"Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 35 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

"Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары – Президенттің өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, жұмыс кеңестерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырыстарының, Қазақстан Республикасының Президенті басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берген тапсырмалары; Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары; Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік құжаттар бойынша тапсырмалары;";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі әзірлеген Қазақстан Республикасы Президенті актісінің жобасы қағаздағы және электрондық түрде дайындалады. Егер акт екі және одан көп парақтан тұрса, жобаның қағаздағы нұсқасына Президент Әкімшілігінің әзірлеуші құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі бірінші парақтан басқа, әрбір парағына қол қояды.

      Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы Президент Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен және жауапты лауазымды адамдарымен қағаздағы және электрондық түрде келісіледі.

      Президент Әкімшілігі әзірлеген Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын өзге де лауазымды адамдармен келісу қажет болған жағдайда, мұндай келісу қағаздағы түрінде жүзеге асырылады.";

      16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) елдің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, оның ішінде елдің Стратегиялық даму жоспарында және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарында айқындалған ел дамуының негізгі индикаторларына қол жеткізуге олардың орындалуының ықпалы;";

      18-тармақта "мемлекеттік бағдарламаларды," деген сөздер алып тасталсын;

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Егер Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасында кемшіліктер анықталған жағдайда немесе олар бойынша жұмыс тәртібімен жоюға болатын қарсылықтар болса, онда Президент Әкімшілігі Басшысының немесе оның тиісті орынбасарының шешімі бойынша жоба Президент Әкімшілігінде әзірлеуші мемлекеттік органның қатысуымен пысықталуы мүмкін.

      Бұл ретте кемшіліктер немесе қарсылықтарды жою және қажеттілігіне қарай қайта акт жобасын қайта келісу, егер Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе оның тиісті орынбасары өзгеше мерзім белгілемесе, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы пысықталған соң, егер өзгеше мерзім белгіленбесе, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының қолы қойылған Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының ілеспе хатымен не Үкіметтің құрылымына кірмейтін әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының қолы қойылған ілеспе хатпен бір жұмыс күнінен кешіктірілмей Президент Әкімшілігіне қағаздағы және электрондық түрінде қайта енгізіледі.";

      мынадай 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға енгізілетін актінің жобасына қажеттігіне қарай осы Қағидаларға 1-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі дайындайтын Қазақстан Республикасының Президенті актісінің немесе тапсырмасының орындалуын бақылауды бекіту қоса беріледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобаларын дайындау:

      1) өңірлік сапарларды;

      2) халықаралық іс-шараларды;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін қоғамдық маңызы бар іс-шараларды;

      4) жұмыс кеңестерін;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырыстарын;

      6) Қазақстан Республикасының Президенті басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың отырыстарын өткізу кезінде жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобалары, әдетте, Қазақстан Республикасының Президенті қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобалары Қазақстан Республикасының Президенті қол қоятын тапсырмалар мәтіні түрінде ресімделеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобалары, әдетте, Қазақстан Республикасының Президенті қол қоятын хаттама не Президент Әкімшілігінің Басшысы бұйрығымен бекітілетін іс-шаралар жоспары түрінде ресімделеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша дайындалатын құжаттарға осы Қағидалардың 1-4-қосымшасына сәйкес нысанда Қазақстан Республикасының Президенті актісінің немесе тапсырмасының орындалуын бақылауды бекіту қоса беріледі.";

      30-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) орталық мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін жұмыс кеңестері, қоғамдық маңызы бар іс-шаралар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырыстары, Қазақстан Республикасының Президенті басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың отырыстары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткізілетін алдағы іс-шаралар шеңберінде Премьер-Министрмен, мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілген тапсырмалардың жобаларын Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен іс-шаралардың өткізілуінен кемінде он бес жұмыс күні бұрын ұсынуды қамтамасыз етеді.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен іс-шара өткізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының әзірленген жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, Премьер-Министрмен келісуді қамтамасыз етеді және оны жеті жұмыс күні ішінде Президент Әкімшілігіне енгізеді.

      34. Президент Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмасы жобасының келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуын, оның ішінде осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкестігі, Елдің стратегиялық даму жоспарында және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарында айқындалған ел дамуының негізгі индикаторларына қол жеткізуге олардың орындалуының ықпалы тұрғысынан қаралуын, сондай-ақ Президенттің бұрын берген тапсырмаларымен оның қосарлануын болдырмауды қамтамасыз етеді және оң қорытынды болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға енгізеді. Теріс қорытынды болған жағдайда ескертулермен қатар, қойылған мәселелерді шешудің нақты ұсыныстары мен тетіктері қажеттігіне қарай көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:

      "36-1. Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік сапарлар, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық және жергілікті атқарушы органдарға берген тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.";

      37-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, жұмыс кеңестерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырыстарының, Қазақстан Республикасының Президенті басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;";

      3) тармақша алып тасталсын;

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті актісінің немесе тапсырмасының орындалуын бақылауды бекітуде көрсетілген мерзімде қамтамасыз етіледі.

      Егер "Бақылауға алынды" деген мөртабаны бар тапсырмаларда мерзімі көрсетілмеген жағдайларда, олар Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігінің атына ақпарат енгізіле отырып, бір ай мерзімде орындалады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей жарты жылда бір рет, Президент Әкімшілігіне осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалардың орындалуы туралы жинақтау есептік ақпаратын енгізеді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген орындалу мерзімі жарты жылдан аспайтын тапсырмалар бойынша жинақтау есептік ақпаратын Президент Әкімшілігіне тапсырмалардың барлық тармақтары орындалғаннан кейін енгізеді.

      Қажеттігіне қарай ақпарат Президент Әкімшілігінің қосымша сауалына сәйкес белгіленген тәртіпте ұсынылады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат, осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалардан басқа, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді қамтиды.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалардың орындалуы туралы жинақтау есептік ақпараты:

      1) құжаттың деректемелерін;

      2) басшылықтың қарарының мазмұнын (бақылаудан алу, мерзімін ұзарту, ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы);

      3) тапсырманың орындалу нәтижелерін бағалауды (орындалды, ішінара орындалды, орындалмады) міндетті түрде көрсете отырып, әрбір бақылау объектісі бойынша қысқаша есеп түрінде ұсынылады.";

      52-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген, белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаған тапсырмалар бойынша орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Үкімет басшылығына немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысына орындаудың ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігіне дәлел келтірілген негіздемемен хат енгізеді. Үкімет хат бойынша қабылданған шешім туралы Президент Әкімшілігін он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.";

      53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалардан басқа, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмалары тармақтарының орындалу мерзімін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде бір реттен асырмай жол беріледі.

      Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалардың орындалу мерзімдерін ұзартуға, не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.

      54. Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалардан басқа, актілер және/немесе тапсырмалар тармақтарының мерзімін қайта ұзартуға Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілерді және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарай отырып жол беріледі.

      Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалардың орындалу мерзімдерін қайта ұзартуға Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілерді және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарай отырып жол беріледі.";

      54-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережелері осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларға қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 54-2-тармақпен толықтырылсын:

      "54-2. Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалардың орындалуын үш айдан аса мерзімге қайта ұзарту туралы ұсынысты орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) орындалу мерзімінің аяқталуынан он бес жұмыс күнінен кешіктірмей Үкімет басшылығына немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысына енгізеді.

      Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты құрылымдық бөлімшесі бұл ұсыныстың келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырманың орындалмау себебін анықтау мәселесі бойынша тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды.";

      55-тармақта "Президент Әкімшілігіне" деген сөздер алып тасталсын;

      57-тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3) орындалуын одан әрі бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе басқа мемлекеттік органға берілуі;

      4) Елдің стратегиялық даму жоспарында және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарында айқындалған ел дамуының негізгі индикаторларына қол жеткізуге актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарының орындалуының ықпалы тұрғысынан талдаудың нәтижелері.";

      58, 59 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін орындауға жауапты мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы Президент Әкімшілігіне, ал осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша орындаудың нәтижелерін не туындаған объективті жағдайларға орай оны орындаудың мүмкін еместігін көрсетіп, Премьер-Министр Кеңсесіне хат енгізеді.

      59. Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы уәкілеттік берген орынбасары, осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалардан басқа, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын бақылаудан алуды:

      1) орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) ұсынысы бойынша, ал Үкіметтің өкілеттігі қозғалған жағдайларда – Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдарының қойған қолымен ресімделген оның келісімі не қол қойылған Заңның, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметтің қабылданған актісі негізінде;

      2) Президент Әкімшілігінің жергілікті жерге барып жоспарлы тексеруінің, сондай-ақ жүргізілген ревизиялар және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары қорытындылары бойынша Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды бақылаудан алуды Премьер-Министр немесе оның орынбасары жүзеге асырады.

      Егер Үкіметтің жинақтау есептік ақпаратын қарау бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы тармағының осы Қағидалардың 57-тармағының талаптары бұзыла отырып бақылаудан алынғаны анықталса, Қазақстан Республикасының Президенті немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысының негізінде бақылауды жалғастыру және тапсырманың бұл тармағының орындалу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.";

      "61. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) – оларды Қазақстан Республикасының Президенті, Әкімшілік Басшысы немесе ол уәкілеттік берген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары бақылаудан алғаннан кейін, ал осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша – оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бақылаудан алғаннан кейін ғана бақылаудан алады.";

      осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес 1-4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 29 сәуірдегі
№ 35 Жарлығына
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына
жолдауының жобасын дайындау,
келісу және Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына ұсыну,
Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен
тапсырмаларының жобаларын дайындау,
келісу, қол қоюға ұсыну,
Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан
халқына жолдауын іске асыру,
Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен
тапсырмаларының орындалуын бақылауды
жүзеге асыру және
Қазақстан Республикасы
Президентінің нормативтік құқықтық
жарлықтарына мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-4-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президенті актісін немесе тапсырмасын іске асыру бойынша
БАҚЫЛАУДЫ БЕКІТУ ____________________ 20 ___ жылғы ____ __________ № ______

р/с№

Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысаны

Жауапты мемлекеттік орган

Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі

1

2

3

4

5

6

1.






2.












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады