Европалық Жаңғырту және Даму Банкiнiң Басқарушылар Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 28 ақпандағы N 3374. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2002.04.26. N 854 жарлығымен. ~U020854

      "Қазақстан Республикасының Европалық Жаңғырту және Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 25 мамырдағы N 1212 U931212_ Жарлығына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Александр Сергеевич Павлов Қазақстан Республикасынан Европалық Жаңғырту және Даму Банкi Басқарушысының орынбасары қызметiнен босатылсын.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов Қазақстан Республикасынан Европалық Жаңғырту және Даму Банкi Басқарушысының орынбасары болып тағайындалсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
           Президентi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады