"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 589 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің штат саны 82 бірлік мөлшерінде белгіленсін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      19-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) институттың құрылымын және азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекітеді;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады