Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы 2000 жылғы 9 қазан N 381. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 қараша N 1290 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 114 қаулысымен

Ескерту: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 қазандағы N 114 қаулысынан
Үзінді:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жаңа дизайндағы банкнота енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының қолма-қол ақшамен жұмысын реттеу бөлігінде жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      ...

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                           Қазақстан Республикасының
                                          Ұлттық Банкі Басқармасының
                                             2006 жылғы 27 қазандағы
                                                  N 114 қаулысына
                                                     қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      ...
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін белгілеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысының N 1 қосымшасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылға 09 қазандағы N 381 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1290 тіркелген.
      ...
____________________________________________

      Қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы"  Z952155_  Қазақстан Республикасы Президентінiң Заң күшi бар Жарлығы негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82  V990746_  қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыру бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастан күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82  V990746_  қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыруды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82  V990746_  қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыруды Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекенi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгiне жiберсiн; 
      3) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82  V990746_  қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына жiберсiн. 
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82  V990746_  қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыруды екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн. 
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн. 

    Ұлттық Банк

     Төрағасы

                                              Қазақстан Республикасының

                                               Ұлттық Банкі басқармасының 

                                               2000 жылғы 9 қазандағы 

                                               N 381 қаулысымен

                                               бекiтiлген

 
           Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 

 

        "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi

      банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге

     асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн

          белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N  82   V990746_            

              қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыру

     

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан 

Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк 

операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық 

қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 

сәуiрдегi N 82 қаулысының N 1 қосымшасының ескертуiндегi:

     1) "металл" деген сөз алынып тасталсын;

     2) мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:

     "Ұлттық Банктiң филиалы құны 1, 3 және 5 теңгелiк банкноттарды

қабылдағаны үшiн тарифтiк ақы алмайды."

     

     

     Ұлттық Банк

      Төрағасы

     

     

      Мамандар: 

            Омарбекова А.Т.

            Багарова Ж.А.

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады