Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 3279 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне тәртiптiк жазалар қолдану тәртiбi туралы Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 3 желтоқсандағы N 3764

      "Қазақстан Республикасының Жоғары тәртiптiк кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 21 қазандағы N 3705 U973705_ Жарлығына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 3279 U963279_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне тәртiптiк жазалар қолдану тәртiбi туралы Ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      V тараудың 2-тармағында:
      1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) Мемлекет басшысы тағайындайтын қызметшiлерге, Президентке тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына, орталық атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарларына, облыстардың, Ақмола мен Алматы қалаларының әкiмдерi мен олардың орынбасарларына өз бастамашылығы бойынша, Қазақстан Республикасы Жоғары тәртiптiк кеңесiнiң ұсынуы бойынша, осы қызметшiлердiң тiкелей басшыларының немесе Мемлекет басшысы уәкiлдiк берген лауазымды адамдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қолдануы мүмкiн";
      3) тармақшадағы "Үкiмет Аппараты", "оның Аппараты" сөздерi тиiсiнше "Премьер-Министр Кеңсесi, "оның Кеңсесi" сөздерiмен алмастырылсын. "Үкiмет Аппараты" сөздерiнен кейiнгi "орталық атқарушы органдар" сөздерi алынып тасталсын.
      4) тармақшадағы "Үкiмет Аппаратының", "оның Басшысы", "оның Аппаратының" сөздерi тиiсiнше "Премьер-Министр Кеңсесiнiң", "Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы", "Премьер-Министр Кеңсесiнiң" сөздерiмен алмастырылсын;
      V тарау мынадай мазмұндағы жаңа 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшылары мен олардың орынбасарларына, орталық атқарушы органдар басшылары мен олардың орынбасарларына, облыстардың, Ақмола мен Алматы қалаларының әкiмдерiне және олардың орынбасарларына

қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасының Жоғары тәртiптiк
кеңесi қарап, кейiннен олардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң деңгейi
жөнiнде Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi";
     V тараудың 3-7-тармақтары тиiсiнше 4-8-тармақтар болып саналсын.
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады