Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті 2000 жылғы 11 сәуір N 61 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 26 сәуірде тіркелді Тіркеу N 1119. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң Тіркеу қызметі комитетінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 84 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң Тіркеу қызметі комитетінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 84 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын.
      ...
      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 2000 жылғы 11 сәуірдегі N 61 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1119 нөмiрiмен тiркелген) бұйрығы
      2. Осы бұйрық қол қойған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тіркеу қызметі комитеті
      Төрағасының м.а.
-----------------------------

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы"  Z952198_ 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына сәйкес бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66  V990768_ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу Ережесінде: 
      4-тармақтың үшінші абзацындағы "регистрін және" деген сөздерден кейін "заңды тұлғалардың" деген сөздері алып тасталсын; 
      5-тармақтағы "регистрін және" сөздерден кейін "заңды тұлғалардың" деген сөздері алып тасталсын; 
      18-тармақтың үшінші абзацы "шешімі" деген сөзден кейін "немесе шешімнің көшірмесі" деген сөздермен толықтырылсын; 
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуі керек, ал қоғамдық бірлестіктерді - қажетті құжаттар қоса ұсынып өтініш берген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей. Өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу және қайта тіркеу қажетті құжаттарды қоса ұсынып өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде жүргізілуі керек.";
      37-тармақтағы "мемлекеттік" деген сөзден кейін "(есептік)" деген сөзбен толықтырылсын;
      41-тармақтағы бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік қайта тіркеуді туғызбайтын құрылтай құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу қажетті құжаттарды қоса ұсынып өтініш берген күннен бастап мынадай мерзімдерде: шағын кәсіпкерлік субъектілері және олардың филиалдары 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей, қоғамдық бірлестіктер мен олардың филиалдары 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей, өзге заңды тұлғалар мен олардың филиалдары 15 күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.";
      көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
      1-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын; 
      10-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы абзацтары алып тасталсын;
      11-тармақтың төртінші абзацындағы "және олардың мөрлерімен куәланған" деген сөздер алып тасталсын;
      Тіркеуге тапсырылатын барлық құжаттар тізіміне Ескертуде:
      3-тармақ "екі данада" деген сөздерден кейін "мемлекеттік және орыс тілдерінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Заңды тұлғаның тұрған жерін растайтын құжаттар: кепілдік хат, жалдау, сатып алу - сату шарттарының, жайларға құқықтарды тіркеу туралы куәліктің көшірмелері және азаматтық заңдармен көзделген өзге де құжат бола алады.".

      2. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Әділет министрлігі
      Тіркеу қызметі
      комитетінің төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады