"Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 113 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

ҚАУЛЫ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 2000 жылғы 26 ақпан N 67. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 9 наурыз өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1078. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 392 қаулысымен.

  --------------Қаулыдан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
жөніндегі агенттігі басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы   
N 392 қаулысына Қосымша    

Күшi жойылды деп танылатын нормативтiк
құқықтық актiлердiң тiзбесi

      8. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 113 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2000 жылғы 26 ақпандағы N 67 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1078 тiркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, 2000 жыл, N 3)... 
------------------------------------

      Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың капитализациялау деңгейiн көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  U973755_  жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 9) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 04 қыркүйекте 361  V970361_  нөмiрмен тiркелген "Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 113 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., ІІ том, 104, 129, 141-беттер): 
      1) 1-тармақтағы "1 миллиард" деген сөздер "2 миллиард" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға лицензияларды иеленген ұйымдар өз капиталдарын мынадай мерзiмдерде төменде көрсетiлген деңгейлерге жеткiзсiн: 
      1) кемiнде 1,5 миллиард теңгеге - 2000 жылғы 01 қазанға дейiн; 
      2) кемiнде 2 миллиард теңгеге - 2001 жылғы 01 көкекке дейiн.". 
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн. 
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарына жеткiзсiн. 
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы: 
      1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізілсін;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.     

      Ұлттық комиссияның Төрағасы

     Комиссияның мүшелері

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады