Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы
N 106
қаулысымен
____________________________________________
Сатып алынған және сатылған шетел валютасы тiзiлiмiнiң электронды журналын бағдарламалық қамтамасыз етуге және оны жүргiзу тәртiбiне қойылатын талаптарды белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерiс пен толықтыру бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн 10 күн өткен соң күшiне енгiзiлсiн.
2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерiс пен толықтыруды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгеріс пен толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары мен уәкілетті банктерге жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банкi Басқармасының
2000 жылғы 24 тамыздағы
N 330 қаулысымен
бекiтiлген
Тiркеу N
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
өзгерiс пен толықтыру
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 24 желтоқсандағы тiркеу номерi N 1010
V991010_
, мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1. 65-тармақтың 5-азатжолының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Электронды тiзiмдеу журналын бағдарламалық қамтамасыз етуге және оны жүргiзу тәртiбiне қойылатын талаптар осы Нұсқаулықтың N 13 қосымшасында айқындалған."
2. N 13 қосымшамен толықтырылсын.
Банкi Басқармасының 1999 жылғы
15 қарашадағы N 400 қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республика-
сында қолма-қол шетел валютасы-
мен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
N 13 қосымша
Электронды тiзiмдеу журналын бағдарламалық қамтамасыз етуге
және оны жүргiзу тәртiбiне қойылатын талаптар
1. Уәкiлеттi банктер электронды тiзiмдеу журналын қолма-қол шетел валютасымен жасалған операциялар есебiн жүргiзу үшiн пайдаланады.
2. Электронды тiзiмдеу журналын бағдарламалық қамтамасыз ету мынадай талаптарға сай болуы керек:
1) қолма-қол шетел валютасымен жасалған айырбастау операциялары туралы ақпаратты енгiзу және түзетуден кейiн ақпараттың жүйелiк журналында пайдаланушының барлық орындаған жұмысы туралы мiндеттi түрде автоматты хаттама жасалуға тиiс. Жүйелiк журнал оқылатын режимде ғана болуға тиiс;
2) ақпаратты енгiзу және түзету кезiнде қолма-қол шетел валютасымен жасалған айырбастау операциялары туралы енгiзiлген ақпаратта ешқашанда хронологиялық үзiлiс болмауы керек және бүтiндiгi сақталуға тиiс;
3) енгiзiлген операциялардың бiрде-бiреуi өшiрiлмеуге тиiс. Қате енгiзiлген операцияға қате енгiзiлгендiгi туралы белгi қойылады және оны мәлiметтер базасынан өшiруге болмайды;
4) тiркеу журналының нысандарына сәйкес бiр күн iшiндегi қолма-қол шетел валютасымен жүргiзiлген айырбастау операциялары туралы есеп және осы Нұсқаулықта көзделген шетел валютасын сатып алу және сату көлемi туралы күн сайын есеп жасау және беру күнделiктi жүзеге асырылып отыруға тиiс;
5) ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, ол мынадай талаптарға сай болуға тиiс:
сыртқы арналар арқылы жiберiлетiн ақпарат сертификатталған аппаратты және киптографиялық қорғалған болуға тиiс;
жергiлiктi желiде жұмыс iстеген кезде пайдаланушылардың жүйе мәлiметтерiне, қызметiне және ресурстарына кiру құқығын шектеу қамтамасыз етiлуге тиiс;
жүйенiң әрбiр пайдаланушысының өз паролi болуға тиiс, оны басқалар көре алмайтын және пайдаланушының өзi және/немесе администратор ғана өзгерте алатын болуға тиiс;
жүйе администраторының әрбiр пайдаланушының iс-әрекетiне байланысты барлық оқиғаларға аудит жүргiзу мүмкiндiгi болуға тиiс.
6) мынадай оқиғаның кез келгенi болған кезде электронды архивтердегi және деректер базасындағы ақпараттың толық сақталуын қамтамасыз ету:
жүйенiң кез келген учаскесiнде және кез келген уақытта электр қуатының толық немесе iшiнара өшiп қалуы;
жұмыс станцияларының, шалғайдағы және телекоммуникациялық жабдықтардың бұзылуы.
7) деректерге электронды тiркеу журналының бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдаланушының интерфейсi арқылы шығудан басқа құралдар болмаса да қамтамасыз етiлетiн мәлiметтердiң толық болуына кепiлдiк беру;
8) пайдаланушының жұмыс орнындағы бағдарламаны әзiрлеу және ретке келтiру құралдары болмаса да қамтамасыз етiлетiн бағдарламалық қамтамасыз етудiң толық болуына кепiлдiк беру.
3. Уәкiлеттi банк өзiнiң айырбастау пункттерiнде электронды тiркеу журналының бағдарламалық қамтамасыз етуiн пайдаланбастан бұрын Ұлттық Банктiң орталық аппаратына және тиiстi филиалына хабарлауға тиiс. Хабарламада электронды тiркеу журналына көшкен күнiн көрсете отырып, қағаз жазба арқылы журналға тiзбе жасауын тоқтатқан тиiстi облыстың аумағына орналасқан уәкiлеттi банктiң айырбастау пунктiнiң тiзбесi болуы керек.
4. Электронды тiркеу журналын пайдаланушының жұмыс орны (бұдан әрi - жұмыс орны) ақпарат қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес ұйымдастырылуға тиiс, оған мынадай ұйымдастыру шаралары кiредi:
1) электронды тiркеу журналын бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланылатын орынға, арнайы жабық пен күзет үй-жайына, электронды тiркеу журналының бағдарламалық қамтамасыз етуi қойылған жұмыс орнына (бұдан әрi - жұмыс орны) осы үй-жайға кiруге рұқсат етiлмеген адамдардың кiру мүмкiндiгiн болдырмау керек.
2) электронды тiркеу журналын бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланылатын үй-жай осы Нұсқаулықта белгiленген айырбастау пункттерiнiң үй-жайына қойылатын талаптарға сай болуы қажет;
3) электронды тiркеу журналын бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдаланатын уәкiлеттi банк (оның филиалы) басшысының бұйрығымен:
жұмыс режимi (кешкi уақытта демалыс және мереке және т.б. күндерi жұмыс iстеу тәртiбi);
жұмыс орнына жiберiлген қызметкерлердiң тiзiмi, сондай-ақ олардың демалысының, жұмыстан босаған және уақытша жұмыста болмаған жағдайда ауысу тәртiбi;
ерекше жағдайда, жұмыс орнына жiберiлген қызметкерлердiң тiзiмi (жоспарлы және жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету, лицензияланған вирусқа қарсы бағдарламаларды қолдану, орнату және уақытылы жаңартып отыру және т.т.);
электронды тiркеу журналына арналған бағдарламалық қамтамасыз етудi тестен өткiзу, уақытылы тарату жаңа нұсқаларының енгiзiлуiне, сондай-ақ технологиялық нұсқаулықтарын жаңарту мен таралуына бақылау жасау тәртiбi;
техникалық құралдардың, сыртқы қосқыштардың, парольдердiң, кодалы сөздердiң немесе жұмыс орнына кiрудi қамтамасыз ететiн басқа да ақпаратты сақтау және пайдалану тәртiбi белгiленедi.
5. Қамтамасыз ету бағдарламасын пайдалана отырып жүзеге асырылатын күнделiктi тiзiлiмнiң жүргiзiлуi 2 данадан кем болмауы керек және оған айырбастау пунктiнiң кассирi қол қоюға тиiс. Тiзiлiмнiң бiреуi банктiң бiр күнгi құжаттарына тiгiледi, екiншiсi - айырбастау пунктiнде қалады. Тiзiлiмдердiң тiгiндiлерi осы Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен сақталады.
6. Айырбастау пунктiнде қалатын тiзiлiмдер айдың аяғында тiгiндiге
бiрге тiгiлуге тиiс, тiзiндiнiң барлық беттерiне номер қойылып, тiгiндiнiң
соңында осы Нұсқаулықтың 65-тармағының талаптарына сәйкес уәкiлеттi
банктiң тарапынан куәландыру жазбасы болуға тиiс.
7. Шоғырландырылған балансты қалыптастыруға арналған есеп құжаттары
күнделiктi негiзде электронды тiркеу журналын бағдарламалық қамтамасыз ету
болып табылатын модемдiк немесе басқа да байланыс арқылы бас банкке
берiледi.
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Багарова Ж.А.