Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы" 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 және "Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 350 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі Ұлттық комиссияның хатшысы болып табылады.

      12. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімі Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Ұлттық комиссияның қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі Ұлттық комиссияның хатшысы болып табылады.

      15. Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімі Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Ұлттық комиссияның қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган жүзеге асырады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 350 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 520 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Ұлттық комиссияның төрағасы

      Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелерін үйлестіретін кеңесшісі, Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің әкімшілік реформа және мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 13 қыркүектегі
№ 350 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 141 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, комиссия төрағасы

      Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы, комиссия мүшесі

      Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі, комиссия мүшесі

      Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, комиссия мүшесі

      Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелерін үйлестіретін кеңесшісі, комиссия мүшесі

      Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, комиссия мүшесі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі, комиссияның хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады