Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 13 тамыздағы N 3615

      Қазақстан Республикасы Кеден-тариф кеңесiне жүктелген функциялардың орындалуына байланысты қаулы етемiн:
      Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының Кеден-тариф кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 27 желтоқсандағы N 1478 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 50, 595-құжат);

     "Қазақстан Республикасының Кеден-тариф кеңесiнiң құрамы туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 қаңтардағы 
N 2030 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 3,
33-құжат);
     "Қазақстан Республикасының Кеден-тариф кеңесiнiң құрамына
өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1995 жылғы 27 сәуiрдегi N 2242 қаулысы.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады