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарын ұстанатыны туралы мәлімдейді. Осы мақсатта Қарыз алушы Жобаны Жалпы Шарттардың V бабының ережелеріне сәйкес Әділет министрлігі арқылы іске асырады.
      3.02. Егер Қарыз алушы мен Банк арасында өзгеше келісілмесе, осы Келісімнің 3.01-бөлімінің ережелері үшін шектемей, Қарыз алушы осы Келісімге 2-толықтырудың ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.

IV БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ; ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТУ

      4.01. Күшіне енудің қосымша шарттары мыналар болып табылады:
      (а) Әділет министрлігі Банк үшін қанағаттанарлық техникалық тапсырмасы, персоналы және ресурстары бар ЖІТ-ті құрады;
      (b) Қарыз алушы ЖІТ құрамына кіретін Іске асыруды қолдау тобын іріктейді;
      (с) Қарыз алушы нысаны мен мәні бойынша Банк үшін қанағаттанарлық болып табылатын Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаманы қабылдайды.
      4.02. Осы Келісім күшіне енетін соңғы мерзім осы Келісімге қол қойылған күннен кейін бір жүз сексен (180) күн өткен соң басталатын
күн болып табылады.

V БАП - ӨКІЛ; МЕКЕНЖАЙЛАР

      5.01. Қаржы министрі Қарыз алушының өкілі болып табылады.

      5.02. Қарыз алушының мекенжайы:
      Қаржы министрлігі
      Жеңіс даңғылы, 11
      010000, Астана қаласы
      Қазақстан Республикасы
      Телекс:                 Факс:
      265126 (FILIN)          (7) (7172) 717785

      5.03. Банктің мекенжайы:
      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
      1818 Н.N.W. көшесі
      Вашингтон, Колумбия округі, 20433
      Америка Құрама Штаттары

      Телеграф мекенжайы:      Телекс:                 Факс:
      INTBAFRAD                248423(МСІ) немесе      1-202-477-6391
      Washington, D.С.         64145(МСІ)
      _________,______ жоғарыда көрсетілген күні және жылы КЕЛІСІЛДІ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ үшін

Қол қойған:
__________________________
Уәкілетті өкіл

Т.А.Ә.: __________________

Лауазымы: ________________

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ
ДАМУ БАНКІ үшін

Қол қойған:
______________________
Уәкілетті өкіл

Т.А.Ә.: _______________

Лауазымы: _____________

1-ТОЛЫҚТЫРУ

Жобаның сипаттамасы

      Жобаның мақсаты: (а) іріктелген заңдарды тиімді іске асыру үшін іріктелген мекемелердің институционалдық мүмкіндіктерін арттыру және (b) сот төрелігі секторында іріктелген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігін, ашықтығын және оларға қолжетімділікті арттыру болып табылады.
      Жоба мынадай бөліктерден тұрады:

       А бөлігі. Құқықтық және институционалдық базаның негізгі элементтерін іске асыруды нығайту

      1. Мыналарды: (а) реттеуіш бағалау мен әсер ету бағалауын жүргізуді; (b) семинарларды, оқытуды, фокус-топтарды ұйымдастыруды және пайдаланушыларға сұрау, сондай-ақ Кодекстерді қолдану мәселелері бойынша ауқымды консультациялар үшін басқа да коммуникациялық және насихаттау іс-шараларын жүргізуді; және (с) Кодекстер тиімділігін өлшеу үшін мониторинг және бағалау жүйелерін әзірлеуді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, құзыретіне Кәсіпкерлік кодексінің жобасы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс және Қылмыстық кодекс бойынша мемлекеттік функцияларды орындау кіретін Әділет министрлігінің және басқа да іріктелген мекемелердің институционалдық мүмкіндіктерін нығайту үшін консультациялық қызметтер көрсету және оқытуды жүргізу.
      2. Мыналарды: (а) нормативтік құжаттар жобаларын әзірлеу бойынша семинарлар мен оқыту ұйымдастыруды; (b) реттеуіш бағалау мен әсер ету бағалауын жүргізуді; (с) фокус-топтарды ұйымдастыруды және пайдаланушыларға сұрау және ұсынылып отырған заң мен заңға тәуелді актілерді әзірлеу бойынша ауқымды консультациялар үшін басқа да коммуникациялық және насихаттау іс-шараларын жүргізуді; және (d) ұсынылып отырған заң мен заңға тәуелді актілерді қабылдағаннан кейін олардың тиімділігін өлшеу үшін мониторинг және бағалау жүйелерін әзірлеуді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, өзін-өзі реттейтін кәсіптік ұйымдар туралы жаңа ұсынылып отырған заңды, сондай-ақ тиісті заңға тәуелді актілерді әзірлеу кезінде іріктелген мекемелерді қолдау үшін консультациялық қызметтер көрсету, оқытуды жүргізу және тауарларды беру.
      3. Мыналарды: (а) Қарыз алушының тиісті мемлекеттік органдары арасында үйлестіру процестері мен консультацияларды, (b) заң шығармашылық сапасын бағалау үшін кері байланыс тетіктерін және (с) Әділет министрлігі мен Қарыз алушының басқа да іріктелген мекемелері үшін заң шығармашылығы интернет-порталын құруды және қолдауды қоса алғанда, заң шығармашылығы үшін білім базасының ашықтығын арттыру және нығайту бойынша шараларды қоса алғанда, Қарыз алушының заң шығармашылық жұмысын, процестерін және мүмкіндіктерін жетілдіру үшін Әділет министрлігі мен басқа да іріктелген мекемелерге консультациялық қызметтер көрсету, оқытуды жүргізу және тауарларды беру.

       В бөлігі. Әділет министрлігі көрсететін қызметтердің сапасын және жеделдігін арттыру

      1. Мыналарды: (а) мерзімді институционалдық өзін-өзі бағалауды жүргізуді; (b) Әділет министрлігіне және Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқамада тұжырымдалған критерийлерге сәйкес іріктелген Қарыз алушының құқықтық жүйесінің басқа да органдарына қоғамдық сенімді бағалау үшін қоғамдық пікірге жыл сайынғы сұрау жүргізуді; (с) тиімділік мониторингінің кешенді тетіктері мен индикаторларын әзірлеуді және енгізуді, сондай-ақ есептілік нәтижелерін жинауды және дайындауды; (d) коммуникацияның және мүмкіндіктерді дамытудың кешенді стратегиясын әзірлеуді; (е) Әділет министрлігінің операциялық жол картасын әзірлеуді және іске асыруды; және (f) мониторинг және бағалау жүйелерін әзірлеуді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Әділет министрлігінің мүмкіндіктерін арттыру үшін оған консультациялық қызметтер көрсету, оқытуды жүргізу және тауарларды беру.
      2. Мыналарды: (а) Қарыз алушы соттарының сот шешімдерін орындауды, (b) сот шешімдерін орындау кезінде сұрау және тиімділік пен ашықтыққа бағалау жүргізуді, (с) үздік халықаралық практиканы Қарыз алушының құқық қолдану практикасымен салыстыру үшін мониторинг және бағалау жүйелерін әзірлеуді; (d) ақпараттық жүйелерді жаңғырту мен оларға инвестициялаудың орта мерзімдік стратегиясын әзірлеу мен эксперименттік іске асыруды; және (е) сот-сараптама қызметінің мүмкіндіктерін жетілдіру мақсатында Әділет министрлігіне консультациялық қызметтер көрсету, оқытуды жүргізу және тауарларды беру.
      3. Мыналарды: (а) институционалдық бағалау және диагностика жүргізуді, сондай-ақ осы бағалау мен диагностика нәтижелерін қолдануды қолдауды, (b) тиімділік индикаторларын қолдануды қолдауды, (с) жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша дерекқордағы деректер мен  ақпарат сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жүргізуді және (d) есепке алу құжаттарын қағаз форматтан электрондық форматқа жылдамдатып аударуды қолдауды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Қарыз алушының Әділет министрлігін тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру үшін консультациялық қызметтер көрсету, оқытуды жүргізу және тауарларды беру.
      4. Өзгелер арасында: тегін құқықтық көмек туралы заңды қолдану бойынша семинарлар мен оқыту жүргізу; (b) мүдделі тараптардың қатысуымен эксперименттік инновациялық, құқықтық көмек көрсетудің және қажетті түзетулер және оны іске асыруды қамтамасыз ететін заңға тәуелді актілерді әзірлеудің неғұрлым тиімді әдістерін пайдалану; (с) құқықтық көмек көрсетудің интернет-порталын әзірлеуді және оның жұмысын қамтамасыз ету; (d) пайдаланушылар, ұйым берушілер және басқа да мүдделі тараптардың түсіндірмелерін алу және жариялау; (е) адвокаттар мен нотариустардың қызметтер көрсетуіне талдау жүргізу; (f) қаржылық әсер ету саясатына шолу және бағалау жүргізу; (g) тегін құқықтық көмек көрсету және оған қол жеткізуді ұсыну кезінде гендерлік проблемаларға талдау жүргізу және шығыстарды көрсете отырып, көмек көрсету бойынша негізгі гендерлік проблемаларды шешудің кезең-кезеңді стратегиясын дайындау, сондай-ақ стратегияны іске асыруды қолдау арқылы құқықтық көмекке қолжетімділікті жетілдіру үшін Әділет министрлігіне консультациялық қызметтер көрсету және тауарларды беру.
      5. Мыналарды: (а) жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсынуды қоса алғанда, бұрынғы құқық бұзушыларды әлеуметтік-экономикалық реинтеграциялауға жәрдемдесу стратегиясын; және (b) істерді неғұрлым тиімді қарау үшін соттармен және іріктелген мекемелермен байланысты жақсарту мақсатында пенитенциарлық ақпараттық жүйе үшін техникалық ерекшеліктерді әзірлеу бойынша іріктелген мекемелерге консультациялық қызметтер көрсету.

       С бөлігі. Судьялардың тиімділігі мен кәсібилігін арттыру

      1. Мынадай салаларда Жоғарғы Сотқа және іріктелген соттарға консультациялық қызметтер көрсету, оқытуды жүргізу және тауарларды беру:
      (а) Мыналар: (і) судьяларға соттан тыс жүктемені көбейтетін кедергілерді анықтау мақсатында зерттеулер мен диагностика жүргізу; (іі) осындай кедергілерді жою және судьялар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу; және (ііі) пилоттық соттарда осындай ұсынымдарды орындау үшін консультациялық қызметтер көрсету, оқытуды жүргізу және тауарларды беру арқылы іріктелген соттарды қолдау.
      (b) Мыналар: (і) төменгі сатыдағы соттардың жұмысын мониторингілеу және бағалау; (іі) сот рәсімдерін оңайлату және оңтайландыру; (ііі) жұртшылық пен сот процесіне қатысушылар үшін соттардың жұмыс істеуі туралы ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу; (іv) соттар мен судьяларды мамандандыруға жәрдемдесу; және (v) төменгі сатыдағы соттарға қатысты әкімшілік және басқару функцияларын орындау бойынша Жоғарғы Соттың институционалдық мүмкіндіктерін нығайту; (vі) Жоғары Сот Кеңесінің сот тәртіптік процестерін бағалау және күшейту бойынша мүмкіндіктерін арттыру; (vіі) судьялар мен сот төрелігі секторының басқа да лауазымды адамдары арасында білім алмасуға жәрдемдесу үшін консультациялық қызметтер көрсету, оқытуды жүргізу және тауарларды беру арқылы сот жүйесін қолдау және басқару бойынша Жоғарғы Соттың мүмкіндіктерін арттыру.
      2. (а) Мыналар: (і) судьяларды және соттар персоналын оқыту; (іі) институционалдық бағалауды, шолуды, саяси зерттеулерді дайындау мен жүргізу және стратегиялар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеу; (ііі) әлеуметтік демаргинализация проблемалары мен гендерлік проблемаларды, сондай-ақ әлеуметтік қорғалмаған топтар алдында тұрған басқа да проблемаларды шешу бойынша судьялар мен сот төрелігі секторының басқа да мүдделі тараптары үшін әлеуметтік-психологиялық дайындық пен семинарлар әзірлеу және өткізу үшін консультациялық қызметтер көрсету, оқытуды жүргізу және тауарларды беру арқылы Сот төрелігі институтының және іріктелген мекемелердің мүмкіндіктерін арттыруды қолдау.
      (b) Мыналарға:
      (і) Сот төрелігі институтына орта мерзімдік даму стратегиясын және оқыту мен инфрақұрылымға қажеттілікті бағалауды қоса алғанда, іс-шаралар жоспарын дайындау бойынша;
      (іі) Сот төрелігі институтына және іріктелген мекемелерге судьялар мен сот қызметкерлерін электрондық оқыту бойынша пилоттық курстарды өткізу; оқыту тиімділігін өлшеу үшін мониторинг жүйесін құру; әлемдік білімге және үздік практикаға қолжетімділікті алу мақсатында персоналды дамытудың тиісті тетіктерін құру; және Институт мүмкіндіктерін арттыру және қолданбалы саяси зерттеулерге (әлеуметтік демаргинализация, гендерлік проблемалар, бұрынғы құқық бұзушыларды әлеуметтік-экономикалық реинтеграциялау және т.б. салаларды қоса алғанда) екпін беруді күшейту бойынша техникалық қолдау көрсету.

       D бөлігі. Жоба мен ғылыми қызметті іске асыру және үйлестіру

      1. Әділет министрлігіне консультациялық қызметтер көрсету, оқытуды жүргізу және оның: ІҚТ жалдауды қоса алғанда, Жобаны іске асыруға, басқаруға, үйлестіруге, мониторингілеуге және бағалауға қосымша операциялық шығыстарын жабу.
      2. Сот төрелігі секторы ұйымдарынан конкурстық негізде іріктелген құқықтық кандидаттарға оларды әлемдік біліммен және реформаларды әзірлеудің үздік халықаралық практикасымен таныстыру және оларды жүргізу үшін стипендиялық бағдарлама бойынша гранттар беру.

2-ТОЛЫҚТЫРУ
Жобаның орындалуы

       I бөлім. Іске асыру тетіктері

      А. Институционалдық тетіктер

      1. Қарыз алушы Әділет министрлігі арқылы:
      (а) Жобаның іске асырылу кезеңі ішінде Жобаның жалпы іске асырылуына, Іске асыруды қолдау тобын басқару мен бақылау үшін жауапты болатын, Жобаның Директоры басшылық ететін Жобаны іске асыру тобын ("ЖІТ") қолдайтын болады.
      (b) күшіне енгізген күннен немесе Қарыз алушы мен Банк жазбаша нысанда келісуі мүмкін басқа неғұрлым кешірек күннен кейінгі жеті (7) күннен кешіктірмей ЖІТ-ті қолдау үшін Банк үшін қанағаттанарлық техникалық тапсырмасы, ресурстары мен персоналы бар Іске асыруды қолдау тобымен консультациялық қызметтер көрсетуге келісімшарт жасасады және одан кейін Іске асыруды қолдау тобын ЖІТ құрамында сақтап қалады.
      (с) Стипендиялар төлеуге гранттар бөлу жөніндегі нұсқамаға енгізуге және ЖІТ-тің қаржылық ақы төлеу, бақылау және бекіту процестеріне сәйкес құқықты Кандидаттарды қарауын және оларға бағалау жүргізуін қамтамасыз етуге тиіс, Банк үшін қолайлы құқықтылық критерийлеріне, іріктеу әдістеріне және рәсімдерге, сондай-ақ Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқамада неғұрлым егжей-тегжейлі көрсетілген, Банк үшін қолайлы басқа да ережелерге сәйкес стипендиялық бағдарлама бойынша гранттар алуға құқықты Кандидаттарды іріктеп алады.
      (d) келісімшарттардың стипендиялық бағдарлама арқылы әрбір грант жөнінде нысаны мен мәні бойынша және Банкті қанағаттанарлық мерзімге және шарттарда жасалуын қамтамасыз етеді, бұл ретте мұндай келісімшарттарға сәйкес Қарыз алушы мыналарды: (і) құқықты Кандидат тиісті келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің кез келгенін орындамаған жағдайда қүқықты Кандидаттың стипендиялық бағдарлама бойынша грант алуға құқығын тоқтата тұру немесе тоқтату; және (іі) Банк немесе Қарыз алушы стипендиялық бағдарлама бойынша грантқа қатысты негізді сұратуы мүмкін барлық ақпаратты алу құқығын қоса алғанда, өз мүдделері мен Банктің мүдделерін қорғау үшін және Жобаның мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткілікті құқықтарды алуға тиіс.

      В. Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқама және Стипендиялар төлеуге гранттар бөлу жөніндегі нұсқама

      1. Қарыз алушы Жобаны, нысаны бойынша және мәні бойынша Банк үшін қанағаттанарлық Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқамаға сәйкес іске асыруға тиіс, бұл ретте, осы Нұсқама өзгелер арасында, Жобаны іске асыру үшін институционалдық тетіктерді, сатып алу, қаржылық басқару, мониторинг және бағалау тетіктерін, іріктелген мекемелердің міндеттері мен оларды үйлестіру тетіктерін қамтуға тиіс.
      2. Қарыз алушы Жобаның D.2-бөлігін нысаны бойынша және мәні бойынша Банк үшін қанағаттанарлық Стипендиялар төлеуге гранттар бөлу жөніндегі нұсқамаға сәйкес іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс, онда өзгелер арасында (а) құқықты Кандидаттар үшін іріктеу әдістері мен құқықтылық критерийлері, (b) қаржылық ақы төлеу, бақылау және бекіту процестері, (с) стипендиялық бағдарлама бойынша гранттар жөніндегі техникалық тапсырмалар және (d) стипендиялық бағдарлама бойынша гранттар беруге арналған үлгі шарт қамтылуға тиіс.
      3. Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқамаға және/немесе Стипендиялар төлеуге гранттар бөлу жөніндегі нұсқамаға Банктің алдын ала жазбаша келісуімен мезгіл-мезгіл түзетулер енгізілуі мүмкін. Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаманың немесе Гранттар жөніндегі нұсқаманың ережелері мен осы Келісімнің ережелері арасында қандай да бір қайшылықтар туындаған жағдайда, осы Келісімнің ережелері басым күшке ие болады. Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаманың ережелері мен Стипендиялар төлеуге гранттар бөлу жөніндегі нұсқаманың ережелері арасында қандай да бір қайшылықтар туындаған жағдайда, Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаманың ережелері басым күшке ие болады.

      С. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

      Қарыз алушы Жобаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқамаға сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.

       II бөлім. Жобаның мониторингі, есептілігі және оны бағалау

      А. Жоба бойынша есептер

      1. Қарыз алушы Жобаны іске асыру барысына мониторинг және бағалау жүргізеді және Жалпы Шарттардың 5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес әрі Банк үшін қолайлы индикаторлар негізінде Жоба бойынша есептер дайындайды. Жоба бойынша әрбір есеп бір күнтізбелік жартыжылдық кезеңді қамтуға және осындай есеппен қамтылатын кезең аяқталғаннан кейін қырық бес (45) күннен кешіктірілмей Банкке ұсынылуға тиіс.

      В. Қаржылық басқару, қаржылық есептер және аудит

      1. Қарыз алушы қаржылық басқару жүйесін Жалпы Шарттардың 5.09-бөлімінің ережелеріне сәйкес жүргізеді немесе оның жүргізілуін қамтамасыз етеді.
      2. Қарыз алушы аудиторлық тексеруден өтпеген, Жоба бойынша тиісті тоқсан үшін нысаны және мәні бойынша Банк үшін қолайлы аралық қаржылық есептерді әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін қырық бес (45) күннен кешіктірмей дайындайды және Банкке ұсынады.
      3. Қарыз алушы өзінің қаржылық есептілігінің аудитін Жалпы Шарттардың 5.09 (b) бөлімінің ережелеріне сәйкес жүргізеді. Қаржылық есептіліктің әрбір аудиті Қарыз алушының бір қаржы жылы кезеңін қамтуға тиіс. Аудиторлық тексеруден өткен әрбір осындай кезең үшін қаржылық есептілік Банкке тиісті кезең аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.

       III бөлім. Сатып алу

      А. Жалпы ережелер

      1. Тауарлар және консультациялық емес қызметтер. Жобаны іске асыру үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен консультациялық емес қызметтер Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөлімінде қамтылған немесе оларға сілтемелер қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      2. Консультациялық қызметтер. Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық консультациялық қызметтер Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың I және IV бөлімдерінде қамтылған немесе оларға сілтемелер қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      3. Анықтамалар. Осы Бөлімде сатып алудың жекелеген әдістерін немесе Банктің жекелеген келісімшарттарды қарау әдістерін сипаттау үшін төменде пайдаланылатын, бас әріптен басталатын терминдер нақты жағдайға қарай Сатып алу жөніндегі нұсқаманың II және III бөлімдерінде немесе Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың II, III, IV және V бөлімдерінде сипатталған тиісті әдістерге жатады.

      В. Тауарларды және консультациялық емес қызметтерді сатып алудың жекелеген әдістері

      1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, тауарларды және консультациялық емес қызметтерді сатып алу халықаралық конкурстық сауда-саттықтың рәсімдеріне сәйкес берілген келісімшарттар бойынша жүзеге асырылады.
      2. Тауарларды және консультациялық емес қызметтерді сатып алудың басқа да әдістері. Халықаралық конкурстық сауда-саттықтан басқа Сатып алу жоспарында көрсетілген келісімшарттар бойынша тауарларды және консультациялық емес қызметтерді сатып алудың мынадай әдістері қолданылуы мүмкін: (а) осы 2-толықтыруға Қосымшада көрсетілген қосымша ережелермен реттелетін Ұлттық конкурстық сауда-саттық; және (b) ашық нарықта сатып алу.

      С. Консультациялық қызметтерді сатып алудың жекелеген әдістері

      1. Сапа және құн негізінде іріктеу. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, консультациялық қызметтерді сатып алу Сапа және құн негізінде іріктеу рәсіміне сәйкес берілген келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
      2. Консультациялық қызметтерді сатып алудың басқа да әдістері. Сапа және күн негізінде іріктеуден басқа, Сатып алу жоспарында көрсетілген келісімшарттар бойынша консультациялық қызметтерді сатып алудың мынадай әдістері қолданылуы мүмкін: (а) Тіркелген бюджет кезінде іріктеу; (b) Ең аз құны бойынша іріктеу; (с) Консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу; (d) Консалтингтік фирмалардың қызметтерін бір көзден сатып алу; және (е) Жеке консультанттарды бір көзден іріктеу рәсімдері.

      D. Банктің сатып алу жөніндегі шешімдерді қарауы

      Сатып алу жоспарында Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттар көрсетілуге тиіс. Барлық басқа келісімшарттар Банктің фактіден кейін қарауына жатады.

      IV бөлім. Қарыз қаражатын алу

      А. Жалпы ережелер

      1. Қарыз алушы Жалпы Шарттардың II бабының, осы Бөлімнің және төмендегі 2-тармақта келтірілген кестеге сәйкес Құқықтық шығыстарды қаржыландыру үшін Банк Қарыз алушыға берген хабарламасында көрсететін сол бір қосымша нұсқаулықтардың (2006 жылғы мамырдағы, Банк кезең сайын қайта қарайтын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қолданылатын "Дүниежүзілік Банктің жобалар қаражатын игеру жөніндегі нұсқамасын" қоса алғанда) ережелеріне сәйкес Қарыз қаражатын ала алады.
      2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін Құқықтық шығыстардың санаттары ("Санат"), әрбір Санат бойынша Қарыздың бөлінетін сомасы және әрбір Санат бойынша Құқықтық шығыстар ретінде қаржыландырылуға жататын шығыстардың пайыздық үлесі көрсетілген.

Санаты

Қарыздың бөлінетін сомасы (АҚШ долларымен көрсетілген)

Қаржыландырылуға жататын шығыстар үлесі

(1) Консультациялық қызметтер көрсету, оқытуды жүргізу және Жобаның операциялық қосымша шығыстарын жабу (Жобаның D.2-бөлігі шеңберінде стипендиялық бағдарлама бойынша гранттарды қоспағанда)

35,577,000

60%

(2) Жобаның D-2-бөлігі шеңберінде стипендиялық бағдарлама бойынша гранттар беру

423,000

60%

ЖАЛПЫ СОМА

36,000,000


      В. Алу шарттары; алу кезеңі

       1. Осы Бөлімнің А бөлігінің ережелеріне қарамастан, қаражат:
      (а) бір жолғы комиссияның толық сомасын Банк алғанға дейін Қарыз шотынан;
      (b) осы Келісім күніне дейін жасалған төлемдер бойынша; немесе
      (с) Банк үшін қанағаттанарлық Стипендиялар төлеуге гранттар бөлу жөніндегі нұсқаманы Қарыз алушы Әділет министрлігі арқылы қабылдағанға дейін (2) санат бойынша алынбауға тиіс.
      2. Жабылу күні - 2018 жылғы 31 желтоқсан.

      V бөлім. Басқа да міндеттемелер

      Күшіне енген күннен бастап қырық бес (45) күннен кешіктірмей Қарыз алушы аудиторлық тексеруден өтпеген аралық қаржылық есептерді жүргізуге қабілетті, Жоба үшін бухгалтерлік есепті автоматтандырылған компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысқа қабілетті модулін Әділет министрлігінің толықтай іске қосуын қамтамасыз етуге және Жобаның Банк үшін қолайлы шоттары мен міндеттемелері бойынша деректерді ұсынуға тиіс.

2-ТОЛЫҚТЫРУҒА
қосымша

      Ұлттық конкурстық сауда-саттық өткізу рәсімдері "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 161-V Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістерімен қоса "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңында жазылған сауда-саттық рәсімдеріне сәйкес келуге тиіс, алайда, мұндай рәсімдер "ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларына берілетін гранттар қаражаттары есебінен тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес қызмет көрсетуді сатып алу жөніндегі нұсқаманың" (2011 жылғы қаңтар) ("Сатып алу жөніндегі нұсқама") I бөлімінің және 3.3 және 3.4-тармақтарының ережелеріне және мынадай қосымша ережелерге сәйкес келуге шарт:
      (а) Құқықтылық: Сауда-саттыққа қатысушылардың сатып алу процесіне қатысуға және Банк қаржыландыратын келісімшартты жасасуға құқықтылығы Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөліміне сәйкес айқындалатын болады; тиісінше сауда-саттыққа қатысушының немесе сауда-саттыққа әлеуетті қатысушының ешқайсысы Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөлімінде көрсетілгеннен өзге себептер бойынша Банк қаржыландыратын келісімшарттарды жасасуға құқықты емес деп жариялануы мүмкін емес. Сауда-саттыққа шетелдік қатысушыларға ҰКС рәсімдеріне қатысуына рұқсат беріледі және олар сатып алу процесіне қатысу үшін сауда-саттыққа жергілікті қатысушылармен серіктестік қатынастарға түсуге міндетті емес.
      (b) Тіркеу: Конкурстық сауда-саттық алдын ала тіркелген фирмалармен шектелмеуге тиіс, сондай-ақ сауда-саттыққа шетелдік қатысушылардың конкурстық өтінімдерді беру шарты ретінде жергілікті билік органдарында тіркелуі талап етілмейді.
      (с) Преференциялар: Қандай түрдегі болсын ешқандай преференция сауда-саттыққа қатысушының азаматтығы; тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің немесе жұмыс күшінің шығарылған жері; жергілікті қамту; жергілікті меншік үлесі; және/немесе преференциялардың кез келген басқа бағдарламалары негізінде конкурстық өтінімдерді бағалау кезінде қолданылмауға тиіс.
      (d) Конкурстық құжаттама: Сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар  келісімшарттардың Банкке қолайлы ережелерін қоса алғанда, конкурстық құжаттаманың тиісті үлгілік топтамасын пайдалануға тиіс.
      (е) Сметалық шығындар: Сметалық шығындар сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларға жария етілмеуге тиіс.
      (f) Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі: Конкурстық өтінімдердің қолданылу мерзімін ұзарту, егер бұл айрықша мән-жайларға байланысты болса, бұл ұзарту бағалауды аяқтау және/немесе келісімшартты беру үшін қажетті ең аз кезеңді ғана қамтыған жағдайда, сауда-саттыққа барлық қатысушылардан өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін және бағалауды аяқтау немесе келісімшартты беру үшін қажетті ең аз кезеңге жазбаша нысанда талап етілуі мүмкін және ол төрт (4) аптадан аспауға тиіс. Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз ешқандай қосымша ұзарту сұратылуға тиіс емес.
      (g) Конкурстық өтінімдерді беру және ашу: Сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларға сауда-саттыққа қатысуға шақыруды жариялаған күннен немесе конкурстық құжаттама әзір болған күннен бастап, конкурстық өтінімдерді дайындау және беру үшін көрсетілген оқиғалардың қайсысы кешірек басталуына қарай, кемінде отыз (30) күн берілетін болады. Өтінімдерді ашу оларды берудің түпкі мерзімі басталғаннан кейін тікелей жария түрде жүргізіледі. Конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасының көшірмесі дереу конкурстық өтінімдер берген сауда-саттыққа қатысушылардың барлығына және Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттарға қатысты Дүниежүзілік Банкке берілуге тиіс.
      (h) Біліктілік: Біліктілік критерийлері конкурстық құжаттамада нақты көрсетілуге тиіс. Осындай құжаттамада көрсетілген критерийлердің барлығы және осы көрсетілген критерийлер ғана сауда-саттыққа қатысушының біліктілігін айқындау үшін пайдаланылуға тиіс. Біліктілік "өтті немесе өткен жоқ" деген әдіс бойынша бағалануға тиіс, бұл ретте ешқандай балдар қолданылмауға тиіс. Мұндай бағалар: (і) тиісті жалпы және ерекше тәжірибенің және белгілі бір кезең ішінде осындай келісімшарттарды табысты орындаудың қанағаттанарлық қызметі туралы тізімнің болуын; (іі) қаржылық жағдайды; және мән-жайларға қарай (ііі) құрылыстық және/немесе өндірістік қуаттың болуын қоса алғанда, объективті және өлшенетін факторлар ескеріле отырып, сауда-саттыққа қатысушының немесе сауда-саттыққа әлеуетті қатысушының келісімшарттың тиімді орындалуы үшін қажетті мүмкіндіктері мен ресурстарына толық негізделуге тиіс.
      (і) Алдын ала біліктілік рәсімдері мен Банк үшін қанағаттанарлық құжаттар жұмыстарды орындауға арналған ірі, күрделі және/немесе мамандандырылған келісімшарттар үшін пайдаланылуға тиіс. Сауда-саттыққа қатысушының персонал мен жабдыққа қатысты ағымдағы міндеттемелері мен мүмкіндіктерін қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушы негізге алып алдын ала біліктіліктен өткен ақпаратты тексеру келісімшартты беру кезінде жүргізілуге тиіс.
      (j) Алдын ала біліктілік пайдаланылмайтын жағдайларда, келісім-шартты беруге ұсынылған сауда-саттыққа қатысушының біліктілігі конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік критерийлері қолданыла отырып, біліктіліктен кейінгі процесте бағаланатын болады.
      (k) Конкурстық өтінімдерді бағалау: Бағалау критерийлері конкурстық құжаттамада нақты көрсетілуге тиіс. Конкурстық өтінімдерді бағалау конкурстық құжаттамада көрсетілген санмен өлшенетін критерийлерге қатаң сәйкестікте жүргізілуге тиіс. Бағаны қоспағанда, басқа бағалау критерийлері ақшалай мәнде санмен айқындалуға тиіс. Балдар мен ақырғы мәндер әдісі пайдаланылмауға тиіс, бұл ретте конкурстық өтінімдерді бағалау кезінде бағаның маңыздылығын айқындау үшін ешқандай да ең төменгі балдар немесе пайыздар қолданылмауға тиіс. Сауда-саттыққа қатысушылар болмашы, елеулі емес ауытқулар негізінде одан шеттетілуге тиіс емес. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттыққа қатысушылардан олардың конкурстық өтінімдерін бағалау үшін қажетті түсіндірмелерді сұратуы мүмкін, бірақ ол конкурстық өтінімдер ашылғаннан кейін сауда-саттыққа қатысушылардан олардың өтінімдерінің мәнін немесе бағасын өзгертуді сұрай алмайды немесе рұқсат бере алмайды.
      (l) Келісімшарттар конкурстық өтінімі: (і) негізінен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін; және (іі) ең төмен бағалау құнын ұсынатын сауда-саттыққа білікті қатысушыға берілуге тиіс. Бағаға немесе конкурстық өтінімнің мәніне қатысты ешқандай келіссөздер жүргізілмеуге тиіс.
      (m) Конкурстық өтінімдерді қабылдамау және қайтадан беру: Бағасы төмен немесе бағалау құнынан асатын, конкурстық өтінімнің диапазоны шеңберінен немесе шекті мәні шегінен асып кетуі себептерінен ешқандай конкурстық өтінім қабылданбауға тиіс емес. Конкурстық өтінімдердің барлығы (екіден аз конкурстық өтінім алынған жағдайларды қоса алғанда) қабылданбауға тиіс емес, сатып алу процесі тоқтатылмауға тиіс және жаңа конкурстық өтінімдерді беруге шақыру Дүниежүзілік Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияланбауға тиіс.
      (n) Кепілдіктер: Конкурстық өтінімдерге және келісімшарттарды орындауға кепілдіктер формат түрінде берілуге және олардың конкурстық құжаттамада көрсетілген қажетті қолданылу мерзімі болуға тиіс. Қажет болған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету тіркелген сома түрінде көрсетілуі мүмкін және келісімшарттың сметалық құнының екі пайызынан (2%) аспауға тиіс. Аванстық төлемнің тиісті кепілдігі болмайынша мердігерлерге ешқандай аванстық төлемдер жүргізілмеуге тиіс.
      (о) Құпиялылық: Конкурстық өтінімдерді бағалау процесі келісімшартты беру туралы ақпарат жарияланғанға дейін құпия болуға тиіс.
      (p) Электрондық сатып алу жүйесі: Дүниежүзілік Банк жүйелердің параметрлеріне қанағаттанған жағдайда, электрондық сатып алу жүйелері қолданылуы мүмкін, бұл ретте жүйе, өзгелер арасында қауіпсіз болуға және берілген конкурстық өтінімдердің тұтастығы, құпиялылығы және теңтүпнұсқалығы сақталуға тиіс.
      (q) Алаяқтық және сыбайлас жемқорлық: Сатып алу жөніндегі нұсқамаға сәйкес барлық конкурстық құжаттама және келісімшарттар Сатып алу жөніндегі нұсқамада айқындағандай, алаяқтыққа және/немесе сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар фирмаларға немесе тұлғаларға санкцияларды қолдану жөніндегі Дүниежүзілік Банк саясатының ережелерін қамтуға тиіс.
      (r) Тексерулер мен аудиттер жүргізуге қатысты құқықтар: Сатып алу жөніндегі нұсқамаға сәйкес конкурстық құжаттаманың әрбір топтамасында және Банк қаражаты есебінен қаржыландырылатын әрбір келісімшартта сауда-саттыққа қатысушылар, өнім берушілер мен мердігерлер, сондай-ақ олардың қосалқы мердігерлері, агенттер, қызметкерлер, консультанттар, көрсетілетін қызметтердің провайдерлері немесе өнім берушілер өздерінің есепшоттарын, есептік және конкурстық өтінімдер беруге және келісімшарттарды орындауға қатысты басқа да құжаттарын тексеруге Банкке рұқсат беретіні, сондай-ақ Банк тағайындаған аудиторларға есепшоттары мен есептік құжаттамаларына аудит жүргізуге рұқсат беретіні туралы ережелер қамтылуға тиіс. Сатып алу жөніндегі нұсқамада көзделген тексерулер мен аудиттер жүргізу кезінде Банктің өз құқықтарын қолдануына елеулі қиындықтар жасауға бағытталған іс-әрекеттер аталған Нұсқамада көрсетілген айқындамаға сәйкес кедергі келтіретін практика болып табылады.
      (s) Келісімшарттарды беру туралы ақпаратты жариялау: Сауда-саттықты ұйымдастырушы қолжетімді ашық тегін веб-сайтты немесе Дүниежүзілік Банк үшін қолайлы басқа да жариялау құралдарын пайдалану арқылы келісімшарттарды беру туралы мынадай ақпаратты жариялауға тиіс: (а) өтінім берген әрбір конкурсқа қатысушының атауы; (b) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде жарияланған конкурстық өтінімдердің бағалары; (с) қатысушылардың атаулары және бағалаудан өткен әрбір конкурстық өтінімнің бағаланған құны; (d) өтінімдері қабылданбаған сауда-саттыққа қатысушылардың атаулары және бұл өтінімдерді қабылдамаудың себептері; (е) сауда-саттық жеңімпазының атауы және ол ұсынған баға, сондай-ақ берілген келісімшарттың ұзақтығы мен ауқымына қысқаша шолу.

3-ТОЛЫҚТЫРУ
Қарызды өтеу кестесі

      1. Осы Толықтырудың 2-тармағының ережелеріне сәйкес Қарыз алушы әрбір игерілген соманы жарты жылда бір рет, әрбір жылдың 15 наурызында және 15 қыркүйегінде төленуге жататын жарналармен өтеп отырады, бұл ретте бірінші жарна игерілген сома бойынша өтеу сомасы тіркелген күннен кейінгі төлемнің он бірінші (11) күніне төленуге жатады, ал соңғы жарна игерілген сома бойынша өтеу сомасы тіркелген күннен кейінгі төлемнің отызыншы (30) күніне төленуге жатады. Соңғысын қоспағанда, әрбір жарна игерілген соманың жиырмадан біріне (1/20) тең болады. Соңғы жарна игерілген соманың қалған өтелмеген бөлігіне тең болады.
      2. Егер игерілген сома бойынша негізгі борышты өтеу есебіне бір немесе одан да көп жарналар осы Толықтырудың 1-тармағының ережелеріне сәйкес 2034 жылдың 15 наурызынан кейін төленуге тиіс болса, онда Қарыз алушы осындай күнге мұндай жарналардың жиынтық сомасын да төлейді.
      3. Банк әрбір игерілген сома бойынша борышты өтеу кестесі туралы Қарыз тараптарын игерілген сома бойынша сома тіркелген күннен кейін дереу хабардар етуге тиіс.

ҚОСЫМША

      I бөлім. Анықтамалар

      1. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс" Қарыз алушының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 17 қаңтардағы (166-V) Заңымен енгізілген түзетулермен, сондай-ақ оған кезең-кезеңімен енгізілуі мүмкін басқа түзетулермен Қарыз алушының 2001 жылғы 30 қаңтардағы (№ 155) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін білдіреді.
      2. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқама" 2006 жылғы 15 қазандағы және 2011 жылғы қаңтардағы редакциядағы "ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттарының қаражатынан қаржыландырылатын жобалардағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оларға қарсы күрес жөніндегі нұсқаманы" білдіреді.
      3. "Санат" осы Келісімге 2-толықтырудың IV бөлімінің кестесінде көрсетілген санатты білдіреді.
      4. "Кодекстер" жиынтығында Кәсіпкерлік кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті және Қылмыстық кодексті білдіреді.
      5. "Консультанттар жөніндегі нұсқама" 2011 жылғы қаңтардағы "Дүниежүзілік Банктің қарыз алушыларына берілетін ХКДБ қарыздары, ХДҚ кредиттері мен гранттары шеңберінде консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманы" білдіреді.
      6. "Кәсіпкерлік кодексі" Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес дайындалып жатқан және 2014 жылғы маусымда Қарыз алушының Парламентіне енгізілетін Қарыз алушының Кәсіпкерлік кодексін білдіреді. Осы термин Қарыз алушы оны толық қолданысқа енгізгеннен кейінгі Кәсіпкерлік кодексін білдіреді.
      7. "Құқықты кандидат" Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқамада көрсетілген, Банк үшін қолайлы іріктеу және құқықтылық критерийлеріне сәйкес стипендиялық бағдарлама бойынша грант алуға құқығы бар кандидатты білдіреді.
      8. "Стипендиялық бағдарлама бойынша грант" Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқамада көрсетілген іріктеу әдістеріне, құқықтылық критерийлеріне, рәсімдерге, транзакцияларға, бақылау және бекіту процестеріне, іске асыру тетіктеріне және қажетті техникалық тапсырмаларға сәйкес құқықты Кандидатқа беретін грантты білдіреді.
      9. "Стипендия төлеуге гранттар бөлу жөніндегі нұсқама" Қарыз алушы қабылдайтын және осы Келісімге 2-толықтырудың І.В.2-бөлімінде айтылатын нұсқаманы білдіреді.
      10. "Жалпы Шарттар" 2012 жылғы 12 наурыздағы "Халықаралық
Қайта Құру жэне Даму Банкінің Қарыз беру үшін Жалпы Шарттарын"
білдіреді.
      11. "Іске асыруды қолдау тобы" немесе "ІҚТ" осы Келісімге 2-толықтырудың І.А. 1 (b) бөліміне сәйкес Жобаны іске асыру бойынша ІҚТ-ге практикалық қолдау көрсету үшін Әділет министрлігі арқылы Қарыз алушы тартатын консалтингтік фирманы білдіреді.
      12. "Қосымша операциялық шығыстар" Жобаны іске асыруға, басқаруға, үйлестіруге, мониторингіне және бағалауға байланысты жартыжылдық бюджеттер негізінде Банк бекіткен, Банк үшін қолайлы, негізделген және қажетті қосымша шығыстарды білдіреді, ол өзгелер арасында: (і) коммуналдық қызметтер мен байланысқа; (іі) семинарлар ұйымдастыруға; (ііі) көлік және іссапар шығыстарына, оның ішінде Жобаны іске асыруға қатысатын лауазымды адамдар мен сарапшылардың шығыстарына; (іv) офистік шығыс материалдарын; (V) БАҚ-пен байланысқа және жарнамалық хабарландыруларға, басылымдар мен жарияланымдарға; (vі) ауызша және жазбаша аудармаға; (vіі) банктік комиссиялар төлеуге және (vііі) көлік құралдарын жалға алуға және жанармайға жұмсалатын шығындарды қамтиды. Жоғарыда айтылғанға қарамастан, қосымша операциялық шығыстар Қарыз алушының мемлекеттік қызметшілерінің жалақысын немесе ақшалай жәрдемақысын қамтымайды.
      13. "Сот төрелігі институты" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы № 1583 Жарлығы негізінде құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қарыз алушының Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтын және оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді.
      14. "Тегін құқықтық көмек туралы заң" кезең-кезеңімен енгізілуі мүмкін түзетулерімен қоса Қарыз алушының "Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы" 2013 жылғы 3 шілдедегі (№ 122-V) Заңын білдіреді.
      15. "Өзін-өзі реттейтін кәсіптік ұйымдар туралы заң" Қарыз алушы әзірлейтін және осы Келісімге 1-толықтырудың А.2-бөлігінде айтылатын өзін-өзі реттейтін кәсіптік ұйымдар туралы заңды білдіреді.
      16. "Қылмыстық кодекс" Қарыз алушының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 17 қаңтардағы (166-V) Заңымен енгізілген түзетулерімен, сондай-ақ оған кезең-кезеңімен енгізілуі мүмкін басқа да түзетулерімен қоса немесе жаңадан қабылданған Қылмыстық кодекспен алмастыра отырып, Қарыз алушының 1997 жылғы 16 шілдедегі (№ 167) Қылмыстық кодексін білдіреді.
      17. "Сатып алу жөніндегі нұсқама" 2011 жылғы қаңтардағы "ХҚДБ қарыздары, ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша Дүниежүзілік Банк қарыз алушыларының тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес қызметтерді сатып алу жөніндегі нұсқаманы" білдіреді.
      18. "Сатып алу жоспары" Сатып алу жөніндегі нұсқаманың 1.18-тармағында және Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың 1.25-тармағында айтылатын 2014 жылғы 10 ақпандағы Жоба үшін Қарыз алушының сатып алу жоспарын білдіреді. Жоспар көрсетілген тармақтардың ережелеріне сәйкес кезең сайын жаңартылып отырады.
      19. "Жобаны іске асыру тобы" немесе "ЖІТ" Жобаны іске асыруға жауап беретін Әділет министрлігі жанындағы жобаны іске асыру тобын білдіреді.
      20. "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" Қарыз алушының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін және оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді.
      21. "Ішкі істер министрлігі" Қарыз алушының Ішкі істер министрлігін және оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді.
      22. "Әділет министрлігі" Қарыз алушының Әділет министрлігін және оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді.
      23. "Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқама" Қарыз алушы қабылдайтын және осы Келісімге 2-толықтырудың І.В.І бөлімінде айтылатын нұсқаманы білдіреді.
      24. "Қарыз алушының іріктелген мекемелері" мыналардың кез келгенін: (а) Әділет министрлігін; (b) Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін; (с) Өңірлік даму министрлігін; (d) Ішкі істер министрлігін; (е) Жоғарғы Сотты немесе (f) Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқамада көрсетілген критерийлерге сәйкес іріктелген Қарыз алушының басқа да мемлекеттік органын білдіреді.
      25. "Іріктелген соттар" Алматы, Астана, Ақтөбе, Семей, Павлодар және Қарағанды қалаларында орналасқан Қарыз алушының бірінші сатыдағы соттарын немесе Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқамада Көрсетілген критерийлерге сәйкес іріктелген басқа да соттарды білдіреді.
      26. "Жоғарғы Сот" Қарыз алушының Жоғарғы Соттың және оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді.
      27. "Оқыту" Банк үшін қолайлы жартыжылдық оқу жоспарлары мен танысу сапарлары негізінде, оның ішінде қатысушылар оқу семинарлары уақытында көтеретін ел ішіндегі сапарлар мен халықаралық сапарларға және визалар алуға негізделген және қажетті шығыстарды, сондай-ақ тұруға, тамақтануға арналған шығыстарды, Қарыз алушының нормативтік құжаттарына сәйкес жергілікті және халықаралық сапарлар үшін іссапар шығыстарын, тіркегені, оқытқаны және кураторлардың қызметтері үшін төлемақыны, елеулі емес ұйымдастыру шығыстарын (оның ішінде кеңсе тауарларының, үлестіру және оқу материалдарының құнын), жазбаша және ауызша аудармаларға арналған шығындарды, үй-жайларды жалға алуға арналған шығындарды және оқу семинарларымен және танысу сапарларымен тікелей байланысты басқа да шығыстарды Банк бекіткеннен кейінгі Жоба шеңберінде өткізілуге тиіс оқыту жөніндегі (консультациялық көрсетілетін қызметтерден басқа) іс-шараларды білдіреді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады