"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Абайұлы Бектенов Хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 673 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН Жоба |
2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының
бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы
келісімге өзгеріс енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 3 және 11-баптарын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге қосымшаның мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
"ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА
МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСТІК
ЖАРНАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРЛЕРІ
Беларусь Республикасы - 5,8 %
Үндістан Республикасы - 5,9 %
Иран Ислам Республикасы - 5,8 %
Қазақстан Республикасы - 15,2 %
Қытай Халық Республикасы - 17,6 %
Қырғыз Республикасы - 7,6 %
Пәкістан Ислам Республикасы - 5,9 %
Ресей Федерациясы - 17,6 %
Тәжікстан Республикасы - 6 %
Өзбекстан Республикасы - 12,6 %".
2-бап
Осы Хаттама 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы олардың төртінші жазбаша хабарламасын депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кейінірек орындаған мемлекеттер үшін осы Хаттама мұндай рәсімдердің орындалғаны туралы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттаманы уақытша қолдану басталған күннен бастап Келісімге өзгеріс енгізу туралы 2023 жылғы 26 қазандағы хаттаманы уақытша қолдану тоқтатылады.
3-бап
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылады, ол Тараптарға оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
2024 жылғы Исламабад қаласында орыс және қытай тілдерінде бір данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Беларусь Республикасы үшін | Үндістан Республикасы үшін |
Иран Ислам Республикасы үшін | Қазақстан Республикасы үшін |
Қытай Халық Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін |
Пәкістан Ислам Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |
Тәжікстан Республикасы үшін | Өзбекстан Республикасы үшін |