Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтер есептерiн беру тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы директораты 2000 жылғы 25 мамырдағы N 612. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 25 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1166. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы N 40 қаулысымен.

---------------Қаулыдан үзінді--------------------      

     Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы директоратының "Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтер есептерiн беру тәртiбi туралы" 2000 жылғы 25 мамырдағы N 612 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1166 тiркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық және нормативтiк актiлер жинағында жарияланған, 4-том) күшi жойылды деп танылсын.
     2. Осы қаулы қабылданған күнiнен бастап қолданысқа енедi...

     Төраға
------------------------------------

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 U973755_ жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 5-тармағы 18) тармақшасының негізiнде, Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) 1998 жылғы 12 маусымдағы N 7 V980530_ қаулысымен бекiтiлген Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтердi есептеудiң және қолданудың тәртiбi туралы уақытша нұсқаулығының 12-тармағын орындау мақсатында Ұлттық комиссияның Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     1. Пруденциялық нормативтер есептерiнiң және негізiнде осы есептеулер жүргiзiлген қаржылық есеп берушіліктiң (негізгі қаражаттың, материалдық емес активтердiң, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың түсiндiрмесiмен бiрге бухгалтерлiк баланс) Ұлттық комиссияға бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың ай сайын, ағымдағы айдың бесiншi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, осы айдың бiрiншi күнi жағдайы бойынша беретiндiктерi белгіленсiн.
     2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енгiзiлетiндiгі белгiленсiн.
     3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегі мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiн назарына жеткiзсiн.
     4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
     1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
     2) осы Қаулыны бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға ниет бiлдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
     5. осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.     

     Ұлттық комиссияның Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады