АҢШЫЛЫҚ БИЛЕТТЕРДI БЕРУ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 308-П бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 11 тамызда тіркелді Тіркеу N 1219. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 247-Ө бұйрығымен.

       Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес, "Заңға тәуелдi кесiмдердi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң N 77-ө өкiмiне сәйкес жүргiзiлген, нормативтiк құқықтық актiлердiң ревизиясы нәтижесiнiң негiзiнде заңға тәуелдi нормативтiк құқықтың актiлердi сәйкес келтiру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
     1. "Аңшылық билеттердi беру ережесi туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 308-б бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 11 тамызда N 1219
тiркелген) күшiн жойған деп танылсын.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

_____________________________      

      РҚАО-ның  с ілтемесі: Бұйрықтың қазақша аудармасы  болмағандықтан орысша мәтінде беріліп отыр.

       В связи с предложениями Министерства юстиции Республики Казахстан от 27 апреля 2000 года N 4-01-10-6/158-Г по Правилам о порядке выдачи охотничьих билетов и в соответствии с Положением о Министерстве природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 1999 года N 1693  P991693_  приказываю: 
      1. Утвердить прилагаемые Правила о порядке выдачи охотничьих билетов (приложение N 1) и Типовую программу по охотничьему минимуму (приложение N 2). 
      2. Правила о порядке выдачи охотничьих билетов направить в Министерство юстиции на государственную регистрацию. 
      3. Отменить приказы Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан от 9 марта 2000 года N 102-П и от 15 мая 2000 года N 208-П. 
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Департамент Главной государственной инспекции охраны окружающей среды. 

      И.о. Министра 

                                       Қазақстан Республикасы
                                   Табиғи ресурстар және қоршаған
                                    ортаны қорғау министрлігінің
                                        N 308-П 3 тамыз 2000 ж.
                                       бұйрығының N 1 қосылымы

АҢШЫЛЫҚ БИЛЕТТЕРДI БЕРУ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ 

      1. Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесiн қорғау, қайта қалпына келтiру және пайдалану туралы"  Z933300_  Заңының 40 бабы мен Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1995 жылдың 25 қыркүйегiндегi "Қазақстан Республикасы аумағында аңшылықпен айналысуға құқық беру тәртiбiн бекiту Ережесi туралы" N 1282  P951282_  қаулысы негiзiнде осы Ереже аңшылық билеттердi беру тәртiбiн анықтайды. 
      2. Аңшылық билет Қазақстан Республикасы аумағында әуесқойлық және спорттық аңшылықпен айналысуға құқық бередi және аңшылық минимумды (емтиханды) тапсырған азаматтарға берiледi. 
      3. Аңшылық билет қатаң есеп беру бланкi болып табылады, белгiленген нысан бойынша дайындалады. 

2. АҢШЫЛЫҚ БИЛЕТТЕРДI БЕРУ ТӘРТIБI 

      4. Аңшылық минимумды тапсыру бойынша аңшылар даярлау курстары Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігiнiң жануарлар мен өсімдiктер дүниесiне мемлекет тарапынан бақылау жүргiзетiн облыстық аймақтық басқармаларымен бекiтiлген бағдарлама бойынша осы Ереженің 5 пунктінің талаптарына сай келетiн заңды тұлғалар (алдағы уақытта - ұйымдар) жүргiзедi. 
      5. Ұйымның оқу орындарында келесiлер болу керек: 
      1) Оқыту жүргiзуге арналған стационарлық ғимарат; 
      2) Теориялық бiлiмдерiн бекiтуге арналған тәжiрибелiк сабақтарды өткiзетiн орын және жағдай; 
      3) Теориялық және тәжiрибелiк бiлiм беретiн бiлiктi оқытушылар; 
      4) Сабақ өткiзуге арналған нормативтi құқықтық, оқу-әдiстемелiк әдебиеттер, техникалық құжаттама және көрнектi нұсқаулар. 
      6. Аңшылық минимум бойынша емтихан қабылдау үшiн комиссия құрылады, оның құрамына кiретiндер: 
      - жануарлар және өсiмдiк дүниесiне мемлекеттiк бақылау жүргiзетiн аумақтық басқармасының бастығы (төрағасы); 
      - өкiлдер: орман және биоресурстр бойынша облыстық аумақтық басқармасынан; 
      - және басқа да мүдделi меншiк нысанына байланыссыз, ұйымдарынан. 
      7. Облыстың аумақтық ерекшелiгiне байланысты аңшылық жердiң аумағына орай аймақтық комиссия құруға болады. 
      8. Аңшылық минимумы емтихан қабылдау бойынша құрылған комиссия хаттамасы негiзiнде (1 қосылым) белгiленген тәртiпте аңшылық билетiн беру реестрi құрылады (2 қосылым) және белгiленген нысандағы есеп карточкасы толтырылады. 
      9. Аңшылық билеттерi жануарлар мен өсiмдiк дүниесiне мемлекеттiк бақылау жүргiзетiн облыстық аумақтық басқарманы хаттамасы негiзiнде берiледi және құжаттың iшкi сол жағында мөрмен куәландырылады. 
      10. Аңшылық билеттердi қолдану мерзiмi бекiтiлген тәртiппен аңшы мемлекеттiк бажды төлеген соң ұзартылады. Төлегендiгi мемлекеттiк баждың маркасымен расталады. Марка жануарлар мен өсiмдiк дүниесiне мемлекеттiк бақылау жүргiзетiн облыстық аумақтық басқарманы бекiткен тәртiбiмен орталықтандырылып даярланады. 
      11. Мемлекеттiк баж маркасы аңшы билетi мен есеп карточкасына жапсырылады және арнайы мөртаңбамен бекiтiледi. Керектi жағдайларда мемлекеттiк бажды төлегенiн растау үшiн аңшылық билетке бекiтiлген үлгiдегi қосымша жапсырылады. 
      12. Аңшылық билеттi басқа бiреуге беруге тыйым салынады. 
      13. Аңшылық билетсiз, не керектi сәйкес мөрсiз, не мерзiмi өтiп кеткен билетпен, мемлекеттiк бажды төлегенi туралы белгiсi жоқ болған жағдайда аңшылықпен айналысу заңсыз деп саналады және кiнәлi заңмен белгiленген тәртiпте жауапкершiлiкке тартылады. 

3. АҢШЫЛЫҚ БИЛЕТТЕРДI ДАЙЫНДАУ, 
САҚТАУ ЖӘНЕ ЖОЮ ТӘРТIБI 

      14. Аңшылық билеттер жануарлар мен өсiмдiк дүниесiне мемлекеттiк бақылау жүргiзетiн облыстық аумақтық басқармасының сұранысы бойынша белгiленген тәртiппен жасалып құнды қағаз ретiнде, нақты сақтауды қамтамасыз ететiн жерде сақталады. 
      15. Аңшылық билеттерiнiң бланктерi аңшыларға берiлген кезеңге сай есептен шығарылады. 
      16. Аңшылық құқығынан шығарылғандардан алынған аңшылық билеттерi, сонымен қатар бүлiнген бланктер жануарлар мен өсiмдiк дүниесiне мемлекеттiк бақылау жүргiзетiн облыстық аумақтық басқармасының комиссиясымен жойылады, ол туралы арнаулы акт жасалады. 
      17. Жануарлар мен өсiмдiк дүниесiне мемлекеттiк бақылау жүргiзетiн облыстық аумақтық басқармасы аңшылар билетiнiң берiлуi жөнiнде Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің алдында жылына бiр рет 15 қаңтарға дейiн есеп бередi. 

                                              Аңшылық билетті беру
                                            тәртібі туралы Ереженің
                                                  N 1 қосылымы

  N ____ оқу тобынан аңшылық минимум емтиханын қабылдау бойынша
  құрылған _______________________________________ комиссиясының
      (аймақтық мемлекеттік бақылау басқармасының атауы)

                 "___"_______________ 200__ ж. N ____ Хаттамасы

  

      

--------------------------------------------------------------------
 N ! Тыңдаушының  ! Теориялық білімі ! Практикалық білімі! Емтихан 
р/б!аты-жөні, тегі! бойынша емтихан  !  бойынша емтихан  ! дысы бойынша
   !              !    қортындысы    !     қортындысы    ! шығарған комис
   !              !     (бағасы)     !      (бағасы)     ! сия шешімі
   !              !                  !                   ! (беру/бермеу)
-------------------------------------------------------------------------
 1
 2
 3
 4
 5
 6
 7
 8
 9
10

------------------------------------------------------------------------- 
    Комиссия төрағасы:   ______________________          ____________
                            (аты-жөні, тегі)                 (қолы)     
     Комиссия мүшелері:   1.____________________          ____________
                            (аты-жөні, тегі)                 (қолы)     
                          2.____________________          ____________
     М.О.                   (аты-жөні, тегі)                 (қолы)     

     Жануарлар мен өсімдік
     дүниесіне мемлекеттік
     бақылау жүргізетін
     облыстық аумақтық
     басқармасы

                                                  Аңшылық билетті беру
                                                 тәртібі туралы Ереженің
                                                       N 2 қосылымы 

     N ____ "___"_______________ 200__ ж. 
     емтихан комиссиясының хаттамасына

____________________________________________________________________
 (жануарлар және өсімдіктер дүниесіне мемлекеттік бақылау жүргізетін
                     аймақтық басқарманың атауы)     

     Аңшылық минимум емтиханын тапсырғандарға аңшылық билетін беруге    
                          арналған N _____ Реестр
-------------------------------------------------------------------------
 N ! Аты-жөні,    ! Оқу тобының      ! Аңшылық билет      !Алғандығы
р/б! тегі         ! нөмірі           ! нөмірі             !жөніндегі қолы
------------------------------------------------------------------------- 
1 !      2       !        3         !          4         !        5     
-------------------------------------------------------------------------
 1.
 2.
 3.
 4.
 5.
 6.
 7.
 8.
 9.
10.    
11.
12.
13.
14.     
------------------------------------------------------------------------- 
    Аймақтық мемлекеттік ______________________
     ұйымның жетекшісі

     М.О.                                                          

          "___"____________ 200__ ж.

                                           Қазақстан Республикасы
                                        Табиғи ресурстар және қоршаған
                                         ортаны қорғау министрлігінің
                                            N 308-П 3 тамыз 2000 ж.
                                            бұйрығының N 2 қосылымы     
 
                  Аңшылық минимум бойынша типтік бағдарлама 

------------------------------------------------------------------------- 
N !       Тақырыптың атауы               ! Теориялық     ! Практикалық
р/б!                                      ! сабақтың сағат!сабақтың сағат
   !                                      ! саны          ! саны
-------------------------------------------------------------------------
 1 !                 2                    !       3       !        4     
-------------------------------------------------------------------------
1   Қазақстан Республикасының аумағында 
    аңшылық құру құқығы.
    Аңшылық құқығы мен мiндеттерi.                4
    Браконьерлiк үшiн жауапкершiлiк.
    Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына
    енгiзiлген жануарлар.
    Аңшының этикасы.    

2   Аңшылық жерлер. Қазақстан Республикасы,
    облыстарда аңшылық құру ережелерi мен 
    мерзiмдерi.                                   4
    Аңшылық фаунаны қорғау және қайта қалпына
    келтiру.
    Лицензияланған және аңшылық құруға болатын
    жануарлар түрi. 

3   Аңшылық құру әдiстерi.
    Аңдар және оларды аулау.                      6                4
    Құстар және оларды аулау. Балықшылық.
    Аңшылық иттердi қолдану. Құсбегi. 

4   Рұқсат беру жүйесi.                           4                6
    Аңшылық қару-жарақ, оқ-дәрi және сайман.
    Қару жарақты сақтағанда және аңшылық құрған
    кезде қауіпсiздендiру техникасы.
    Жарақаттанғанға алғашқы жәрдем көрсету.

5   Барлық сабақ саны                             18               10
-------------------------------------------------------------------------
     Барлық сабақтар - 28 сағат, соның iшiнде
     Теориялық сабақ - 18 сағат
     Практикалық сабақ - 10 сағат
     Бiр күнгi оқу сабақтарының ұзақтығы - 7 сағат
     Оқудың ұзақтығы - 28 : 7 = 4 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады