Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 19 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының азаматтық алуының оңайлатылған тәртібі туралы конвенцияға қатысушы болмау ниеті туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 444 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 19 қаңтарда Мәскеуде жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының азаматтық алуының оңайлатылған тәртібі туралы конвенцияға қатысушы болмау ниеті туралы хабардар етсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады