"Бөлшек саудада сатылатын бензин (авиациялықтан басқа) және дизель отынына белгiленген акциздер ставкаларын қолдану тәртiбi туралы" Нұсқауды бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2000 жылғы 6 сәуірдегі N 308 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 10 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1153. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің   
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ....
      3. "Бөлшек саудада сатылатын бензин (авиациялықтан басқа) және дизель отынына белгіленген акциздер ставкаларын қолдану тәртібі туралы" Нұсқауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2000 жылғы 6 сәуірдегі № 308 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1153 болып тіркелді).
      .........

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы N 492-1 Z990492_ Қазақстан Республикасының Заңын және "Қазақстан Республикасында шығарылатын және Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнетiн, Қазақстан Республикасы аумағында сатылатын акцизделетiн тауарларға акциздер ставкасы және ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 P000137_ қаулысын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Бөлшек саудада сатылатын бензин (авиациялықтан басқа) және дизель отынына белгiленген акциздер ставкаларын қолдану тәртiбi туралы" Нұсқауды бекiтсiн.
      2. Әдiстеме департаментi (Н.Д. Yсенова):
      аталған Нұсқауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен келiссiн; келiсiлген Нұсқауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберiлсiн. 3. Iшкi жұмыс департаментi (Д.М. Аманжолов) осы бұйрықты төмен тұрған салық органдарына жеткiзiп, салық төлеушiлердiң назарына алынсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Қ.А. Нұрпейiсовке жүктелсiн. 5. Осы бұйрық мемлекеттiк тіркеу күнiнен бастап күшiне енедi. Министр Бөлшек саудада сатылатын бензин (авиациялықтан басқа) және дизель отынына белгiленген акциздер ставкаларын қолдану тәртiбi туралы Нұсқау
      1. Осы Нұсқау "Қазақстан Республикасында шығарылатын және Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнетiн, Қазақстан Республикасы аумағында сатылатын акцизделетiн тауарларға акциздер ставкасы және ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 қаулысы негiзiнде әзiрлендi және бөлшек саудада бензин және дизель отынын сататын салық төлеушiлерге қолданылады. Аталған қаулыда бөлшек саудада сатылатын бензин (авиациялықтан басқа) және дизель отынына акциздер ставкасы бiр метрикалық тонна үшiн былай белгiленген: бензинге - 500 теңге; дизель отынына - 60 теңге. 2. Бөлшек саудадағы бензин және дизель отынын сату литрлерде жүргiзiледi. Литрдi тоннаға айналдыру өлшеу жүргiзiлетiн температураға қарай тығыздылық көрсеткiштi пайдаланып жүргiзiледi. Бензиннің барлық түрлерi үшiн тығыздықтың орташа көрсеткiші 0,730 кг/литр, ал дизель отыны үшiн 0,769 кг/литр құрайды; осыларды ескергенде: 1000 кг бензиннiң 1 тоннасы =___________ = 1370 литр; 0,730 кг/л 1000 кг дизель отынының 1 тоннасы = ______________ = 1300 литр; 0,769 кг/л
      Акциз сомасын есептеу және бөлшек саудада сатылатын бензин және дизель отынын сату бағасына оны енгiзу үшiн бiр метрикалық тонна және литрдегi мұнай өнiмдерiнiң көлемi үшiн белгiленген акциз ставкаларының қатынасы ретiнде айқындалатын 1 литрге акциздiң есептiк ставкасын қолдану керек.
      Акциздердің есептiк ставкалары мынаны құрайды:
      бензин бойынша: 500 теңге: 1370 л = 0,37 теңге/литр;
      дизель отыны бойынша: 60 теңге: 1300 = 0,05 теңге/литр.
      Акциздердің айқындалған есептiк ставкалары бөлшек саудада сатылатын бензин және дизель отынының 1 литрiн сату бағасын енгiзедi. 3. "Айналым, оның iшiнде өз өндiрiсi шикiзаты бойынша...." I-тарауының "Акциздердi есептеу" бағанындағы акциз бойынша декларацияда бөлшек саудада сатылған бензин және дизель отынының көлемi тонналарда көрсетiледi. Бұл үшiн бөлшек саудада сатылған бензин және дизель отынының көлемi сондай-ақ мынадай формула бойынша тығыздықтың орташа көрсеткiшiн пайдалана отырып тонналардан литрлерге көшiрiледi: V литр х 0,730 кг/литр бензин бойынша: М тонна = _______________________; 1000 V литр х 0,769 кг/литр дизель отыны бойынша: М тонна = _______________________, 1000 онда М тонна - сатылған бензин және дизель отынының тоннадағы көлемi; V литр - сатылған бензин және дизель отынының литрдегi көлемi. "Акциз ставкасы" бағанында "Қазақстан Республикасында шығарылатын және Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнетiн, Қазақстан Республикасы аумағында сатылатын акцизделетiн тауарларға акциздер ставкасы және ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 қаулысымен белгiленген бензин және дизель отынына акциздердің ставкасы көрсетiледi. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады