Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 3 маусым N 3010

      Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызмет үшiн ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу мақсатында қаулы етемiн:
      "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 U931344_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 35, 405-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      6-тармақтағы соңғы сөйлем алынып тасталсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттiк бағдарламасы мен оны жүзеге асыру тетiктерiнде:
      "Тұрғын үй саласын қаржыландыру" деген II бөлiмнiң 10-тарауында:
      жетiншi абзац алынып тасталсын;
      сегiзiншi абзацтағы "Соңғы мiндеттi шешу" сөздерi "Тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылығын дотациясыз жұмыс iстеуге көшiру"
сөздерiмен ауыстырылсын;
     оныншы абзацтағы "мен жәрдем көрсету" сөздерi алынып тасталсын;
     он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "Аталған өтемақылар отбасыларға тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын
үй-коммуналдық қызмет үшiн төленетiн ақыны азайту ретiнде аударым
түрiнде берiледi. Өтемақылар берудiң тәртiбiн Үкiмет белгiлейдi";
     он екiншi абзац алынып тасталсын;
     10.1.2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "10.1.2. Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызмет
үшiн төленетiн ақыны көбейту кезең-кезеңiмен жүргiзiлсiн, бұл ретте
осы шығыстардың сомасы отбасының жиынтық табысының 30 процентiнен
аспауға тиiс";
     10.1.4. және 10.2.2. тармақшалары алынып тасталсын.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады