"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 2015 жылғы 15 қыркүйектегі Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. 2015 жылғы 15 қыркүйектегі Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қойылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № 717 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН Жоба |
2015 жылғы 15 қыркүйектегі Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (бұдан әрі - ҰҚШҰ) ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының өз мақсаты бойынша міндеттерді шешуі немесе бірлескен оқу-жаттығуларға қатысуы кезінде оларды тасымалдауды құқықтық реттеуді жетілдіруге ұмтыла отырып,
2015 жылғы 15 қыркүйектегі Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 25-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 1-бапта:
а) екінші абзац:
"Тараптардың" деген сөзден кейін "Құралымдар қолбасшылығына тағайындалған жеке құрам," деген сөздермен толықтырылсын;
"ішкі әскерлер" деген сөздерден кейін ", (ұлттық ұлан) полиция әскері" деген сөздермен толықтырылсын;
б) екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Құралымдар қолбасшылығы - ҰҚШҰ коалициялық (өңірлік) әскер тобының (күштерінің), Ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрамына бөлінген және қабылдаушы Тарап аумағына уақытша жіберілген әскери және басқа да құралымдарға басшылық жасау үшін құрылатын басқару органы;";
в) үшінші абзацтағы "әскери және басқа да құралымдарға тиесілі немесе олардың жұмыс істеуін қолдау мақсатында тасымалданатын қару-жарақ пен әскери техника, әскери-техникалық мүлік, арнайы техника мен арнайы құралдар" деген сөздер "Тараптардың меншігі болып табылатын және әскери және басқа да құралымдардың, сондай-ақ Құралымдар қолбасшылығының жұмыс істеуі үшін қажетті қару-жарақ пен әскери техника, әскери-техникалық мүлік, арнаулы техника мен арнаулы құралдар" деген сөздермен ауыстырылып, "материалдық-техникалық құралдар" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ өзге де жүктер" деген сөздермен толықтырылсын;";
г) он үшінші абзацтағы "жоспарлау мен бақылау" деген сөздер "ұйымдастыру және келісу" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) он төртінші абзацтағы "өткізу пункттерінде мемлекеттік шекараны кесіп өтуді бақылауды жүзеге асыруға," деген сөздер "өткізу пункттерінде мемлекеттік шекараны кесіп өту қағидаларын сақтауды бақылауды жүзеге асыруға, қару-жарақты, әскери техника мен әскери-техникалық мүлікті транзиттеуге рұқсат беруге," деген сөздермен ауыстырылсын;
е) он сегізінші абзацтағы "халықаралық қатынастар (халықаралық ұшулар) үшін ашық теміржол немесе автомобиль вокзалы (станциясы), әуежай (әуеайлақ), теңіз (өзен) порты шегінде бөлінген аумақ, сондай-ақ шекаралық, қажет болған кезде басқа да бақылау түрлері және мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді, тауарлар мен жануарларды өткізу жүзеге асырылатын өзге де арнайы жабдықталған орын" деген сөздер "халықаралық қатынастар (халықаралық ұшу) үшін ашық теміржол немесе автомобиль вокзалы (станциясы), әуежай (әуеайлақ), теңіз (өзен) порты шегінде бөлінген аумақ, сондай-ақ ұлттық заңнамаға сәйкес шекаралық, қажет болған кезде басқа да бақылау түрлері және мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді, тауарлар мен жануарларды өткізу жүзеге асырылатын жергілікті жердің өзге де арнайы бөлінген және жабдықталған учаскесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) жиырма бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"дағдарыс жағдайы - бір немесе бірнеше мүше мемлекетте ҰҚШҰ-ның ұжымдық ден қою шараларын қабылдауды талап ететін мүше мемлекеттің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, аумақтық тұтастығына, егемендігіне қатер төндіретін және (немесе) Ұжымдық қауіпсіздік өңірін тұрақсыздандыруға әкелуі мүмкін жағдай;
аэронавигациялық деректер - әуеайлақ, әуеторап, әуе кеңістігі құрылымының элементтері және ұшуды ұйымдастыру және орындау үшін қажетті радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары туралы мәліметтер;
аэронавигациялық ақпарат - аэронавигациялық деректерді іріктеу, талдау және форматтау нәтижесінде алынған ақпарат;
ұшуды әуеайлақтық-техникалық (әуеайлақтық) қамтамасыз ету - мемлекеттік (әскери) авиацияның ұшуын материалдық-техникалық қамтамасыз етудің түрі, ол әуеайлақта (қону алаңында) авиациялық бөлімдердің, бөлімшелердің және жекелеген әуе кемелерінің ұшуларын тікелей қамтамасыз ету мақсатында орындалатын іс-шаралар кешенін қамтиды;
аэронавигациялық қызмет көрсету - әуе қозғалысын ұйымдастыру мен оған қызмет көрсетуді, авиациялық электр байланысын қамтамасыз етуді, навигация және қадағалау жүйесін, аэронавигациялық және метеорологиялық ақпарат беруді, іздеу мен құтқаруды қамтитын қызмет.".
2. 2-бапта:
а) "жоспарлау" деген сөз "ұйымдастыру" деген сөзбен ауыстырылсын;
б) "немесе командалық-штабтық және әскери оқу-жаттығулар" деген сөздер ",бірлескен оқу-жаттығулар, тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) "төтенше жағдайлар салдарын жою," деген сөздерден кейін "гуманитарлық көмек көрсету," деген сөздермен толықтырылсын.
3. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап
1. Тасымалдаулар, транзиттеу оларды Тараптардың уәкілетті органдары алдын ала келіскеннен және жоспарлағаннан кейін жүзеге асырылады. Қару-жарақты, әскери техника мен әскери-техникалық мүлікті транзиттеу транзиттік Тараптардың құзыретті органдарының тиісті рұқсаты болған кезде жүзеге асырылады.
Тараптар депозитарийді осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы хабарлай отырып, бір уақытта уәкілетті және құзыретті органдарды тағайындау туралы хабардар етеді. Депозитарий Тараптарға Тараптардың уәкілетті және құзыретті органдарының тізбесін жібереді. Тараптардың әрқайсысы уәкілетті және (немесе) құзыретті органдар өзгерген жағдайда 30 күн мерзімде дипломатиялық арналар арқылы депозитарийді хабардар етеді, ол белгіленген тәртіппен бұл туралы басқа Тараптарды хабардар етеді.
Тасымалдауды (транзиттеуді) жоспарлауды жіберуші Тараптардың мүдделі органдарының немесе жүк жөнелтушілердің өтінімі негізінде Тараптардың уәкілетті органдары жүзеге асырады.
2. Тасымалдауды (транзиттеуді) келісуге өтінімді жіберуші Тараптардың уәкілетті органдары (жүк жөнелтушілері) қабылдаушы, транзиттік Тараптың тиісті көлік түрімен тасымалдауды (транзиттеуді) ұйымдастыру туралы нормативтік құқықтық құжаттарда айқындалған тәртіппен тиісті тасымалдау басталғанға дейін 30 тәуліктен кешіктірмей қабылдаушы, транзиттік Тараптың тиісті уәкілетті (құзыретті) органдарына береді.
Қабылдаушы, транзиттік Тараптың өтінімді қарау мерзімі ол түскен күннен бастап 15 тәуліктен аспауға тиіс.
Тасымалдауды (транзиттеуді) жүзеге асыруға рұқсаттардың нөмірі тасымалдау басталғанға дейін 5 тәуліктен кешіктірілмей жіберуші Тарапқа хабарланады.
Тараптардың уәкілетті органдары арасындағы келісім бойынша өтінімді жіберу және қарау мерзімі қысқартылуы мүмкін.
Орыс тілінде жасалған тасымалдауды (транзиттеуді) келісуге өтінімге әскери және басқа да құралымдар жеке құрамының (қарауыл, мамандар) саны туралы жалпы мәліметтер, сондай-ақ тасымалданатын жылжымалы мүлік және (немесе) әскери мақсаттағы өнім (бұдан әрі - жүк) тізбесі оларды қабылдаушы, транзиттік Тараптың құзыретті органдарымен келісу үшін қоса беріледі.
Жіберуші Тараптың уәкілетті органы әскери және басқа да құралымдардың жеке құрамының (қарауылдың, мамандардың) атаулы тізімін қабылдаушы, транзиттік Тараптың уәкілетті органына тасымалдаудың бастапқы пунктінен әскери және басқа да құралымдарды жөнелткенге дейін кемінде 10 тәулік бұрын ұсынады.
Әскери-техникалық ынтымақтастық субъектілері арасында жасалатын жекелеген келісімшарттар (шарттар) бойынша қорғаныс өнеркәсібі саласының кәсіпорындары (әзірлеушілер, жасаушылар) жеткізетін әскери мақсаттағы өнімді тасымалдауды жоспарлауға өтінім осы өнім иелігіндегі Тараптардың уәкілетті органдарына және атқарушы билік органдарына беріледі.
Осы Келісімде көзделген міндеттемелерді орындау мақсатында Тараптар ҰҚШҰ-ға мүше әрбір мемлекеттің әскери-көлік (көлік) авиациясының әуе кемелері үшін бірыңғай нөмір беріп, дипломатиялық арналар арқылы өзінің әуе кеңістігін 1 жыл мерзімге пайдалануға арнаулы (тұрақты) рұқсат бере алады.
3. Қарулы шабуылға (агрессияға) тойтарыс беру, Ұжымдық қауіпсіздікке төнетін қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау, құралымдарды мақсаты бойынша қолдануға, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысуға және гуманитарлық көмек көрсетуге байланысты дағдарыс жағдайларын болғызбау (реттеу) бойынша дереу шаралар қабылдау мақсатында, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарына кенеттен тексеру жүргізген кезде тасымалдауды (транзиттеуді) келісуге өтінім беру мерзімі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын қолдану туралы шешім немесе оларға кенеттен тексеру жүргізу туралы шешім қабылдағаннан кейін бір тәуліктен аспауға тиіс. Әуе көлігімен тасымалдауды (транзиттеуді) келісуге өтінімдер ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі шешім қабылдағаннан кейін дереу беріледі. Тасымалдауды (транзиттеуді) келісу және тиісті рұқсат беру Тараптардың қорғаныс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары арқылы өтінім алынғаннан кейін бір тәуліктен кешіктірмей жүзеге асырылады. Қажет болған кезде Тараптар жіберуші Тараптың уәкілетті органының немесе тасымалдаушының сұрау салуы бойынша мемлекеттік (әскери) авиация әуе кемелерінің мемлекеттік шекараны кесіп өтуін халықаралық ұшуларды белгіленген әуе дәліздерінен және әуе қозғалысына қызмет көрсету маршрутынан тыс орындауын келісуді, өзінің әуе кеңістігі арқылы қонбай транзиттеуді, оның ішінде қару-жарақ пен әскери техниканы, әскери-техникалық мүлікті транзиттеуді, ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді және халықаралық ұшуларды орындау үшін әуе кемесінің экипажына қажетті аэронавигациялық ақпаратты жедел беруді қамтамасыз етеді.
Орыс тілінде жасалған тасымалдауды (транзиттеуді) келісуге өтінімге әскери және басқа да құралымдардың жеке құрамының (қарауыл, мамандар) саны туралы жалпы мәліметтер, сондай-ақ оларды қабылдаушы, транзиттік Тараптың құзыретті органдарымен жедел келісу үшін тасымалданатын жылжымалы мүліктің тізбесі қоса беріледі. Әскери және басқа да құралымдардың жеке құрамының (қарауыл, мамандар) атаулы тізімі, сондай-ақ жылжымалы мүлкінің тізбесі тікелей қабылдаушы, транзиттік Тараптың құзыретті органдарына мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде беріледі.
4. Тараптардың уәкілетті және құзыретті органдары осы Келісім күшіне енгеннен кейін қажет болған кезде тиісті нормативтік құқықтық актілерді, өзге де актілерді, құжаттарды (нұсқаулықтарды) әзірлейді және олармен өзара алмасуды жүзеге асырады.";
4. 4-бап бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Транзиттік Тарап қажет болған кезде жіберуші Тарап құралымдарының жеке құрамына уақытша орналасуда, тамақтануда, медициналық және өзге де қамтамасыз ету түрін ұйымдастыруда жәрдем көрсетеді.".
5. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап
Қабылдаушы және транзиттік Тараптардың әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, оның ішінде бірлескен оқу-жаттығуларға қатысу кезінде межелі жерге және кері қарай тасымалдауды (транзиттеуді) қамтамасыз ету үшін қажетті құралдар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті (әуеайлақты, портты, қайта тиеу пунктін) беруі өздерінің тасымалдаушыларына берілетін шарттарда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік (әскери) авиация әуеайлақтарында әуе кемелерін қабылдауды, жөнелтуді, ұшуларды әуеайлақтық-техникалық (әуеайлақтық) қамтамасыз етуді, тұрақ орындарын беруді және күзетуді қабылдаушы және (немесе) транзиттік Тараптар өтеусіз, азаматтық әуеайлақтарда қабылдаушы және (немесе) транзиттік Тараптармен келісу бойынша жүзеге асырады. Тараптардың әуе кемелерінің ұшуларына аэронавигациялық қызмет көрсету өтеулі негізде жүзеге асырылады.
Қарулы шабуыл (агрессия) қатері төнген және (немесе) жасалған, Ұжымдық қауіпсіздікке төнетін басқа да қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасаған, дағдарыс жағдайларын болғызбаған (реттеген), төтенше жағдайларды жойған және гуманитарлық көмек көрсеткен жағдайларда мақсаты бойынша міндеттерді шешу үшін құралымдарды тасымалдау (транзиттеу) кезінде ұшуларды қабылдауды, жөнелтуді, әуеайлақтық-техникалық (әуеайлақтық) қамтамасыз етуді, әуеайлақтарда олардың тиесілігіне қарамастан, тұрақ орындарын беруді және әуе кемелерін күзетуді қабылдаушы және (немесе) транзиттік Тараптар өтеусіз негізде жүзеге асырады.
Тараптардың мемлекеттік (әскери) авиациясының әуе кемелерінің ұшуларына аэронавигациялық қызмет көрсету ақы (алым) алынбай жүзеге асырылады.
Мемлекеттік (әскери) және азаматтық әуеайлақтарда әуе кемелеріне жанармай, жағармай материалын, арнаулы сұйықтық пен газ құю тиісті келісімдер және (немесе) уағдаластық негізінде транзиттік Тараптың және (немесе) қабылдаушы Тараптың күшімен және құралымен жүргізіледі.
Қабылдаушы және транзиттік Тараптардың әскери мақсаттағы өнімді, оның ішінде жоспарлы әскери-техникалық ынтымақтастық режимінде жүргізілетін тасымалдауды қамтамасыз ету үшін құралдар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті (әуеайлақты, портты, қайта тиеу және түсіру пунктін) беруі өздерінің экспорттаушыларына, импорттаушыларына және тасымалдаушыларына берілетін шарттарда жүзеге асырылады.
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік (әскери) авиациясы әуеайлағының аэронавигациялық деректерімен және ашық жариялауға болмайтын аэронавигациялық ақпарат құжаттарымен өзара алмасуды Тараптардың уәкілетті органдары халықаралық ұшуларды орындайтын әуе кемелерінің экипажына олардың уақтылы берілуін қамтамасыз ететін мерзімде жүзеге асырады. Аэронавигациялық деректер тізбесін және мемлекеттік (әскери) авиация әуе кемелерінің экипажын халықаралық ұшуларды орындау үшін қажетті аэронавигациялық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету тәртібін ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі айқындайды.
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік (әскери) авиациясының халықаралық ұшуларын қамтамасыз ету кезінде іздеу және құтқару іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды Тараптардың уәкілетті органдары ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.".
6. 17-бапта:
а) бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Тасымалдауды (транзиттеуді) келісу және жоспарлау кезінде форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда оның әсері туралы мәлімдейтін Тарап басқа Тараптарға орын алған форс-мажорлық мән-жайлар туындаған сәттен бастап үш тәулік ішінде оларды егжей-тегжейлі растап, жазбаша нысанда хабарлауға тиіс. Тасымалдауды (транзиттеуді) жүзеге асыру кезінде форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда оның әсері туралы мәлімдейтін Тарап басқа Тараптарды дереу хабардар етуге тиіс.";
б) екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осыған ұқсас рәсімдер форс-мажорлық мән-жайлар тоқтаған кезде пайдаланылуға тиіс.";
в) үшінші абзацтағы "екінші Тарапты" деген сөздер "басқа Тараптарды" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап
Тасымалдауды жүзеге асыру кезінде авария (апат) болған жағдайда Тараптар жәбірленуші Тарапқа қажет болған кезде оқиғаның салдарын жою жұмыстарын жүзеге асыру үшін тиісті ақпаратты, күштер мен құралдарды дереу беріп, салдарын уақтылы жою және олардың себептерін тергеп-тексеру бойынша шаралар қабылдайды. Бұл ретте іздеу-құтқару іс-шараларын Тараптардың тағайындалған күштері мен құралдары өтеусіз негізде ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Оқиға себептерін тергеп-тексеруді аумағында оқиға болған Тарап өз заңнамасына сәйкес жіберуші Тарап және (немесе) жіберуші Тараптың мүддесінде тасымалдауды жүзеге асыратын Тарап өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.".
8. 19-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Келісімге қатысушы болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы бойынша транзиттеу қабылдаушы Тарап және (немесе) жіберуші Тарап не ҰҚШҰ осындай мемлекеттермен жасасқан тиісті шарттарда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Тараптар бұл үшін қажетті нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру үшін күш жұмсайды.".
2-бап
Осы Хаттама Келісімнің 24-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
202___________жылғы_______________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін | Беларусь Республикасы үшін |
Қазақстан Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін |
Ресей Федерациясы үшін | Тәжікстан Республикасы үшін |