Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі әуе желілерінде оқтын-оқтын авиатасымалдарды орындаудың тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі 1999 жылғы 8 қазандағы N 705-А-I, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1999 жылғы 12 қазандағы N 36, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1999 жылғы 14 қазандағы N 170 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 20 қазанда тіркелді. Тіркеу N 944. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 23 маусымдағы N 208-I, ҚР Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 21 қазандағы N 08-1/155, ҚР Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 7 қазандағы N 329 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту: Бірлескен бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қорғаныс министрлігінің 2000 ж. 16 маусымдағы N 42  2000 ж. 24 маусымдағы N 163 ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2000 ж. 7 маусымдағы N 288-І  бірлескен бұйрығымен .

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығына сәйкес жолаушылар, теңдеме жүктерді және/немесе жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тұрақты рейстерді жүзеге асыратын тағайындалған авиакомпаниялардың мүддесіне нұқсан келтірмей, Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі әуе желілерінде азаматтық әуе кемелерінің оқтын-оқтын ұшуды орындауын қамтамасыз ету және дайындықты ұйымдастырудың біртұтас тәртібін анықтау мақсатында Бұйырамыз:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі әуе желілерінде оқтын-оқтын авиатасымалдарды орындаудың тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) бекітілсін.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қорғаныс министрлігінің 2000 ж. 16 маусымдағы N 42 2000 ж. 24 маусымдағы N 163 ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі 2000 ж. 7 маусым N 288-І  бірлескен бұйрығымен .
      2. Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Тәртіпті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік азаматтық әуе кемелерінің оқтын-оқтын ұшуды орындауын ұйымдастыру жөніндегі уақытша нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі комитеті төрағасының 1998 жылғы 14 шілдедегі N 98-п бұйрығының күші жойылды деп танылсын (қоса беріліп отыр).
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен мезеттен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрінің
      міндетін атқарушы    

      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрінің
      міндетін атқарушы    

      Қазақстан Республикасының
      Көлік, коммуникациялар және
      туризм министрінің
      міндетін атқарушы

1999 жылғы 8 қазан N 705-А-I   
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрінің 1999 жылғы 12 қазан N 36
Қазақстан Республикасы Қорғаныс 
министрінің 1999 жылғы 14 қазан N 170
бірлескен бұйрықпен бекітілген 

Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі әуе
желілерінде оқтын-оқтын авиатасымалдарды
орындаудың уақытша тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық және iшкi әуе желiлерiнде оқтын-оқтын авиатасымалдарды орындаудың осы уақытша тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) Халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының (ИКАО), Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығы, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметiн және әуе кеңiстiгiн пайдалануды реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң негiзiнде әзiрлендi.
      Қазақстан Республикасының халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде тұрақсыз (чартерлi) ұшуларға өзiне қолайлы болып саналатын тәртiптер, шарттар және шектеулердi енгiзуге құқылы.
      2. Осы Тәртiп тұрақты рейстер жүзеге асыратын шығынсыз әуе тасымалдарына сұранысты толығырақ қанағаттандыру мақсатында жолаушыларды, теңдеме жүктердi және/немесе жүктердi тасымалдауды жүзеге асырғанда Қазақстан Республикасының халықаралық және iшкi әуе желiлерiнде азаматтық әуе кемелерiмен тұрақсыз авиатасымалдарды орындауға дайындықты ұйымдастыру, және қамтамасыз етудiң бiр тұтас тәртiбiн, Қазақстан Республикасының пайдаланушыларының шетел мемлекеттерiнiң әуе кеңiстiгiн пайдалануға және шетелдiк пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануға арнайы рұқсат алу және сұрау салу тәртiбiн айқындайды.
      3. Осы Тәртiпте мынадай терминдер мен түсiнiктер қолданылады:
      1) тұрақты рейс - жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын және кез келген қоғамдық топ үшiн тиiмдi тағайындалған тасымалдаушы орындайтын рейс;
      2) әуе кемесiнің фрахты шарты (фрахтышы) - бiр тарап фрахтышы) екiншi тарапқа (фрахты алушыға) жолаушыларды, теңдеме жүктердi және/немесе жүктердi тасымалдау үшiн бiр немесе бiрнеше әуе кемелерiнің бiр немесе бiрнеше рейстерiнің сыйымдылығының барлық немесе бiр бөлiгiн беруге мiндеттенетiн келiсiм;
      3) оқтын-оқтын авиатасымалдау - тұрақты авиатасымалдау болып табылмайтын коммерциялық әуе тасымалдауы;
      4) чартерлi рейс - әуе кемесiнде фрахтыланған (кестеден тыс) тұрақсыз авиатасымалдау;
      5) халықаралық чартерлi рейс - шет мемлекеттің тиiстi құзыреттi органдарының арнайы рұқсаты негiзiнде оқтын-оқтын (чартерлi) тасымалдарды жүзеге асыру мақсатында бiрден астам елдің әуе кеңiстiгiн пайдалану арқылы әуе кемесiмен орындалатын тұрақсыз (кестеден тыс) рейс;
      6) iшкi чартерлi рейс - Қазақстан Республикасының авиациялық әкiмшiлiгiнiң арнайы рұқсаты негiзiнде Қазақстан Республикасының әуе кемесiнде оқтын-оқтын (чартерлi) тасымалдарды жүзеге асыру мақсатында әуе кемесiнде орындалатын (кестеден тыс) тұрақсыз рейс;
      7) қызмет көрсету үшiн тасымалдар - апатты жағдайларда немесе жазатайым болған оқиға кезiнде көмек көрсету үшiн адамдар мен жабдықтарды тасымалдау үшiн қоғамдық мақсаттарда орындалатын рейстер, санитарлы рейстер, сондай-ақ қалпына келтiру және апатты құтқару жұмыстарын жүргiзуге байланысты рейстер;
      8) оқтын-оқтын (чартерлi) рейстi орындауға сұрау салу - әуе кеңiстiгiн пайдалануға арнайы рұқсат алу үшiн қажеттi мәлiметтерден тұратын құжат;
      9) арнайы рұқсат - осы мемлекеттiң авиациялық әкiмшiлiгiмен немесе оның уәкiлеттi органмен айқындалған мемлекеттiң әуе кеңiстiгiн пайдалану шарты және тәртiбi;
      10) Қазақстан Республикасының авиациялық әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi;
      11) ауа бостандығы - халықаралық әуе қатынасына қатысты бiр мемлекеттің екiншi мемлекетке немесе мемлекеттерге жолаушыларды, теңдеме жүктердi және/немесе жүктердi тасымалдау үшiн ұшуларды жүзеге асыру және өз аумағында қону үшiн берiлетiн құқық немесе жеңiлдiк.
      4. Әлемдiк тәжiрибеде тоғыз ауа бостандығы қабылданған:
      1) бiрiншi ауа бостандығы - халықаралық әуе тасымалдарына қатысты бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке немесе мемлекеттерге оның аумағы арқылы қонбай ұшып өтудi жүзеге асыру үшiн берілетiн құқықтар немесе жеңiлдiктер;
      2) екiншi ауа бостандығы - халықаралық әуе тасымалдарына қатысты бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке немесе мемлекеттерге өз аумағына коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асыру үшiн берiлетiн құқықтар немесе жеңілдiктер;
      3) үшiншi ауа бостандығы - халықаралық әуе тасымалдарына қатысты бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке немесе мемлекеттерге авиатасымалдаушы тiркелген мемлекетте бортқа алынған жолаушыларды, теңдеме жүктердi және/немесе жүктердi бiрiншi мемлекеттің аумағына түсiрудi жүзеге асыру үшiн берiлетiн құқықтар немесе жеңілдiктер;
      4) төртiншi ауа бостандығы - халықаралық әуе тасымалдарына қатысты бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке немесе мемлекеттерге авиатасымалдаушы тiркелетiн келесi мемлекеттің жолаушыларын, теңдеме жүктерiн және/немесе жүктерiн бiрiншi мемлекеттің аумағына бортқа қабылдау үшiн берiлетiн құқықтар немесе жеңiлдiктер;
      5) бесiншi ауа бостандығы - халықаралық әуе тасымалдарына қатысты бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке немесе мемлекеттерге келесi үшiншi мемлекеттен немесе оған жолаушыларды, теңдеме жүктердi және/немесе жүктердi бiрiншi мемлекеттiң аумағында түсiру және бортқа қабылдау үшiн берiлетiн құқықтар немесе жеңiлдiктер;
      6) алтыншы ауа бостандығы - халықаралық әуе тасымалдарына қатысты бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке немесе мемлекеттерге авиатасымалдаушы тiркелген мемлекет арқылы жолаушыларды, теңдеме жүктердi және/немесе жүктердi басқа екi мемлекет арасында жүзеге асыру үшiн берiлетiн құқықтар немесе жеңілдiктер;
      7) жетiншi ауа бостандығы - халықаралық әуе тасымалдарына қатысты бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке немесе мемлекеттерге қабылдаушы мемлекеттiң аумағындағы қандай да бiр мекенге осындай тасымалды қосу туралы қандай да бiр талаптарсыз осы құқықтарды беретiн мемлекеттің және үшiншi мемлекеттiң аумағында аумақтар арасында тасымалдарды жүзеге асыру үшiн берiлетiн құқықтар немесе жеңiлдiктер;
      8) сегiзiншi ауа бостандығы - халықаралық әуе тасымалдарына қатысты бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке немесе мемлекеттерге шетелдiк тасымалдаушы тiркелген немесе (жетiншi ауа бостандығының осылай аталуына байланысты) құқық берушi мемлекеттiң аумағынан тыс ("жүйелi каботаж") басталатын немесе аяқталатын бағыттары бойынша құқық беретiн мемлекеттiң аумағындағы екi мекеннің арасындағы тасымалдарды жүзеге асыру үшiн берілетін құқықтар мен жеңiлдiктер;
      9) тоғызыншы ауа бостандығы - халықаралық әуе тасымалдарына қатысты бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке немесе мемлекеттерге осы құқықтарды беретiн мемлекеттiң ("автономиялы каботаж") аумағымен толық бағыт бойынша каботажды тасымалдарды жүзеге асыру үшiн берiлетiн құқықтар мен жеңілдiктер.
      5. Шетелдiк әуе кемелерiн пайдаланушыларға (5-9 ауа бостандықтары) коммерциялық құқықтар беру мәселелерi олардың тұрақсыз (чартерлi) ұшуларды Қазақстан Республикасының аумағында/арқылы орындау негiзiнде әрбiр жеке жағдайларда Қазақстан Республикасының авиациялық әкiмшiлiгiнiң қарауына жатады.
      6. Халықаралық авиатасымалдарды (соның iшiнде халықаралық чартерлi рейстер) орындайтын Қазақстан Республикасы авиакомпаниялары әуе кемелерiнiң ұшуы, сондай-ақ шетелдiк әуе кемелерiн пайдаланушылардың ұшуды және олардың Қазақстан Республикасының аумағына қонуы Халықаралық ұшулар үшiн ашылған аэродромдарда жүргiзiледi.
      7. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгінде азаматтық әуе кемелерiнiң тұрақсыз авиатасымалдарын реттеудi және бақылауды Қазақстан Республикасының авиация әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасы пайдаланушыларының азаматтық әуе
кемелерiмен халықаралық және iшкi тұрақсыз авиатасымалдарды
орындау шарттары мен тәртiптерi

      8. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiндегi Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларының (соның iшiнде iшкi чартерлi рейстер) iшкi тұрақсыз авиатасымалдары заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының авиация әкiмшiлiгi берген, қолданылып жүрген тиiстi лицензия бар болғанда жүзеге асырылады.
      Iшкi оқтын-оқтын авиатасымалдарды (соның iшiнде iшкi чартелi рейстердi) жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдеу тәртiбi мен қарау мерзiмiн Қазақстан Республикасының авиация әкiмшiлiгi белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесiн пайдаланушылардың халықаралық оқтын-оқтын ұшулары қолданылып жүрген тиiстi лицензия бар болғанда және әуе кемесiн пайдаланушы тиiстi шет мемлекеттердің азаматтық авиация әкiмшiлiктерi, не оған уәкiлеттi мемлекеттiк органдар берген арнайы рұқсат алған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 ақпандағы N 285 қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы ереженiң талаптырына сәйкес орындалады.
      9. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесiн пайдаланушылардың шет мемлекеттiң әуе кеңiстiгiнде ұшуға арнайы рұқсат алуды осы шет мемлекеттің немесе өз бетiмен белгiлеген мерзiмдерi мен тәртiптерiне сәйкес Қазақстан Республикасының авиациялық әкiмшiлiгi арқылы Қазақстан Республикасының пайдаланушылары жүзеге асырады.
      10. Қазақстан Республикасының әуе кемесiн пайдаланушылар тұрақсыз (чартерлi) рейстердi орындау үшiн шет мемлекеттiң әуе кеңiстiгiн пайдалануға арнайы рұқсат алуға Қазақстан Республикасының авиация әкiмшiлiгiне сұрау салады.
      Оқтын-оқтын (чартерлi) рейстердi орындауға арнайы рұқсат алуға сұрау салуға мынадай құжаттар қоса берiлуi керек:
      1) авиакомпания пайдаланушысының куәлiгi;
      2) әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы туралы куәлiк;
      3) әуе кемесiнің мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiк;
      4) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру куәлiгi;
      5) жоғарыдағы үшiншi тұлғалар алдында жауапкершiлiк сақтандыру (сақтандыру компаниясының атауы, оның мекен-жайы және сақтандыру полисi) көлемi көрсетiлген үшiншi тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру куәлiгi;
      6) әуе кемесi мен экипажды сақтандыру куәлiгi;
      7) авиакомпанияға үш әрiптi кодтың (ИКАО) берілгендiгi туралы құжаттың көшiрмесi;
      8) Қазақстан Республикасының авиация әкiмшiлiгi осындай немесе өзге де шет мемлекеттiң тәртiптерi мен рәсiмдерiне сәйкес талап ету керек деп табатын кез келген басқа да құжаттар.
      11. Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердің арасындағы әуе қатынасы туралы үкiметаралық келiсiмдерге сәйкес уағдаласылған желiлер бойынша тұрақты рейстердi орындайтын тағайындалған авиакомпания мүдделерiне шығын келтiрмеу мақсатында тағайындалған авиакомпаниялар пайдаланған уағдаласылған желiлерге сәйкес келетiн бағыттар бойынша тұрақсыз (чартерлi) рейстердің орындалуына тыйым салынады, мыналардан басқа:
      1) көмек көрсету үшiн тасымалдар;
      2) осы ұйым шығындарын толық жабатын кiсiлер мен жүктердi тасымалдау үшiн жеке мақсаттан басқа әуе кемесiн бiр ұйымның немесе жеке адамның фрахтылау (чартердiң) шартына сәйкес орындалатын бiр реттiк чартерлi рейстер немесе жеке мақсатқа пайдаланатын чартелi рейстер, бұл жағдайда фрахтыланған сыйымдылық қоғамға қайта сатуға жатпайды;
      3) коммерциялық емес мақсатпен салонды вариантты жеке әуе кемелерiнде орындалатын бiр рет ұшулар;
      4) ұйымдастырылған туристiк топты ("инклюзив-тур") тасымалдау мақсатында барлық әуе кемелерi немесе тур-оператордан, яғни қонақ үйге орналастыру және/немесе басқа да жердегi қызмет көрсетудi қосқандағы кешендi бағаға сатып алған жолаушыларды тасымалдау үшiн оның фрахтыланған бөлiгi. Бұл жағдайда авиабилеттердi ресiмдеу екi бағытқа және турдың ұзақтығына байланысты нақтылы уақытқа жүргiзiледi. Авиабилеттердi бiр бағытқа (ОW), не жеке жолаушыларды тасымалдау мақсатында ашық (ОРЕN) күнiмен ресiмдеуге тыйым салынады.
      Осы оқтын-оқтын (чартерлi) тасымалдарды орындау жағрафиялық және бағыттық мүмкiн шектеулер ескерiлiп, чартерлi бағдарламалар алдын ала бекiтiлген жағдайда Қазақстан Республикасының авиация әкiмшiлiгiнiң арнайы рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
      5) тұрақты әуе қатынастары жоқ аймақтарға жолаушыларды, теңдеме жүктердi және/немесе жүктердi тасымалдау мақсатында орындалатын рейстерден.

3. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде шет
мемлекеттер азаматтық әуе кемелерiмен тұрақсыз
авиатасымалдауды орындаудың шарттары мен тәртiбi

      12. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде оқтын-оқтын (чартерлi) ұшуларды орындайтын шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерi егер олар жолаушыларды, теңдеме жүктердi және/немесе жүктердi тасымалдаумен айналысса бортқа Қазақстан Республикасының аумағынан жолаушыларды, теңдеме жүктердi және/немесе жүктердi Қазақстан Республикасының авиация әкiмшiлiгiнiң арнайы рұқсаттарында айқындалған шарттармен түсiре және қабылдай алады.
      13. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерiнiң оқтын-оқтын (чартерлi) ұшуды орындауға пайдалануға арнайы рұқсатты Қазақстан Республикасының авиация әкiмшiлiгi ресiмдейдi. Осы тәртiптің талаптарын ескере отырып ресiмделген, белгiленген үлгiдегi (Қосымша сәйкес) сұрау салулар шет мемлекеттердің тиiстi авиациялық әкiмшiлiктерiнен, не олардың уәкiлеттендiрiлген өкілдерiнен түсуi керек. Осындай арнайы рұқсат алуға сұрау салудың тәртiбi мен мерзiмi Қазақстан Республикасының (АIС) аэронавигациялық ақпарат нұсқаухатында жарияланады. Сұрау салуды ресiмдеу тәртiбi мен қарау мерзiмiн Қазақстан Республикасының авиация әкiмшiлiгi бекiтедi.
      14. Қазақстан Республикасының авиатасымалдау рыногы мен авиакомпаниялар мүддесiн (тағайындалған тасымалдаушыларды қосқанда) қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының авиация әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасына/нан шет мемлекеттердiң әуе кемелерiнің оқтын-оқтын (чартерлi) ұшуларды орындау кезiнде жолаушыларды, теңдеме жүктердi және/немесе жүктердi тасымалдауда коммерциялық құқықтарды пайдалануға арнайы рұқсат беруден бас тартуға құқылы.
      15. егер белгiленген бағыт Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы әуе қатынасы жөнiндегi үкiметаралық келiсiмдердегi авиация әкiмшiлiктерi арасындағы жеке уағдаластықтарға сәйкес тағайындалған авиакомпаниялар пайдаланатын келiсiлген желiлермен сәйкес келсе, шетел мемлекеттерінің әуе кемелерi орындайтын тұрақсыз (кестеден тыс) коммерциялық ұшуларды рейстердi орындауға рұқсат етiлмейдi, мыналардан басқа:
      1)көмек көрсету үшiн тасымалдар;
      2) осы ұйым шығындарын толық жабатын адамдар мен жүктердi тасымалдау үшiн жеке мақсаттан басқа әуе кемесiн бiр ұйымның немесе жеке адамның фрахтылау (чартердiң) шартына сәйкес орындалатын бiр реттiк чартерлi рейстер немесе жеке мақсатқа пайдаланатын чартерлi рейстерден, бұл жағдайда фрахтыланған сыйымдылық қоғамға қайта сатуға жатпайды;
      3) коммерциялық емес мақсатпен салонды вариантты жеке әуе кемелерiнде орындалатын бiр рет ұшулар;
      4) екi бiрдей және сол мекендердің арасында айына бiр рейстен
артық емес жиiлiкпен орындалатын бiр реттiк рейстер.     

Қазақстан Республикасының
халықаралық және iшкi әуе
желiлерiнде тұрақсыз 
авиатасымалдарды  
орындаудың уақытша 
тәртiбiне қосымша 

Шет ел мемлекетi әуе кемесiнің Қазақстан Республикасының
әуе кеңiстiгiн пайдалануға арнайы рұқсат
алуына сұрау салу

     1. Авиякомпанияның атауы және дұрыс мекен-жайы.
     2. ИКАО нөмiрi және рейс нөмiрi.
     3. Әуе қатынасының (ӘҚ) түрi, ең көп ұшу шамасы, негiзгi және
қордағы ӘҚ тiркелу белгiсi, олардың радиодыбысы.
     4. ӘҚ командирiнiң аты-жөнi және азаматтығы (негiзгi және
қордағы экипаждар), экипаж құрамының саны.
     5. Рейстің нөмiрi мен санаты (тұрақсыз және басқа).
     6. Тасылатын жолаушылардың/жүктің түгел саны мен санаты.
     7. Жүктің шыққан жерi және түрi, жолаушыларды, жүктердi жiберу
мекенi мен жеткiзу мекенi.
     8. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiне(нен) кiретiн және
шығатын нүктелерiн күнiн, толық бағытын және қозғалыс кестесiн ұшу
бағытындағы әуе авиатрассаларды, коммерциялық және техникалық қонуларды қоса көрсету.
     9. Жалға алушы (толық атауы, реквизиттерi).
     10. Жүк жiберушi (толық атауы, реквизиттерi).
     11. Қазақстан Республикасы аумағындағы қабылдаушы тарап немесе агент (толық атауы, реквизиттерi).
     12. Навигациялық және байланыс құрал-жабдықтарының түрi.
     13. Борттағы қарудың, оқ-дәрілердің фотоаппаратурасының бар болуы.
     14. Төлем түрi.    

     Лауазым иесiнің қолы, телефоны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады