-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 18 ақпандағы N 65 (тіркелген N 1081) "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Халықты жұмыспен қамту туралы"
Z980341_
және 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 4 желтоқсандағы N 1002 "Көп балалы отбасыларды әлеуметтiк қолдау жөніндегi шаралар туралы" жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N 199
P000199_
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен ақша бөлу туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715
V991058_
бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы:
"6.2.258.30 Жұмыспен қамту бағдарламасы (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау)" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"6.2.258.30.30 Жұмыспен қамту орталығы
6.2.258.30.31 Қоғамдық жұмыстар
6.2.258.32 Жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау";
"6.2.258.30 Жұмыспен қамту бағдарламасы (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"6.2.258.30 Жұмыспен қамту бағдарламасы";
"6.2.258.46 Тiс салдыру бойынша әлеуметтiк көмек көрсету" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"6.2.258.46 Көп балалы отбасыларды әлеуметтiк қорғау";
"6.2.258.46.23 Көп балалы аналар" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"6.2.258.46.31 Аналар мен жалпы бiлiм беретін мектеп оқушылары үшiн қала iшiндегi көлікте (таксиден басқа), сондай-ақ қала сыртындағы және аудан iшi желiсіндегi автобустарда жүруге әлеуметтiк көмек";
"6.2.258.46.23 Көп балалы аналар" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"6.2.258.46.30 Көп балалы аналарға тiс протездерін дайындау және жөндеуге (қымбат бағалы металдардан жасалған протездерді қоспағанда) әлеуметтік көмек";
"6.2.258.57.32 Санаторлық-курорттық емдеу бойынша жеңілдіктер" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"6.2.258.57.33 Техникалық және өзге құралдармен қамтамасыз ету";
"7.1.274.43.30 "Тұрғындардың аса мұқтаждарын тұрғын үймен қамтамасыз ету" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"7.1.274.45 Мемлекеттік қажеттілік үшін тұрғын үйлер мен жер учаскелерін босату".
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр