I. Мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
1. "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 8 ақпандағы N 616 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 4, 56-құжат) 11-тармағы алынып тасталсын;
2. "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1137 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 8, 88-құжат);
4-тармақта;
бiрiншi абзацтағы "акцияланатын кәсiпорындармен шарттық байланысы бар ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң акциялар сатып алуына басым құқық бере отырып" сөздерi алынып тасталсын;
"а" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
"а) жаңадан құрылатын акционерлiк қоғамдардағы акциялардың
жалпы мөлшерiнiң кем дегенде 51 процентi инвестициялық жекешелендiру қорларына сатылады"; 5-тармақтың "а" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "а) жаңадан құрылатын акционерлiк қоғамдардағы акциялардың жалпы мөлшерiнiң кем дегенде 40 процентi инвестициялық жекешелендiру қорларына сатылады"; 8-тармақтың күшi жойылған деп танылсын. II. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi