Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 888 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліл отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014жылғы 6 тамыздағы
№ 888 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №51, 675-құжат; 2006 ж., №41, 446-құжат; 2009 ж., № 26, 220-құжат; № 56, 467-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; 2013 ж., №22, 351-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің құрамы (қызметі бойынша) осы өзгерістерге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат; № 38, 430-құжат; 2008 ж., № 24, 226-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 49-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 50, 453-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; № 72-73, 1051-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; № 49, 678-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат; № 28, 227-құжат):

      1) 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.";

      10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі болып табылады, оның функциялары:";

      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның дербес құрамы осы өзгерістерге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 477-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат):

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы ережеде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі болып табылады.";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кенесінің құрамы осы өзгерістерге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. Күші жойылды - ҚР Президентінің 20.10.2017 № 568 Жарлығымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      7. "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 66-құжат; № 28, 227-құжат):

      1) жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі болып табылады.";

      2) жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы осы өзгерістерге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 6 тамыздағы
№ 888 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан
Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін
өзгерістерге
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1509 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің
ҚҰРАМЫ
(қызметі бойынша)

      Қазақстан Республикасының Президенті - Кеңес төрағасы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

      Казақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 6 тамыздағы
№ 888 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан
Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін
өзгерістерге
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 13 сәуірдегі
№ 314 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

      әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Президенттің көмекшісі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 6 тамыздағы
№ 888 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан
Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін
өзгерістерге
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 14 наурыздағы
№ 285 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің
ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Президенттің көмекшісі, төрағаның орынбасары

      Кеңес мүшелері:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 6 тамыздағы
№ 888 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан
Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін
өзгерістерге
4-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 436 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 20.10.2017 № 568 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 6 тамыздағы
№ 888 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан
Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін
өзгерістерге
5-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 266 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кенестің
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының жобаларын үйлестіру және іске асыру мәселелеріне жетекшілік етуші орынбасары, төрағаның орынбасары

      әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Сырткы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

      "Ұлттық талдау орталығы" акционерлік коғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады