ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 563-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:
3-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) бірлескен нормативтік құқықтық актімен белгіленген тәртіпте "Антитеррор" ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының құрамына кіретін мемлекеттік органдардың арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жөнінде шаралар тұжырымдау;";
5-тармақ екінші бөлімінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының шешімдерін орындау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы қызметі Терроризмге қарсы орталығы штабының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының штабы) баяндамасын тыңдайды;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Лауазымдары бойынша Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының мүшелері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;
2) Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры;
3) Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі;
4) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
5) Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
6) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
7) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
8) Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі;
9) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрі;
10) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;
11) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
12) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
13) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
14) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
15) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
16) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
17) Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;
18) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы басшысының орынбасары).".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |