Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде өзара тиімді және тең
құқылы көп жақты ғылыми-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында қаулы етемін: 1. 1998 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында жасалған Мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру және олардың мәртебесі туралы конвенция бекітілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.