Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 27 ақпандағы № 132 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 5, 7-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 8) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Төраға қызметіне:

Ақтөбе облыстық сотына

-

Смағұлов Айдар Әскербекұлы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатыла отырып

      тағайындалсын.

      2. Судья қызметіне:

Астана қаласы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына

-

Бәкішев Асан Болатұлы Астана қаласы Алматы аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

Орал қаласының № 2 сотына

-

Есжанов Сабыржан Рысбекұлы осы облыстың Жаңақала аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып

      тағайындалсын.

      3. Атқаратын қызметінен:

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы

-

Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы басқа қызметке сайлануына байланысты;

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

-

Елемесов Қайырбек Құсайынұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып;

Астана қалалық сотының судьясы

-

Ли Жанна Михайловна өз тілегі бойынша;

Абай облыстық сотының судьясы

-

Жұмақсанов Елдос Шағанұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы

-

Бақтығұлов Маханбет Сапарұлы орнынан түсуіне байланысты;

Жамбыл облыстық сотының судьясы

-

Нұржігітов Нұрбақыт Тұртайұлы орнынан түсуіне байланысты;

Қарағанды облыстық сотының судьясы

-

Исабекова Рыскүл Қазиқызы орнынан түсуіне байланысты;

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы

-

Лукьянов Александр Иванович орнынан түсуіне байланысты;

Астана қаласы бойынша:

Есіл аудандық сотының судьясы

-

Исабекова Раушан Қайырқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

Ақмола облысы бойынша:

Шортанды аудандық сотының судьясы

-

Серікбаев Еркін Тәжіханұлы өз тілегі бойынша;

Алматы облысы бойынша:

Қарасай аудандық сотының төрағасы

-

Көшікбаев Мәди Жаубасарұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып;

Қонаев қалалық сотының төрағасы

-

Күреңбеков Олжас Қуатұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып;

Атырау облысы бойынша:

Индер аудандық сотының судьясы

-

Құспанов Әділ Ишахатұлы орнынан түсуіне байланысты;

Жамбыл облысы бойынша:

Байзақ аудандық сотының төрағасы

-

Тілеубеков Ерғазы Өтенұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып;

Қарағанды облысы бойынша:

Қарағанды қаласы Октябрь ауданы № 3 аудандық сотының төрағасы

-

Шегенов Ерлан Морякұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып;

Теміртау қалалық сотының судьясы

-

Гавриченкова Татьяна Викторовна орнынан түсуіне байланысты;

Маңғыстау облысы бойынша:

Бейнеу аудандық сотының судьясы

-

Алдабергенов Марат Сисенбайұлы орнынан түсуіне байланысты;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

-

Ақпар Анна Николаевна өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып

      босатылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады