Қорғау шараларын жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу мәселелері бойынша 2006 жылғы 28 қарашадағы Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушыларды қорғау туралы келісімді іске асыру туралы хаттаманың жобасын мақұлдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 338 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қорғау шараларын жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу мәселелері бойынша 2006 жылғы 28 қарашадағы Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушыларды қорғау туралы келісімді іске асыру туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2016 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 338 Жарлығымен    
МАҚҰЛДАНҒАН      

Жоба

Қорғау шараларын жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу
мәселелері бойынша 2006 жылғы 28 қарашадағы Қылмыстық
сот ісін жүргізуге қатысушыларды қорғау туралы
келісімді іске асыру туралы
ХАТТАМА

      2006 жылғы 28 қарашадағы Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушыларды қорғау туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттер Келісімнің 28-бабы 1-тармағының ережелерін іске асыру тәртібін айқындау мақсатында, қорғау шараларын жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу мәселелерін неғұрлым толық реттеуге ниет білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Хаттаманың мақсаттары үшін Келісімде көзделген терминдер пайдаланылады.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 4-бабында көзделген қорғау шараларын жүзеге асыруға байланысты шығыстарды жоспарлау, оларды сұрау салушы Тараптың құзыретті органының өтеу, сондай-ақ жүргізілген қаржылық және материалдық шығындар туралы есеп құжаттарын беру тәртібін айқындайды.
      Осы Хаттама Келісімнің 11-бабының ережелерін іске асыру кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мәселелерін қозғамайды.

3-бап

      Тараптардың құзыретті органдары өз мемлекеттерінің тиісті заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, оларды орындау практикасы туралы материалдармен, Келісімді іске асыру үшін қажетті қорғау шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру саласындағы статистикалық деректермен және әдістемелік ұсынымдармен алмасады.

4-бап

      Сұрау салынатын Тараптың қорғалатын адамға мүлік сатып алуына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге және ақшалай қаражат беруге арналған шығыстарды осы Хаттамаға 1-қосымшаға сәйкес Шығыстар сметасы (бұдан әрі - Смета) есебінен өтеуі оларды иелену, пайдалану және билік ету құқығының сұрау салушы Тарапқа ауысуына әкеп соқпайды.
      Сатып алынуы Смета бойынша жүзеге асырылмаған мүлікке есептелген амортизация сомасы, сатып алынуы Смета бойынша жүзеге асырылмаған, қорғау шаралары қолданылған кезде қорғалатын адамның оны пайдалану кезеңінде жұмсалған мүліктің құны да сұрау салынатын Тарапқа өтелмейді.
      Смета есебінен сатып алынған азық-түлікті, темекі өнімдерін, киімді, аяқ киімді, жеке гигиена заттарын, медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды, балаларға арналған тауарларды және басқа да бірінші кезекте қажетті мүлікті, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Тараптардың ұлттық заңнамасында белгіленген жағдайларда, Смета есебінен қорғалатын адамға берілетін ақшалай қаражатты иелену, пайдалану және билік ету құқығы оларды қорғалатын адам алған кезден бастап соған ауысады.
      Қорғалатын адамның жеке күзетін жүзеге асыруға, жұмыс (қызмет) немесе оқу орнын өзгертуіне жәрдем көрсетуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі Тараптардың құзыретті органдарының уағдаластығы бойынша айқындалады.

5-бап

      Сұрау салушы Тарап сұрау салынатын Тараптың аумағында жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын сатып алмайды, бұл мүлікті сатып алу үшін шығыстар Сметаға енгізілмейді және өтеуге жатпайды.

6-бап

      Қорғалатын адамды сұрау салушы Тараптың сұрау салынатын Тарапқа беруі және кері беруі осы Хаттамаға 2-қосымшаға сәйкес Акт (бұдан әрі - Акт) бойынша сұрау салынатын Тараптың аумағында жүзеге асырылады.
      Қорғалатын адамды сұрау салынатын Тараптың қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуі қорғау шарасын қолдану кезеңінде жүзеге асырылады және Актіге қол қойған кезден бастап басталады (тоқтатылады).
      Қорғалатын адамның сұрау салынатын Тараптың қорғауында уақытша болмау кезеңдері де актілермен ресімделеді. Бұл ретте жекелеген шараларды (тұрғын үй-жайларды жалға алу, тұрғынжай мен мүлікті күзету және басқалары) қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету сұрау салынатын Тараптың шешімі бойынша тоқтатыла алмайды.

7-бап

      Смета жобасын қорғау шараларын жүзеге асыру туралы сұрау салу (бұдан әрі - Сұрау салу) жіберілгенге дейін сұрау салынатын Тараптың аумағында қолданылатын бағаларды (тарифтерді) және ұлттық заңнамаға сәйкес сұрау салынатын Тарап қолданатын нормативтерді ескере отырып, Тараптардың құзыретті органдары келіседі.
      Егер Тараптардың жекелеген халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Смета сұрау салынатын Тараптың ұлттық валютасында дайындалады және сұрау салушы Тараптың құзыретті органы Сұрау салумен бір мезгілде береді.
      Смета қорғау шараларын қолдану жылдары бойынша егжей-тегжейлі қалыптастырылады.
      Сметаны (оның көрсеткіштері өзгерген жағдайда Сметаның жаңа редакциясы) сұрау салушы Тараптың құзыретті органының басшысы немесе оның орынбасары бекітеді және осы органның елтаңбалы мөрімен куәландырылады.

8-бап

      Күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.
      Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы тоқсан аяқталғаннан кейін күнтізбелік 45 күннен кешіктірмей сұрау салушы Тараптың құзыретті органына өтеуге жататын соманы және ақшалай қаражат аударылуға тиіс шоттың деректемелерін көрсете отырып, хат жібереді. Хатқа Шығыстар туралы мәліметтер (осы Хаттамаға 3-қосымша) және оның жасалған күнін, төлеушінің - сұрау салушы Тараптың құзыретті органының атауын, алушының - сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының атауын, алушы банктің - сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының деректемелерін, төлемді тағайындауды (қол жеткізуі шектелген ақпарат көрсетілмейді), төлем сомасын (Смета шегінде), төлем валютасын, оған қол қоюға уәкілеттік берілген адамдардың қолтаңбаларын және басқа да деректемелерді (мәліметтерді) қамтитын сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының елтаңбалы мөрімен куәландырылған ақы төлеуге арналған шот қоса беріледі.
      Ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтарды пайдалану жөніндегі бастапқы құжаттарды, Смета мен Шығыстар туралы мәліметтерді, сондай-ақ қажет болған кезде валютаның ресми бағамын растайтын құжаттарды сұрау салынатын Тарап осы Хаттаманың 13-бабында көзделген іс-шаралар аяқталған кезден бастап 5 жыл бойы сақтайды.
      Сұрау салынатын Тараптың тілінде жасалған құжаттарға куәландырылған орыс тілдегі аудармасы қоса беріледі.

9-бап

      Қорғалатын адамның көшуіне, оның ішінде жол жүруіне және қаптама, тиеу (түсіру) құнын қоса алғанда, қорғалатын адамды сұрау салынатын Тараптың аумағында берілетін жерге және кері қарай жеке мүлкін тасымалдауға байланысты шығыстарды сұрау салушы Тарап көтереді. Бұл шығыстар Сметаға енгізілмейді.

10-бап

      Келісімді іске асыру кезінде сұрау салынатын Тараптың шығыстар жасауын растайтын құжаттар сұрау салынатын Тараптың құзыретті және өзге де органдарының ұлттық заңнамасына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ресімделеді.

11-бап

      Сұрау салушы Тараптың құзыретті органы осы Хаттаманың 8-бабында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 45 күн ішінде оларды қарауды жүзеге асырады және сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының шотына ақшалай қаражат аударады.
      Келіспеушіліктер болған кезде сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының атына тиісті өтініш жіберіледі.
      Ақшалай қаражатты аудару тиісті жылға арналған Смета бойынша бекітілген қаражат шегінде Шығыстар туралы мәліметтерге сәйкес, өткен тоқсанда жүргізілген нақты шығыстар көлемінде жүзеге асырылады.
      Қорғау шаралары тоқтатылғаннан кейін Тараптардың құзыретті органдары арасындағы түпкілікті есеп айырысу өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілерін жасай отырып жүзеге асырылады.
      Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісін сұрау салушы Тарап екі данада жасайды, олар сұрау салынатын Тарапқа қорғау шараларын тоқтату күніне сұрау салынатын Тарап алдындағы берешекті өтеу мақсатында ақшалай қаражатты аудара отырып, бір мезгілде жіберіледі.
      Сұрау салынатын Тарап салыстырып тексеру актісін алған күннен бастап күнтізбелік 45 күн ішінде сұрау салушы Тараптың атына сұрау салынатын Тараптың уәкілетті адамдары қол қойған және құзыретті органының елтаңбалы мөрімен куәландырылған өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісінің бір данасын жібереді.

12-бап

      Егер Тараптардың жекелеген халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Келісімнің 28-бабын іске асыруға байланысты Тараптардың құзыретті органдары арасындағы есеп айырысулар сұрау салынатын Тараптың ұлттық валютасында жүргізіледі.

13-бап

      Сұрау салынатын Тарап жүзеге асыратын, қорғалатын адамның қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін бақылау, қорғау шаралары тоқтатылған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей жүргізіледі.
      Бақылау іс-шаралары сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен іске асырылады.
      Бақылау іс-шараларының нәтижелерін сұрау салынатын Тарап сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
      Жүргізілген тексерулер нәтижесінде Тараптардың бірлесіп қарауын қажет ететін мәселелер туындаған кезде материалдар (материалдардан алынған үзінділер) сұрау салушы Тарапқа, оған қатысты бөлігінде жіберіледі.

14-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған мемлекеттердің орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарийге сақтауға берген күннен бастап күшіне енеді. Қажетті рәсімдерді кейінірек орындаған мемлекеттер үшін осы Хаттама депозитарийге тиісті құжаттарды тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Хаттама өзінің қолданысын Келісіммен бір мезгілде тоқтатады.

      ____________ жылғы __________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

    Әзербайжан Республикасы үшін     Ресей Федерациясы үшін
     Армения Республикасы үшін     Тәжікстан Республикасы үшін
      Беларусь Республикасы үшін       Түрікменстан үшін
      Қазақстан Республикасы үшін   Өзбекстан Республикасы үшін
        Қырғыз Республикасы үшін          Украина үшін
        Молдова Республикасы үшін

Қорғау шараларын жүзеге асыруға
байланысты шығыстарды өтеу  
мәселелері бойынша     
2006 жылғы 28 қарашадағы  
Қылмыстық сот ісін жүргізуге
қатысушыларды қорғау туралы
келісімді іске асыру   
туралы хаттамаға     
1-қосымша       

(үлгі)

Қолжеткізуді шектеу дәрежесі
№____Д.           
БЕКІТЕМІН         
Сұрау салушы Тараптың  
құзыретті органының  
басшысы (орынбасары),
арнаулы атағы,    
жеке қолы, аты-жөні, тегі
20 ж. «  »     
М.О.         

_____ _____№ _____ сұрау салуға
__________№ _________ Шығыстар сметасы

(валюта)

№ р/с Қорғау шараларының атауы Қорғау шараларын қолдану кезеңі (кезеңнің басталуы) Сома Ескертпе
(жыл) (жыл) Қорғау шараларын қолдану кезеңіне барлығы
1 2 3 4 5 6 7

1.







2.







Жиыны:






Қорғау шаралары бойынша жоспарланатын шығыстардың есебі:
КЕЛІСІЛДІ
Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының басшысы (орынбасары), арнаулы атағы, жеке қолы, аты-жөні, тегі

20 ___ ж. "__" ___________
М.О.                    

Қорғау шараларын жүзеге асыруға
байланысты шығыстарды өтеу  
мәселелері бойынша     
2006 жылғы 28 қарашадағы  
Қылмыстық сот ісін жүргізуге
қатысушыларды қорғау туралы
келісімді іске асыру   
туралы хаттамаға     
2-қосымша       

(үлгі)

Қолжеткізуді шектеу дәрежесі
№____Д.         

Акт

20 __ ж. «___» __________                       ___________ қ.

Мен, ________________________________________________________________
            (лауазымы, құзыретті орган, атағы, аты-жөні, тегі)
_____________________________________________________________________
2006 жылғы 28 қарашадағы Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушыларды қорғау туралы келісімге сәйкес одан әрі қорғау шараларын жүзеге асыру үшін ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
              (лауазымы, құзыретті орган, атағы, аты-жөні, тегі)
__________________________________________________________ бердім
Беру негіздемесі ____________________________________________________
Қорғалатын адам _____________________________________________________
        (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және туған жері, бүркеншік аты, өзгесі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қорғалатын адам берді:                  Қорғалатын адам қабылдады:
___________________________            _____________________________
___________________________            _____________________________

Қорғау шараларын жүзеге асыруға
байланысты шығыстарды өтеу  
мәселелері бойынша     
2006 жылғы 28 қарашадағы  
Қылмыстық сот ісін жүргізуге
қатысушыларды қорғау туралы
келісімді іске асыру   
туралы хаттамаға     
3-қосымша       

(үлгі)

Қолжеткізуді шектеу дәрежесі
№____Д.          

__________ № ___________ шығыстар сметасына
20 ___ жылғы __________________ шығыстар туралы мәліметтер
(өсу қорытындысымен тоқсан сайын беріледі)

(валюта)

№ р/с

Қорғау шараларының атауы

Қорғау шараларын іске асыруды бастау күні

Қорғау шараларын іске асыруды аяқтау күні

Ағымдағы жылға арналған шығыстар сметасы бойынша бекітілді

Орындалды

Өтеуге жатады (анықтамалық)

тоқсан ішінде

жыл басынан бері

тоқсан ішінде

берешек

барлық өтеуге жататыны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.










Жиынтығы:









Бағаналардың деректері және ___ бойынша сомасы ______ ________ № _____ ______________________ болып қалыптастырылды
     (шот функцияларын атқаратын құжат)
Қорғау шаралары бойынша шығыстар туралы мәліметтер (Шығыстар туралы осы мәліметтердің 6 және 8-бағаналарын таратып жазу):
1.
2.
Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы
Ескертпе. 9-бағанадағы мәліметтер жылдар, тоқсандар (және басқа да көрсеткіштер) бойынша егжей-тегжейлі көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады