2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 5 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2000 жылғы 29 наурыз N 145. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 7 сәуірде тіркелді Тіркеу N 1108. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

  -----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 29 наурыздағы N 145 (тіркелген N 1108) "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 5 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------       

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы  Z970111_  "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" , 1999 жылғы 7 маусымдағы  Z990389_  "Бiлiм беру туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 332  U000332_  "Терроризм мен экстремизм көрiністерiнің алдын алу және тию жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығына Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 227 "Жол саласын реформалау мәселелерi" туралы қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715  V991058_  "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына: 
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы: 
      "3.5 Жеке тұлға, қоғам және мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызмет" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: 
      "3.5.251 Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы iшкi iстер органы 
      3.5.251.33 Терроризм мен экстремизм көріністерiнiң алдын алу және тию жөнiндегi шаралар"; 
      "4.9.263.40.30 Әдiстемелiк кабинеттер" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
      "4.9.263.51 Дамуында проблемасы бар балаларды оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу"; 
      "5.9.254.44 Дәрi-дәрмек және медициналық жабдықтарды орталықтандырылған сатып алу" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "5.9.254.44 Дәрi-дәрмек, медициналық жабдықтар және санитарлық көліктердi орталықтандырылған сатып алу";
      "12.1.215.34.12 Автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "12.1.215.34.30 Автомобиль жолдары мемлекеттiк мекемелерi
      12.1.215.34.31 "Инжиниринг" автомобиль жолдарының ақпарат орталығы" мемлекеттiк мекемесi";
      "12.1.215.34.31 Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Қызыләскер-Киров автомобиль жолын салу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "12.1.215.36.32 Орал қаласы ауданында Орал өзені арқылы көпiр құрылысы".
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады