Кеден мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегі N 2370 Заң күші бар Жарлығы.


      "Қазақстан Республикасының Президентi мен Жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiктер беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығының шығуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      I. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Қазақ КСР-i мен Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 сәуiрдегi N 2229 Заң күшi бар Жарлығымен енгiзiлген өзгерiстерiмен және толықтыруларымен "Валюталық реттеу туралы" 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына Z932100_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 10, 240-құжат):

      4-баптың, 1-тармағы "операцияларда" сөзiнен кейiн "және Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен" сөздерiмен толықтырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Z952155_ Заң күшi бар Жарлығына:

      39-бап "төлем құралы" сөздерiнен кейiн "заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда" сөздерiмен толықтырылсын.

      3. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ Заң күшi бар Жарлығына:

      9-баптың 37-тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:

      "37) жекелеген кеден режимдерi шеңберiнде, Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ кеден қызметтерiн көрсету".

      4. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығына:

      2-баптың 2-тармағы "төлемнiң заттай түрi көзделген жағдайлардан басқа кезде" сөздерiнен кейiн "сондай-ақ салық төлеу Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес шетел валютасында жүзеге асырылған жағдайда" сөздерiмен толықтырылсын.

      II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.


      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады