Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР-ның Білім және ғылым министрінің 2011.12.21 N 536 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 P000685_ қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 5 ақпандағы N 188 P010188_ қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Үздiк ғылыми зерттеулерге сыйлықтар және жас ғалымдарға үздiк ғылыми жұмыстары үшiн сыйлықтар берудiң тәртiбi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм мен ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 27 мамырдағы N 550 V001168_ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн сыйлықтар берудiң тәртiбi туралы Ережеге (N 1-қосымша):
2-тармақ мынадай мазмұнда 3) және 4) тармақшаларымен толықтырылсын:
"3) Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн А.И. Бараев атындағы (бiрiншi, екiншi және үшiншi) сыйлықтар айтарлықтай теориялық және практикалық маңызы бар ашқан жаңалықтары, жаңа өнер табыстар шығарған және қабылданған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттары мен будандары, тұқымдары, мал мен балық типтерi, құс кростары, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндіру, сақтау және қайта өндiру салаларындағы технологиялық және техникалық әзiрлемелерi, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы экономикалық әзiрлемелерi үшiн";
"4) Педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы (бiрiншi, екiншi және үшiншi) сыйлықтар айтарлықтай теориялық және практикалық маңызы бар, бiлiм беру ұйымдары практикасында және технология, педагогика ғылымына қосқан ерекше жетiстiктерi, өзектiлiгi мен жаңашылдығының ерекшелiктерi, бiлiм беру жүйесiндегi ұлттық идеяның көрiнiстерi, жеке адам шығармашылығын дамытуды қалыптастыру мен тәрбиелеудiң мүмкiндiктерi үшiн";
5-тармақта "бiрiншi және екiншi" деген сөздер "бiрiншi, екiншi және үшiншi" деген сөздермен ауыстырылсын, "200 және 150" деген сандар "200, 150 және 100" деген сандармен ауыстырылсын;
10-тармақтағы "немесе" деген жалғау үтiрмен "," ауыстырылсын, "гуманитарлық ғылымдар бойынша зерттеулер" деген сөздерден кейiн "Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн А.И.Бараев атындағы сыйлықтар алуға", "Педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтар алуға" деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақта "Ғылым департаментi" деген сөзден кейiн мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"және Жалпы орта және бастауыш кәсiптiк бiлiм департаментi (бұдан әрi - Департаменттер) конкурс туралы хабарландыруға сәйкес. Конкурстық құжаттар Департаменттерде тiркеледi және қабылдау мерзiмi аяқталған соң қарау үшiн Конкурстық комиссияға берiледi";
16-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Белгiленген талаптарға сәйкес материалдарды Конкурстық комиссия секцияларда (ғылым салалары бойынша) жұмыстардың ғылыми және практикалық маңыздылығын бағалау үшiн жiбередi, сондай-ақ:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясына (бұдан әрi - Ұлттық Ғылым Академиясы) - жаратылыстану ғылымдары бойынша үздiк ғылыми зерттеулерi үшiн Қ.И.Сәтпаев атындағы және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулерi үшiн Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтар бойынша;
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеу орталығына (бұдан әрi - Академиялық орталық) - Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн А.И.Бараев атындағы сыйлық бойынша;
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Бiлiм академиясы (бұдан әрi - Қазақ Бiлiм академиясы) - педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық бойынша";
16-тармақтың 3-абзацы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Ұлттық Ғылым Академиясының, Академиялық орталықтың, Қазақ Бiлiм академиясының секцияларының ұсыныстық шешiмдерi Конкурстық комиссияға берiледi";
18-тармақта "секциялар ұсыныстары" деген сөздерден кейiнгi "және" деген сөз үтiрмен "," ауыстырылсын, "Ұлттық Ғылым академиясының" деген сөздерден кейiн "Академиялық орталықтың, Қазақ Бiлiм академиясының" деген сөздермен толықтырылсын";
19-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер, жасырын дауыс берудiң қорытындысы бойынша аграрлық ғылымдар бойынша үш жұмыстан артық және педагогика бойынша үш жұмыстан артық жұмысқа сыйлықтар беруге шешiм қабылданса, онда сыйлықтар осы салалардағы ең көп дауыс санын жинаған (бiрiншi, екiншi және үшiншi сыйлықтар) үш жұмысқа берiледi";
22-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Конкурстық комиссия Департаментке мынадай материалдарды ұсынады: Конкурстық комиссияның хаттамасын, Конкурстық комиссияның мүшелерi қол қойған және дауыс берген бюллетеньдер салынған мөр қойылған конвертiн, сыйлықтар беруге кепiлденетiн жұмыстар бойынша салалық секциялар мен Академиялық орталықтың қорытындылары, сондай-ақ осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес құжаттар";
24-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн А.И.Бараев атындағы сыйлықты беру туралы "Қазақстанның ауыл шаруашылық ғылымының хабаршысы" және "Жаршы" журналдарында хабарланады, онда сыйлыққа лайықты жұмыстар туралы қысқаша түсiнiктемелер жарияланады";
27-тармақта "жаратылыстану ғылымдары бойынша" деген сөздерден кейiнгi "және" деген жалғау үтiрмен "," ауыстырылсын, "гуманитарлық ғылымдар бойынша" деген сөздерден кейiн "Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн А.И.Бараев атындағы, педагогика саласындағы
үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы" деген
сөздермен толықтырылсын, " _________ " жылы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық
берiлген" деген сөзден кейiн "_______ жылы А.И.Бараев атындағы сыйлық
берiлген", " ________ жылы Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық берiлген" деген
сөздермен толықтырылсын.
2. Ғылым департаментi (В.В.Могильный) нормативтiк-құқықтық кесiмдi
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне тiркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Е.Е. Ерғожинге
жүктелсiн.
Министр
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Қасымбеков Б.А.