Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 239 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 5 маусымдағы
№ 239 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген 1-тарауда:

      "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшылары";

      "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл" деген жол алып тасталсын;

      "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген 2-тарауда:

      "А" корпусы" деген бөлімде:

      3-санат алып тасталсын.

      2. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары, орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;

      2) орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары.";

      15-1-тармақ алып тасталсын.

      3. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімінде:

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. "Б" корпусы қызметшісінің бағаланатын кезеңде екі тоқсан қатарынан қанағаттанарлықсыз баға алуы, ол біліктілік талаптарына сай келген және төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған жағдайда, оның мемлекеттік лауазымын төмендетуге әкеп соғады.

      Төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған кезде мемлекеттік қызметшіге басқа бос мемлекеттік лауазым ұсынылады.

      Бос мемлекеттік лауазым болмаған немесе мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметші атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатылады.";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:

      9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің бірінші орынбасарларының, орынбасарларының және аппараттары басшыларының, облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалар, облыстық маңызы бар қалалар, облыстардың аудандары және қалалардағы аудандар әкімдерінің тәртіптік жауаптылығын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – Әдеп жөніндегі комиссия) қарайды, ол қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы ұсынымдар, сондай-ақ лауазымды адамдардың атқаратын лауазымынан босатуға дейінгі тәртіптік жауаптылығы туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағаларын қоспағанда, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тәртiптiк жауаптылығын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) не оның тапсырмасы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы (бұдан әрі – Өңірлік кадр комиссиясы) қарайды.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған орталық атқарушы органдар комитеттері төрағаларының және В-1, В-2, С-1, С-2, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның С-О-1, С-О-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің және орталық мемлекеттік органдарда дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдердің тәртіптік жауаптылығын Әдеп жөніндегі комиссия қарайды.

      25. Қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған С-О-1, С-О-2, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-O-2, D-R-1, D-R-2, Е-1, Е-2, E-R-1, E-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттарында дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдердің тәртіптік жауаптылығын мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері (бұдан әрі – Әдеп жөніндегі кеңес) қарайды.";

      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген жағдайлардан бөлек, мемлекеттік лауазымға ауысу тәртібімен орналасу:

      1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, сондай-ақ осы мемлекеттік органдардан басқа мемлекеттік органдарға;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың ішінде;

      3) мемлекеттік органның ішінде бір санаттағы лауазымға;

      4) мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымды атқарған жағдайда мемлекеттік органның ішінде жоғары тұрған санаттағы лауазымға;

      5) мемлекеттік органның ішінде "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижесінің мәні қатарынан төрт тоқсан бойы "функционалдық міндеттерді тиімді орындайды" болған кезде келесі жоғары тұрған санаттағы лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін.".

      4. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеде:

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

      Әдеп жөніндегі уәкіл дербес лауазымы аумақтық бөлімшелері не ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің аппараттарында енгізіледі.

      Аумақтық бөлімшелері не ведомстволарының аумақтық бөлімшелері жоқ мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарында және аумақтық бөлімшелерінде, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, шет елдегі мекемелерде, тексеру комиссияларында, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдерінің аппараттарында әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары әкімнің кеңесшісіне не мемлекеттік органның бірінші басшысының кеңесшісіне жүктеледі. Кеңесші лауазымы болмаған кезде әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың өзге қызметшілеріне жүктеледі.

      Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.

      3. Әдеп жөніндегі уәкіл дербес лауазымын атқаратын адамдар мемлекеттік органның бірінші басшысына бағынады, осы мемлекеттік органдардың құрылымына кіретін ведомстволардың және аумақтық бөлімшелердің, шет елдегі мекемелердің, аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерін үйлестіреді және оларға әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады.

      4. Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

      2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;

      3) мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы не мемлекеттік орган басшысы берген өкілеттіктер шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

      5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

      6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;

      7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;

      8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жасайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;

      9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;

      11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығын қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;

      12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті жүзеге асырады.".

      5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережеде:

      6-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған С-О-1, С-О-2, С-R-1, С-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-О-2, D-R-1, D-R-2, Е-1, Е-2, Е-R-1, Е-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттарында дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдерге (бұдан әрі – қызметшілер) қатысты тәртіптік істерді қарау.".

      6. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:

      мына:

      "

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

  "

      деген жол алып тасталсын;

      мына:

      "

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшылары

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері

  ".

      7. "Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына және 21-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына және 21-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір мүшелері мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ Парламент депутаттары Қазақстан Республикасының Президентіне ол айқындайтын тәртіпте ант бере алады. Қазақстан Республикасының Президенті Парламенттің бірінші сессиясын шақырғанда ол оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ант беру салтанатты рәсімі, әдетте, тиісті қызметтік ғимараттың залында өткізіледі. Ант беру салтанатты рәсімі антты қабылдаушы лауазымды адамның кіріспе сөзімен басталады. Ант беретін адам мінбеге шақырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына қолын қойып тұрып, ол анттың мәтінін айтады немесе оқып береді, содан соң оған қол қояды және антты қабылдаған лауазымды адамға береді.

      Ант беру рәсімінің өткізілетін жерін мемлекеттік орган айқындайды.

      Ант беретін адамдардан басқа, залға өзге де лауазымды адамдар, ант беретін адамның жақын туыстары, жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.".

      8. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ережеде:

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын мемлекеттік бақылау салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөніндегі шараларды тұжырымдау;";

      15-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын мемлекеттік бақылау салаларында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік органдарда персоналды басқару тиімділігін және мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) мемлекеттік органдардағы келісімшарттық қызметшілердің кадр құрамының жай-күйіне мониторинг жүргізу;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, оның ұйымдастырылуын, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындау;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде, 3-2, 4, 5, 7-тармақтарында көрсетілген адамдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу;";

      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде, 3-2, 4, 5, 7-тармақтарында көрсетілген адамдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу қағидаларын бекіту;";

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен келісу бойынша мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, талдау және мониторингтеу негізінде оларды көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар тұжырымдау;";

      мынадай мазмұндағы 44-1), 44-2), 44-3), 44-4), 44-5), 44-6), 44-7), 44-8), 44-9), 44-10), 44-11) және 44-12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "44-1) азаматтардың өтініштерде, сұрау салуларда, үн қосуларда және хабарламаларда көтеретін жүйелі проблемаларды қарау, талдау, мониторингтеу және анықтау;

      44-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға конкурс өткізбей "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндерін айқындау;

      44-3) мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      44-4) мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша тексеру жүргізу;

      44-5) мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтан жұмыс істеуді, қашықтан аралас жұмыс істеуді, икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмысты қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      44-6) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен келісу бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      44-7) мемлекеттік әкімшілік және саяси қызметшілердің еңбегіне ақы төлеуге байланысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу;

      44-8) мемлекеттік органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу;

      44-9) мемлекеттік органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу қағидаларын бекіту;

      44-10) басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік қызметшілердің ротациялық төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, төлеу, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын әзірлеу;

      44-11) мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      44-12) мемлекеттік органдар құрылымдары мен штат кестелеріне, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтарына Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жүргізу;".

      9. "Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 485 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшылары, сондай-ақ облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері мемлекеттік саяси лауазымдарына (бұдан әрі – мемлекеттік саяси лауазымдар) орналасу үшін әзірленді және осы мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарға (бұдан әрі – кандидат) қойылады.";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасу үшін:";

      7-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшылары, сондай-ақ облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасу үшін:";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде айқындалған "Б" корпусының А-1, В-2, С-2, D-2, С-О-2, D-О-2 санаттарынан, не орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларының орынбасарларынан, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелері басшыларының орынбасарларынан төмен емес басшы лауазымдарда, не облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдері аппараттарының құрылымдық бөлімшелері басшыларының лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, тиісті жетекшілік ететін бағытқа сәйкес келетін салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады