Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 608 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін, қоса беріліп отырған өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 29 маусымдағы
№ 608 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамында:

"Мусин Қанат Сергейұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Қожахметов Арман Төлешұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)".

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

"Мусин Қанат Сергейұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Қожахметов Арман Төлешұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)".

      3. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 188 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамында:

"Донақов Талғат Советбекұлы

Төраға"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Шипп Денис Алексеевич

Төраға".

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкімінде:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің құрамы осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 29 маусымдағы
№ 608
Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір актілеріне
енгізілетін өзгерістерге
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 19 ақпандағы
№ 303 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат жөніндегі орынбасары, Кеңес төрағасы

      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Кеңес төрағасының орынбасары

      Кеңес мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры (келісім бойынша)

      Ақылбай Серік Байсейітұлы – "Қазақстанның заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

      Жалаири Өмірәлі Шақарапұлы - Д.А. Қонаев атындағы университеттің ректоры (келісім бойынша)

      Тұрмағамбетова Жеміс Өтегенқызы – "Адам құқықтары үшін хартиясы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады