Қоныс аударушылардың бейімделу және іріктелу орталықтарында болу Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі Агенттігі 2000 жылғы 14 сәуір N 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 сәуір тіркелді. N 1113. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 13 қазандағы N 272-ө бұйрығымен

        Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 13 қазандағы N 272-ө бұйрығымен (2005 жылғы 13 желтоқсандағы "Заң газетінде" N 168(792) жарияланған) .

---------------Бұйрықтан үзінді-------------------

       Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің "Заңға тәуелді актілерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкімін орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын...

      Министр

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің кейбір күші жойылған
бұйрықтарының тізімі

       ...

      6. "Қоныс аударушылардың бейімделу және іріктелу орталықтарында болу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 18 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіндегі 2000 жылғы 17 сәуірдегі 1113 тіркелу нө мірі ...

----------------------------------

      "Халықтың көші-қоны туралы"  Z970204_  Заңын іске асыру тәртібімен, Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 4.6.1.1 т.  P980119_  орындау үшін, тарихи отанына қоныстанушы байырғы ұлт адамдарын және олардың отбасы мүшелерін алғашқы әлеуметтік қолдауды, жедел бейімдеуді, есепке алуды және ауыстырып орналастыруға бақылау жасауды реттеу және қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ көшіп-қонушылардың құқықтарын және Қазақстан Республикасының аумағынан баспана іздеген адамдарға адамгершілік қатынасты іске асыру үшін, Бұйырамын:
      1. Қоныс аударушылардың бейімделу және іріктелу орталықтарында болу Ережесі бекітілсін (Қосымшаны қараңыз). 
      2. Аумақтық көші-қон және демография органдары: 
      1) осы Ережені басшылыққа алып, мүлтіксіз орындайтын болсын. Бейімделу және іріктелу орталықтарының жұмысын бекітілген Ережеге сәйкес ұйымдастырсын; 
      2) бейімделу және іріктелу орталықтарымен байланысты барлық құжаттар бір ай мерзім ішінде бекітілген Ережеге сәйкес келтірілсін. 
      3. Осы Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Агенттік Төрағасының орынбасары М.К. Ізбановқа жүктелсін. 

      Төраға 

                                 Қазақстан Республикасы Көші-қон
                              және демография агенттігі Төрағасының
                                 Бұйрығымен бекітілді
                                 2000 жылғы "____"_________
                                             N ______

              Қоныс аударушылардың бейімделу 
           және іріктелу орталықтарында болу 
                       Ережесі 

                1. Жалпы ережелер  

      1. Қоныс аударушылардың бейімделу және іріктелу орталықтарында болуының осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қоныс аударушыларды аумақтық көші-қон қызметтері органдарының бөлімшелері болып табылатын және тарихи отанына қоныс аударушы репатрианттарды, босқындарды және олардың отбасы мүшелерін, басқа да қоныс аударушыларды әлеуметтік қорғау, жаңа жағдайға тездетіп бейімдеу, есепке алу және Қазақстан Республикасының аумағында оларды ауыстырып орналастыруға бақылау жасауды реттеу тәртібімен уақытша орналастыруға арналған бейімделу және іріктелу орталықтарына (бұдан әрі - орталық) қабылдау, уақытша орналастыру және олардың болу тәртібін белгілейді. Ережеде орталықтардың негізгі функциялары мен міндеттері де қамтылған. 

                 2. Орналастыру және болу тәртібі  

      2. Қоныс аударушыны орталыққа орналастырудың негізгі шарты қоныс аударушының тиісті мәртебесін айқындауға өтініш беруі және Агенттіктің немесе оның аумақтық органының орналастыру үшін берілген жолдамасын алу болып табылады. Көшіп келушілерді орналастыру Агенттіктің немесе оның аумақтық органының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. 
      3. Орталықта болу мерзімі Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография агенттігі немесе оның аумақтық органдары қоныс аударушының өтінішін мәні бойынша қарау уақытымен белгіленеді және: 
      1) Қазақстанға келген репатрианттар (оралмандар) үшін - тұрғын үй мәселесін шешкенге дейінгі;
      2) босқындар үшін - әрі кеткенде 3 (үш) ай мерзімнен аспауға тиіс.
      4. Орталықта болу мерзімі аумақтық көші-қон органының шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
      5. Аумақтық көші-қон органының және Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография агенттігінің жолдамасымен орталыққа орналастырылған адамдарды медициналық куәландыру, санитариялық-гигиеналық рәсімдер және олардың тұруы тегін жүзеге асырылады.     

          3. Орталық әкімшілігінің құқығы мен міндеттері

      6. Орталық әкімшілігінің міндеттері:
      1) тұруға берілген үй-жайды санитариялық және техникалық нормаларға сай келтіру;
      2) орталыққа орналастырылған адамдарды қажетті төсек-орынмен 
қамтамасыз ету және оларды уақтылы ауыстыру;
      3) үй-жайдың ылғалдап сыпырып-жинастырылуын қамтамасыз ету, орталық аумағын және қосалқы бөлмелерді таза ұстау;
      4) үй-жайды және аумақты сыпырып-жинастыру үшін қосалқы инвентарьмен қамтамасыз ету.
      7. Орталықта мыналар көзделуге тиіс:
      1) аумақтың қоршауы;
      2) күзет;
      3) ұйықтайтын және тұрғын үй-жайлар;
      4) ана мен бала бөлмесі;
      5) науқастанып қалған адамдар үшін оқшауланған бөлме;
      6) демалыс бөлмесі (балалар ойнайтын бөлме);
      7) тұрмыстық және әжетхана бөлмелері;
      8) қызметтік және қол жүктері мен адамдардың жеке заттарын сақтайтын қосалқы үй-жай;
      8. Орталық әкімшілігі мыналарды қамтамасыз етеді:
      1) орталыққа келген және одан шығып кеткен адамдардың есебі;
      2) қоныс аударушылардың тезірек бейімделуіне жәрдемдесетін шаралар жүргізу;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарын зерделеу;
      4) заң консультациясы;
      5) мемлекеттік және орыс тілдерін үйрету;
      6) санитариялық-гигиеналық нормалар талаптарын зерделеу;
      7) репатриант (оралман) немесе босқын мәртебесін алған адамдарға тұрақты тұратын жеріне бару үшін жол жүру құжаттарын алуға жәрдемдесу;
      8) көшіп-қонушылардың орын ауыстыруы туралы құқық қорғау органдарын дер кезінде хабардар ету;
      9. ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін орталық әкімшілігі өз өкілеттігі шегінде орталыққа орналастырылған адамдарға қатысты тәртіптік жолмен шешім қабылдауға құқылы.

             4. Орталыққа орналастырылған адамдардың
                    құқықтары мен міндеттері

     10. Орталыққа орналастырылған адамдардың мынадай құқығы бар:
     1) орталықтағы тұрғын және қосалқы үй-жайларды, төсек-орындарды пайдалануға және олардың ауыстырылуына;
     2) өздерінің тезірек бейімделуіне жәрдемдесетін шараларға қатысуға;
     3) тіл үйрететін курстарға қатысуға;
     4) заң консультациясын алуға.
     11. Орталыққа орналастырылған адамдардың міндеті:
     1) медициналық куәландырудан және санитариялық-гигиеналық рәсімдерін өту;
     2) орталық аумағында тәртіп пен тазалықты сақтау;
     3) орталықта болудың ішкі тәртібі Ережелерінің талаптарын орындау.
     12. Орталыққа орналастырылған адамдар еңбек келісімі негізінде қызмет көрсететін қызметкер ретінде жұмысқа тартылуы мүмкін.

           5. Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік      

     13. Осы Ережелерді бұзғандарға тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін (ескерту, қатаң ескерту және орталықта болуын мерзімінен бұрын тоқтату).
     14. Орталықта болуды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді аумақтық көші-қоны органы қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады