Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 536 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 қаулысын орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған:
1) Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн сыйлықтар берудiң тәртiбi туралы Ереже (1-қосымша);
2) Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға сыйлықтар берудiң тәртiбi туралы Ереже (2-қосымша) бекiтiлсiн.
2. Ғылым департаментi (М.Қ. Әбсәметов) жоғарыда аталған нормативтiк актiлердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне тiркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Е.Е. Ерғожинге жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2000 жылғы 27 мамыр N 500
бұйрығына 1-қосымша
Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар
бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн сыйлықтар
берудің тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн сыйлықтар берудiң тәртiбi туралы осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылдың 10 мамырындағы N 685 қаулысын орындау үшiн әзiрлендi.
2. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн сыйлықтар (бұдан әрi - сыйлықтар) Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайын конкурстық негiзде берiледi:
1) жаратылыстану ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтар (бiрiншi және екiншi) - жаңалық ашу, өнертапқыштық, әзiрленген және ресми қабылданып алынған жаңа технологиялар, жеке ғылыми жұмыстар, үлкен теориялық және практикалық маңызы бар ортақ тақырыптама бойынша ғылыми жұмыстар сериялары үшiн;
2) гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтар (бiрiншi және екiншi) зерттеулердiң жаңашылдығымен және көкейкестiлiгiмен ерекшеленетiн үлкен теориялық және практикалық маңызы бар жұмыстар үшiн;
3) алынып тасталды;
4) Педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы (бiрiншi, екiншi және үшiншi) сыйлықтар айтарлықтай теориялық және практикалық маңызы бар, бiлiм беру ұйымдары практикасында және технология, педагогика ғылымына қосқан ерекше жетiстiктерi, өзектiлiгi мен жаңашылдығының ерекшелiктерi, бiлiм беру жүйесiндегi ұлттық идеяның көрiнiстерi, жеке адам шығармашылығын дамытуды қалыптастыру мен тәрбиелеудiң мүмкiндiктерi үшiн.
Ескерту: 2-тармаққа толықтыру,өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен , 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен .
2-1. <*>
Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды, алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
3. Сыйлыққа ұйымдардың ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерiнде жан-жақты талқыланудан өткен, ғылыми көпшiлiкке кеңiнен танымал конкурс жарияланғанға дейiнгi жылды қоса соңғы 5 жылда орындалып, жарияланған жұмыстар ұсынылады.
4. Бұрын ғылым, техника және бiлiм саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығына, республикалық бюджет қаражатынан төленетiн өзге сыйлықтарға, сондай-ақ шетел сыйлықтарына ие болған жұмыстарды, осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жiберiлмейдi.
Сыйлыққа жұмыс екi реттен артық ұсынылмайды. Осы сыйлықтар лауреатының жаңа жетiстiктерi болған жағдайда, сыйлықтар оған қайталанып тағайындалғаннан кейiн бес жыл өткен соң берiлуi мүмкiн.
5. Бiрiншi, екiншi және үшiншi сыйлықтардың ақшалай мөлшерi айлық есеп көрсеткiштерiнiң тиiсiнше 200, 150 және 100 есе мөлшерi шегiнде белгiленедi.
Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлықтың ақшалай бөлiгi тең үлеспен төленедi.
Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен .
6. Ғылым саласындағы сыйлықтарды төлеу шығындары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) ғылым, техника және бiлiм саласындағы мемлекеттiк сыйлықтар мен стипендияларды төлеу үшiн көздеген бюджет қаражаты есебiнде жүргiзiледi.
Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
2. Сыйлыққа ұсыну, ресiмдеу және жұмыстарды
тапсырудың тәртiбi
7. Сыйлықтар алу үшiн жұмыстарды ұсыну құқығы министрлiктер мен ведомстволар алқаларына, ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерге және меншiк нысанына қарамай Қазақстан Республикасының басқа ғылыми, оқу және өзге ұйымдарына (бұдан әрi - ұйымдар) берiледi.
Сыйлық алу үшiн жұмыстарды ұсыну туралы шешiм сыйлық алу үшiн ұсынылатын жұмыстар орындалған ұйымдарда белгiленген тәртiппен қабылданады.
8. Сыйлық алуға жеке авторлар, сондай-ақ сандық мөлшерi бес адамнан аспайтын ұжым авторлары жұмыстары ұсынылады. Әр автор және шығармашылық ұжым конкурсқа тек бiр жұмыс ұсынуға құқылы.
Сыйлық алу ұжымына кандидаттарды iрiктеу сыйлық алу үшiн ұсынылатын жұмыстар орындалған ұйымдарда белгiленген тәртiппен өткiзiледi.
9. Конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады (басылған түрде, екеуi де бiрдей данада):
1) кiтаптар, монографиялар, оқулықтар, кiтапшаланған мақалалар, патенттер көшiрмелерi және басқа сақтау құжаттары ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер (мемлекеттiк тiркеуден өткен) түрiндегi сыйлыққа ұсынылған ғылыми жұмыс;
2) онда оның мазмұны, күн талабына сәйкестiгi мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың ғылымның әлемдiк деңгейiне сәйкестiгi мен маңызы, одан әрi пайдалану перспективалары баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (20 беттен аспауы тиiс).
Сипаттамаға қоса (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) жұмысты ұсынған мекеменiң атауы, жұмыстың аты, талапкерлердiң қолы қойылған, оның тегi, аты-жөнi көрсетiлген кiтаптың бiрiншi бетi берiледi;
3) мынадай мәлiметтерi бар жұмыстың қысқаша мазмұндамасы (бiр бетте): алдыңғы бетiнде - жұмыстың атауы, оны ұсынатын ұйымның толық атауы; авторлардың тегi, аты-жөнi, олардың қызмет орындары, лауазымдары, ғылыми атақтары мен дәрежелерi; екiншi жағында - жұмыстың қысқаша мазмұны мен алынған нәтижелерiнiң маңызы, жұмыс авторларының қолы;
4) ұйымның басшысы қол қойған (ресми бланкiде), жұмыстың ғылыми маңыздылығын бейнелейтiн (жұмыстар сериясы), оның республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн маңыздылығы айтылатын дәлелдi ұсыным-негiздеме;
5) мөрмен куәландырылған жұмысты ұсынушы алқалы орган мәжiлiсiнiң хаттамасынан үзiндi;
6) талапкердiң тегi, аты-жөнi, туған жылы, төлқұжат немесе жеке куәлiк мәлiметтерi, ғылыми дәрежесi мен атағы, мамандығы, қызмет орны мен лауазымы, қызмет және үй мекен-жайы, телефондары көрсетiлген, талапкердiң өзi қол қойған және кадр бөлiмiнiң қызметкерi куәландырған, талапкердiң негiзгi қызмет орны берген анықтама - автор (авторлар) туралы мәлiметтер;
7) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қол қойған оның шығармашылық үлесi көрсетiлген (ұжым жұмыстары үшiн) талапкердiң ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама;
8) талапкердiң негiзгi қызмет орнының мөрiмен расталған оның маңызды ғылыми еңбектерiнiң тiзiмi (10-нан кем болмауы тиiс);
9) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қолын қойған мөрмен куәландырылған, конкурсқа тапсырылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын осы Ереженiң 4-тармағында аталған сыйлықтарға ие болмағанын растайтын анықтама.
Осы баптың 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды егер ол зейнеткер болса (жұмыстан босатылған және т.б.) талапкердiң соңғы жұмыс орнынан ұсынуға болады.
10. Аталған құжаттардың әр жинағы "Жаратылыстану ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтар алуға", "Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтар алуға", "Педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықтар алуға"деген жазуы бар ғылыми жұмысымен бiрге папкiде, жеке конвертке салынуы керек.
Ескерту: 10-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
11. Осы талаптарға сәйкес ресiмделмеген құжаттар қабылданбайды. Конкурсқа ұсынылған материалдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге болмайды.
12. Сыйлық алуға ұсынылған материалдар Министрлiкке конкурс туралы хабарландыруға сәйкес ұсынылады, онда конкурс құжаттары тiркеледi және қабылдау мерзiмi аяқталған соң қарау үшiн Конкурстық комиссияға жiберiледi.
Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен, 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
13. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен материалдар бiр данада авторлардың жазбаша талаптары бойынша қайтарылады.
3. Жұмыстарды қарау тәртiбi
14. Конкурстық материалдарды қарау және сыйлықтарды тағайындау мәселесi жөнiндегi ұсынымдық шешiмдердi дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен Конкурстық комиссия құрылады.
Конкурстық комиссия консультативтi-кеңесшi орган болып табылады және министрлiктер мен ведомстволар өкiлдерiнен, республиканың әртүрлi ғылым салаларындағы жетекшi ғалымдары мен мамандарынан құрылады.
Конкурстық комиссияны төраға - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым Министрi басқарады.
Осы сыйлыққа Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жұмыстарын ұсынған жағдайда соңғылары комиссия жұмысына қатыспайды. Конкурстық комиссияның барлық шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi.
Ескерту: 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
15. Конкурстық комиссияның құқықтары:
сыйлыққа ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшiн секциялар құру, олардың құрамын және жұмыс тәртiбiн анықтау;
сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды ғылыми және тиiстi бейiндегi басқа да ұйымдарға сараптап қарауға жолдау;
сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды рецензиялауға көрнектi ғалымдар мен мамандарды тарту;
16. Конкурстық комиссия конкурстық материалдар конверттерiн ашып, олардың конкурс талаптарына сәйкестiгiн анықтайды.
Белгiленген талаптарға сәйкес материалдарды Конкурстық комиссия секцияларда (ғылым салалары бойынша) жұмыстардың ғылыми және практикалық маңыздылығын бағалау үшiн жiбередi, сондай-ақ:
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Бiлiм академиясы (бұдан әрi - Қазақ Бiлiм академиясы) - педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық бойынша;
Секциялардың, Қазақ білім беру академиясының ұсынымдық шешімдері Конкурстық комиссияға беріледі.
Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен, 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен .
17. Сыйлықтар беру туралы Конкурстық комиссия шешiмдерi жасырын дауыспен қабылданады. Сыйлықтар мәжiлiске қатысып отырған Конкурстық комиссия мүшелерiнiң дауыс беру нәтижесiнде кемiнде 2/3 алған жұмыстарға берiледi.
18. Жасырын дауыс беру үшiн бюллетеньге жұмыстарды енгiзу туралы шешiмдердi секциялар, Қазақ Бiлiм академиясының кепiлдемелерiн ескерiп, жұмыстарды қарау негiзiнде Конкурстық комиссия мүшелерiнiң мәжiлiсiне қатысқандардың көп дауысын жинаған ашық дауыс беру арқылы Конкурстық комиссия қабылдайды.
Ескерту: 18-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен, 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен.
19. Жасырын дауыс беру барлық жұмыстар бойынша бiр мезгiлде жүргiзiледi.
Егер, жасырын дауыс берудiң қорытындысы бойынша жаратылыстану ғылымдары бойынша екi жұмыстан артық және гуманитарлық ғылымдар бойынша екi жұмыстан артық жұмысқа сыйлықтар беруге шешiм қабылданса, онда сыйлықтар ең көп дауыс санын жинаған үш авторға берiледi.
Егер, жасырын дауыс берудiң қорытындысы бойынша педагогика бойынша үш жұмыстан артық жұмысқа сыйлықтар беруге шешiм қабылданса, онда сыйлықтар осы саладағы ең көп дауыс санын жинаған (бiрiншi, екiншi және үшiншi сыйлықтар) үш жұмысқа берiледi.
Ескерту: 19-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
20. Қайта дауыс беру үшiн бюллетеньге бiрiншi дауыс беру кезiнде қатысқан комиссия мүшелерiнiң жартысынан аз дауыстарын жинаған жұмыстар енгiзiлмейдi.
Егер, қайталап дауыс берген жағдайда жұмыстардың бiреуi де қажеттi мөлшерде дауыс жинамаған болса, сыйлық берiлмеген деп саналады және келесi жылға ауыстырылмайды.
21. Конкурстық комиссия шешiм қабылдауға құқылы, егер оның мәжiлiсiне комиссия мүшелерiнiң кемiнде 2/3 тiзiмдiк құрамы қатысқан жағдайда.
4. Конкурс нәтижелерiн бекiту тәртiбi
22. Конкурстық комиссия жұмыстарды қарау нәтижесi бойынша мынадай материалдар ресiмдейдi: Конкурстық комиссияның хаттамасын, дауыс берген бюллетеньдер салынған Конкурстық комиссияның мүшелерi қол қойып жабылған конверт, секциялардың, Қазақ бiлiм академиясының сыйлықтар беруге ұсынылған жұмыстар бойынша тиiстi қорытындылары, сондай-ақ осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес құжаттар.
Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және
ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен, 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
23. Конкурстық комиссияның сыйлықтар беруге ұсынған жұмыстары бойынша тиiстi шешiмдердiң жобалары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтуге ұсынылады.
Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
24. Сыйлықтар беру туралы ресми басылымдарда және "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Хабаршысы" журналында жарияланады. Сыйлыққа лайық жұмыстар туралы қысқаша түсiнiктемелер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" журналының тиiстi серияларында жарияланады.
Ескерту: 24-тармаққа толықтыру, өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
25. Сыйлық алған ғылыми жұмыстар Министрлiктiң Орталық ғылыми кiтапханасына сақтауға берiледi.
5. Сыйлықтың лауреаттарын марапаттау
26. Сыйлық беру туралы дипломдар, омырау белгiлерi мен ақшалай сыйлықтарды лауреаттарға Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым Министрi тапсырады.
Ескерту: 26-тармаққа толықтыру, өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
27. Жаратылыстану ғылымдары бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы, гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Ш.Уәлиханов атындағы және педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтар лауреаттарына өз еңбектерiн " _____ жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлық берiлген", ______ жылы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық берiлген", ______ жылы Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық берiлген деген белгi қойып басып шығару құқығы берiледi.
Ескерту: 27-тармақ толықтырылды, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
28. Қайтыс болғаннан кейiн марапатталған, қайтыс болған сыйлықтар лауреаттарының дипломы, омырау белгiсi және ақшалай сыйлықтары оның мұрагерлерiне заңдарға сәйкес берiледi.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2000 жылғы 27 мамыр N 500
бұйрығына 2-қосымша
Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар
саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға
сыйлықтар берудің тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға сыйлықтар берудiң тәртiбi туралы осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылдың 10 мамырындағы N 685 қаулысын орындау үшiн әзiрлендi.
2. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға сыйлықтар (бұдан әрi - сыйлықтар) Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайын конкурстық негiзде берiледi:
1) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы әрқайсысы 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi үш сыйлық;
2) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға арналған М.Әуезов атындағы әрқайсысы 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi үш сыйлық.
3. Сыйлыққа зерттеулердiң күн талабына сәйкестiгi және жаңалығымен, құрылған өзгешелiгiмен және ғылыми мiндеттердi шешумен ерекшеленетiн теориялық және практикалық маңызы бар жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы жарияланған жұмыстар (жұмыстар циклi) ұсынылады.
Жұмыстар конкурс жарияланғанға дейiнгi жылды қоса соңғы 3 жылда орындалған болуы керек.
4. Республикалық бюджет қаражатынан төленген бұрын сыйлықтарға ие болған жұмыстар, осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жiберілмейдi. Сыйлыққа жұмыс екi реттен артық ұсынылмайды.
Осы сыйлықтар лауреатының жаңа жетiстiктерi болған жағдайда, сыйлықтар оған қайталанып тағайындалғаннан кейiн бес жыл өткен соң берiлуi мүмкiн.
5. Сыйлықтар алу үшiн конкурсқа жас ғалымдар (оның iшiнде ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, докторанттар, аспиранттар, стажер-зерттеушiлер, инженер-техникалық қызметкерлер) қатыса алады. Сыйлық алушылардың конкурсқа жұмыстарын берген кезде жасы 35 аспауы тиiс.
6. Ғылым саласындағы сыйлықтарды төлеу шығындары Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) ғылым, техника және бiлiм саласындағы мемлекеттiк сыйлықтар мен стипендияларды төлеу үшiн көзделген бюджет қаражаты есебiнде жүргiзiледi.
2. Сыйлыққа ұсыну, ресiмдеу және жұмыстарды
тапсырудың тәртiбi
7. Сыйлықтар алу үшiн кандидаттарды ұсыну құқығы меншiк нысанына қарамай Қазақстан Республикасы ұйымдарының ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерiне, ғылыми кеңестер мен қоғамдарына, жас ғалымдар кеңесiне және басқа ғылыми, оқу және басқа ұйымдарының (бұдан әрi - ұйымдар) алқалық органдарына берiледi.
Сыйлық алу үшiн жұмыстарды ұсыну туралы шешiм сыйлық алу үшiн ұсынылатын жұмыстар орындалған ұйымдарда белгiленген тәртiппен қабылданады.
8. Сыйлық алуға жеке авторлар, сондай-ақ сандық мөлшерi үш адамнан аспайтын ұжым авторларының жұмыстары ұсынылады. Әр автор және шығармашылық ұжым конкурсқа тек бiр жұмыс ұсынуға құқылы.
Сыйлық алу ұжымына кандидаттарды iрiктеу сыйлық алу үшiн ұсынылатын жұмыстар орындалған ұйымдарда белгiленген тәртiппен өткiзiледi.
9. Конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады (басылған түрде, екi бiрдей данада):
1) кiтаптар, монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, кiтапшаланған мақалалар, патенттер көшiрмелерi, туындыгер куәлiктерi мен басқа құжаттар түрiндегi ғылыми жұмыс;
2) оның мазмұны, зерттеулердiң күн талабына сәйкестiгi мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңызы және одан әрi пайдалану мүмкiншiлiктерi баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (10 беттен аспауы тиiс).
Сипаттамаға қоса (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) жұмысты ұсынған мекеменiң атауы, жұмыстың аты, талапкерлердiң қолы қойылған, оның тегi, аты-жөнi көрсетiлген кiтаптың бiрiншi бетi берiледi;
3) мынадай мәлiметтерi бар жұмыстың қысқаша мазмұндамасы (бiр бетте): алдыңғы бетiнде - жұмыстың атауы, оны ұсынатын ұйымның толық атауы; авторлардың тегi, аты-жөнi, олардың қызмет орындары, лауазымдары, ғылыми атақтары мен дәрежелерi; екiншi жағында - жұмыстың қысқаша мазмұны мен алынған нәтижелерiнiң маңызы, жұмыс авторларының қолы;
4) ұйымның басшысы қол қойған (ресми бланкiде), жұмыстың ғылыми маңыздылығын бейнелейтiн дәлелдi ұсыным-негiздеме;
5) мөрмен куәландырылған жұмысты ұсынушы алқалы орган мәжiлiсiнiң хаттамасынан үзiндi;
6) (талапкердiң тегi, аты-жөнi, туған жылы, төлқұжат немесе жеке куәлiк мәлiметтерi, ғылыми дәрежесi мен атағы, мамандығы, қызмет орны мен лауазымы, қызмет және үй мекен-жайы, телефондары көрсетiлген, талапкердiң өзi қол қойған және кадр бөлiмiнiң қызметкерi куәландырған, талапкердiң негiзгi қызмет орны берген анықтама) - автор туралы мәлiметтер;
7) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қол қойған оның шығармашылық үлесi көрсетiлген (ұжым жұмыстары үшiн) талапкердiң ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама;
8) талапкердiң негiзгi қызмет орнының мөрiмен расталған оның маңызды ғылыми еңбектерiнiң тiзiмi (5-тен кем болмауы тиiс);
9) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қолын қойған мөрмен куәландырылған, конкурсқа тапсырылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын осы Ереженiң 4-тармағында аталған сыйлықтарға ие болмағанын растайтын анықтама. Осы баптың 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды егер ол зейнеткер болса (жұмыстан босатылған және т.б.) талапкердiң соңғы жұмыс орнынан ұсынуға болады.
10. Аталған құжаттардың әр жинағы "Жаратылыстану ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға Д.А.Қонаев атындағы сыйлықтар алуға" немесе "Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн М.Әуезов атындағы сыйлықтар алуға" деген жазуы бар ғылыми жұмысымен бiрге папкiде, жеке конвертке салынуы керек.
11. Осы талаптарға сәйкес ресiмделмеген құжаттар қабылданбайды. Конкурсқа ұсынылған материалдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге болмайды.
12. Сыйлық алу конкурсына ұсынылған материалдар Министрлiкке конкурс туралы хабарландыруға сәйкес тапсырылады, онда конкурс құжаттары тiркеледi және қабылдау мерзiмi аяқталған соң қарау үшiн Конкурстық комиссияға жiберiледi.
Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
13. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен материалдар бiр данада авторлардың-жазбаша талаптары бойынша қайтарылады.
3. Жұмыстарды қарау тәртiбi
14. Конкурстық материалдарды қарау және сыйлықты беру мәселелерi жөнiндегi кепiлдеме шешiмдердi дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен Конкурстық комиссия құрылады.
Конкурстық комиссия консультативтi-кеңесшi орган болып табылады және министрлiктер мен ведомстволар өкiлдерiнен, республиканың әртүрлi ғылым салаларындағы жетекшi ғалымдары мен мамандарынан құрылады.
Конкурстық комиссияны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң ғылым мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасары - төраға басқарады.
Осы сыйлыққа Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жұмыстарын ұсынған жағдайда соңғылары комиссия жұмысына қатыспайды.
Конкурстық комиссияның барлық шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi.
Ескерту: 14-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
15. Конкурстық комиссияның құқықтары:
сыйлыққа ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшiн секциялар құру, олардың құрамын және жұмыс тәртiбiн анықтау;
сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Ұлттық ғылым академиясының ғылым бөлімдеріне ғылыми және тиiстi бейiндегi басқа да ұйымдарға сараптап қарауға жолдау;
сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды рецензиялауға көрнектi ғалымдар мен мамандарды тарту.
Ескерту: 15-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен.
16. Конкурстық комиссия конкурстық материалдар конверттерiн ашып, олардың конкурс талаптарына сәйкестiгiн анықтайды.
Конкурстық комиссия конкурс талаптарына сәйкес материалдарды жұмыстардың ғылыми маңыздылығын бағалау үшін секцияларға жіберіледі.
Секциялардың ұсынымдық шешімдері Конкурстық комиссияға беріледі.
Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен.
17. Сыйлықтар беру туралы Конкурстық комиссия шешiмдерi жасырын дауыспен қабылданады. Сыйлықтар мәжiлiске қатысып отырған Конкурстық комиссия мүшелерiнiң дауыс беру нәтижесiнде кемiнде 2/3 алған жұмыстарға берiледi.
18. Жасырын дауыс беру үшiн бюллетеньге жұмыстарды енгiзу туралы шешiмдердi секциялар кепiлдемелерiн ескерiп, жұмыстарды қарау негiзiнде Конкурстық комиссия мүшелерiнiң мәжiлiсiне қатысқандардың көп дауысын жинаған ашық дауыс беру арқылы Конкурстық комиссия қабылдайды.
Ескерту: 18-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен.
19. Жасырын дауыс беру барлық жұмыстар бойынша бiр мезгiлде жүргiзiледi.
Егер, жасырын дауыс берудiң қорытындысы бойынша жаратылыстану бойынша үштен артық жұмысқа және гуманитарлық ғылымдар бойынша үштен артық жұмысқа сыйлықтар кепiлдейтiн болса, онда ең көп дауыс санын жинаған үш жұмысқа сыйлықтар берiледi.
20. Егер, дауыс берген жағдайда жұмыстардың бiреуi де қажеттi мөлшерде дауыс жинамаған болса, сондай-ақ егер, үштен артық жұмыс қажеттi және бiрдей дауыс жинағанда осы туралы хаттамада көрсетiп Конкурстық комиссия қайталап дауыс өткiзуге құқылы. Қайта дауыс беру үшiн бюллетеньге бiрiншi дауыс беру кезiнде қатысқан комиссия мүшелерiнiң жартысынан аз дауыстарын жинаған жұмыстар енгiзiлмейдi. Егер, қайталап дауыс берген жағдайда жұмыстардың бiреуi де қажеттi мөлшерде дауыс жинамаған болса, сыйлық берiлмеген деп саналады және келесi жылға ауыстырылмайды.
21. Конкурстық комиссия шешiм қабылдауға құқылы, егер оның мәжiлiсiне комиссия мүшелерiнiң кемiнде 2/3 тiзiмдiк құрамы қатысса.
4. Конкурс нәтижелерiн бекiту тәртiбi және сыйлық
лауреаттарын марапаттау
22. Конкурстық комиссия жұмыстарды қарау нәтижесi бойынша мынадай материалдар ресiмдейдi: Конкурстық комиссияның хаттамасын, сыйлықтар беруге ұсынылған жұмыстар бойынша секциялардың шешiмдерi, сондай-ақ осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес құжаттар.
Ескерту: 22-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
23. Конкурстық комиссияның сыйлықтар беруге ұсынған жұмыстары бойынша тиiстi шешiмдердiң жобалары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтуге ұсынылады.
Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
24. Сыйлықтар беру туралы ресми баслымдарда және "Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң Хабаршысы" журналында жарияланады. Сыйлыққа лайық жұмыстар туралы қысқаша түсiнiктемелер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" журналының
тиiстi серияларында жарияланады.
25. Сыйлық алған ғылыми жұмыстар Министрлiктiң Орталық ғылыми кiтапханасына сақтауға берiледi.
26. Сыйлық беру туралы дипломдар, омырау белгiлерi мен ақшалай сыйлықтарды лауреаттарға Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi тапсырады.
Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлықтың ақшалай бөлiгi тең үлеспен төленедi.
Ескерту: 26-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 631 бұйрығымен, 2004 жылғы 21 қазандағы N 850 бұйрығымен.
27. Қайтыс болғаннан кейiн марапатталған, қайтыс болған сыйлықтар лауреаттарының дипломы, омырау белгiсi және ақшалай сыйлықтары оның мұрагерлерiне заңдарға сәйкес берiледi.