Ескерту. Күші жойылды - ҚР-ның Білім және ғылым министрінің 2011.12.21 N 536 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 6 қазандағы N 1031 және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1191 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң "Үздiк ғылыми зерттеулер үшiн сыйлықтар беру және жас ғалымдарға үздiк ғылыми жұмыстары үшiн сыйлықтар берудiң тәртiбi жөнiндегi ережелердi бекiту туралы" 2000 жылғы 27 мамырдағы N 500 бұйрығына (Мемлекеттiк нормативтiк актiлер тiркеу тiзiлiмiнде N 1168 тiркелген, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2001 жылғы 27 қыркүйектегi N 761 "Үздiк ғылыми зерттеулер үшiн сыйлықтар беру және жас ғалымдарға үздiк ғылыми жұмыстары үшiн сыйлықтар берудiң тәртiбi жөнiндегi ережелердi бекiту туралы" 2000 жылғы 27 мамырдағы N 500 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" бұйрығы (Мемлекеттiк нормативтiк актiлер тiркеу тiзiлiмiнде N 1668 тiркелген) және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2003 жылғы 22 қыркүйектегi N 631 "Үздiк ғылыми зерттеулер үшiн сыйлықтар беру және жас ғалымдарға үздiк ғылыми жұмыстары үшiн сыйлықтар берудiң тәртiбi жөнiндегi ережелердi бекiту туралы" 2000 жылғы 27 мамырдағы N 500 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" бұйрығы (Мемлекеттiк нормативтiк актiлер тiркеу тiзiлiмiнде N 2532 тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықтың 1-қосымшасында:
2-тармақтың 3)-тармақшасы алынып тасталсын;
2-1-тармақ алынып тасталсын;
6-тармақта "Министрлiктiң" деген сөз "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк)" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта "Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн А.И.Бараев атындағы сыйлықтар алуға", деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"12. Сыйлық алуға ұсынылған материалдар Министрлiкке конкурс туралы хабарландыруға сәйкес ұсынылады, онда конкурс құжаттары тiркеледi және қабылдау мерзiмi аяқталған соң қарау үшiн Конкурстық комиссияға жiберiледi.";
14-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Конкурстық материалдарды қарау және сыйлықтарды тағайындау мәселесi жөнiндегi ұсынымдық шешiмдердi дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен Конкурстық комиссия құрылады.";
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурстық комиссияны төраға - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым Министрi басқарады.";
19-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер, жасырын дауыс берудiң қорытындысы бойынша педагогика бойынша үш жұмыстан артық жұмысқа сыйлықтар беруге шешiм қабылданса, онда сыйлықтар осы саладағы ең көп дауыс санын жинаған (бiрiншi, екiншi және үшiншi сыйлықтар) үш жұмысқа берiледi.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Конкурстық комиссия жұмыстарды қарау нәтижесi бойынша мынадай материалдар ресiмдейдi: Конкурстық комиссияның хаттамасын, дауыс берген бюллетеньдер салынған Конкурстық комиссияның мүшелерi қол қойып жабылған конверт, секциялардың, Қазақ бiлiм академиясының сыйлықтар беруге ұсынылған жұмыстар бойынша тиiстi қорытындылары, сондай-ақ осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес құжаттар.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Конкурстық комиссияның сыйлықтар беруге ұсынған жұмыстары бойынша тиiстi шешiмдердiң жобалары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтуге ұсынылады.";
24-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
26-тармақта "және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы президентi" деген сөздер алынып тасталсын;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Жаратылыстану ғылымдары бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы, гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Ш.Уәлиханов атындағы және педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтар лауреаттарына өз еңбектерiн " _____ жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлық берiлген", ______ жылы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық берiлген", ______ жылы Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық берiлген деген белгi қойып басып шығару құқығы берiледi.";
көрсетiлген бұйрықтың 2-қосымшасында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Сыйлық алу конкурсына ұсынылған материалдар Министрлiкке конкурс туралы хабарландыруға сәйкес тапсырылады, онда конкурс құжаттары тiркеледi және қабылдау мерзiмi аяқталған соң қарау үшiн Конкурстық комиссияға жiберiледi.";
14-тармақта:
бiрiншi абзацта "Ұлттық ғылым академиясы президентiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацта "Ұлттық ғылым академиясының вице-президентi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң ғылым мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Конкурстық комиссия жұмыстарды қарау нәтижесi бойынша мынадай материалдар ресiмдейдi: Конкурстық комиссияның хаттамасын, сыйлықтар беруге ұсынылған жұмыстар бойынша секциялардың шешiмдерi, сондай-ақ осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес құжаттар.";
23-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Конкурстық комиссияның сыйлықтар беруге ұсынған жұмыстары бойынша тиiстi шешiмдердiң жобалары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтуге ұсынылады.";
екiншi абзац алынып тасталсын;
26-тармақтағы "Ұлттық ғылым академиясының президентi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Ғылым департаментi (В.В.Могильный) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бiлiм және ғылым вице-министрi Р.Е.Берсiмбаевқа жүктелсiн.
Министрдiң
мiндетiн атқару