ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 жəне 100 грамм алтын құймаларын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды əкетуге тыйым салынсын.";
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) екінші деңгейдегі банктердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілмеген қолма-қол ұлттық валютасын əкетуіне;".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.ТОҚАЕВ |