Қазақстан Республикасының Анталия қаласындағы (Түркия Республикасы) консулдығын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 1025 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Анталия қаласындағы (Түркия Республикасы) консулдығы қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Анталия қаласындағы (Түркия Республикасы) бас консулдығы болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады