2000-жылды Мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 28 желтоқсан N 316


      Қазақстанның көпұлтты мәдениетін жаңғырту, сақтау және өркендету мақсатында қаулы етемін:
 
      1. 2000-жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жариялансын.
 
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) 2000-жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөнінде Мемлекеттік комиссия құрсын;
      Әдебиет пен өнердің көрнекті қайраткерлеріне, қоғамдық бірлестіктер, ұлттық мәдени орталықтар, шығармашылық одақтар, діни ұйымдардың басшыларына Мемлекеттік комиссияның құрамына ену жөнінде ұсыныс жасасын;
      орталық атқарушы органдардың басшыларына, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне осы тәрізді комиссиялар құруды тапсырсын;
      2) 2000-жылғы 20 қаңтарға дейін Мәдениетті қолдау жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі, көпұлтты мәдениеттің барлық салаларын жаңғырту және өркендету мәселелерін қамтитын іс-шаралар жоспарын бекітсін;
      3) Мәдениетті қолдау жылына байланысты іс-шараларды қаржыландыруды заңда белгіленген тәртіппен жүргізсін;
      4) Мәдениетті қолдау жылы аясында белгіленген іс-шараларды бұқаралық

 

ақпарат құралдары арқылы кең түрде насихаттауды және жариялап отыруды

қамтамасыз етсін;

     5) Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияға

Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, Халық

бірлігі мен ұлттық тарих, Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылдары

жүргізілген жұмыстарды жалғастыруды тапсырсын.


     3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті


     Оқығандар:

          Қасымбеков Б.А.

          Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады