Қоғамды ұлттық мəдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан əрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.НАЗАРБАЕВ |